Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет8/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Арктикалық шөл зонасы — жер шарындағы табиғи зоналардың ішіндегі солтүстікке ең таяу жатқаны. Мұздықтың молдығына қарай оны мұз зонасы деп жиі атайды және Бұл Арктиканың жоғарғы ендігіндегі құрлық кеңістігін қамтиды. Оны ұдайы немесе жылдың көбінде қар басып жатады; ал мұнда өсімдік пен жануарлар өте сирек кездеседі.
Арктикалық шөлдер зонасы — Гренландияның көпшілік бөлігін, Солтүстік Мұзды мұхит аралдарын және көп жылдық тоңды тау жыныстары бар материктік құрлықтың солтүстігін қамтыған арктикалық белдеу шегіндегі табиғи зона.[2]
Антарктикалық шөл зонасы - Антарктикадағы мұз шөлін және жаға маңы аудандары мен аралдардағы тасты шөлді қамтитын антарктика белдеуінің шегінде орналасқан қиыр оңтүстік табиғи зона.[1]
Антарктида (гр. ἀνταρκτικός — Арктикағакерісі) — Оңтүстік поляр аймағының орталығында орналасқан материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашқан. Антарктиданы түгелдей қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы - 1500 м шамасындай, ал ең қалыңы - 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу жерде ұшырасады.Бұл - Жер шарымыздағы 6 материктың бірі.Ол Қиыр оңтүстікте түгелдей мұз құрсанып жатыр.

22. Арктика және Антарктиданың географиялық таралуы, экологиялық ерекшеліктері.


Антарктика(гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны "Арктикос"- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.
Арктика (гр. ἄρκτος – солтүстік) — Еуразияжәне Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды мұхиттыаралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Төмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфаундленд аумақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдарыбөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.

23. Арктикалық шөл далалардың фитоценозы, олардың флористикалық құрамының аздығы. Дымқыл экваторлы ормандардың аймағы.


24. Евразия және Солтүстік Американың тундралары. Географиялық тараулары, экологиялық ерекшеліктері. Дымқыл экваторлы ормандардың аймағы.

25. Африканың экваторлы ормандардың өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Дымқыл экваторлы ормандардың аймағы.


26. Оңтүстік Американың экваторлы ормандардың өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Дымқыл экваторлы ормандардың аймағы.

27. Австралияның экваторлы ормандардың өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Дымқыл экваторлы ормандардың аймағы.


28. Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі.


Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұртжәне т.б. түрлері кездеседі. Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлеріөседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді.
Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтыңкей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. 
29. Орманды далалар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасыБатыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстанаумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады.
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақтұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. 
Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатркездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландаркездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды.
ы. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны бола

30. Дала. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет