Қырғызстанда 2005 жылы көктемде болған саяси оқиға.
Көтеріліс себебі
Қызғалдақ төңкерісінің болуына жақында Грузия мен Украинада болған төңкерістер әсер еткен. Қызғалдақ төңкерісі — Қырғызстан халқының ахуалы нашарлауы, экономикалық және саяси тұрақтығы болмауы, халықтың көп бөлігінің кедей болып кету себебінен болды.
барысы
Қызғалдақ төңкерісі Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін басталды. Халық өткен сайлаудың нәтижелеріне наразы болды, өйткені үкімет әкімшілік ресурсын қолданып, сайлаудың әділетсіз нәтижелерін жарияланып, парламентке үкіметке қарсы күштер өкілдерін жібермей, өз жақтаушыларын жіберді. Сөйтіп, сайлаушыларын алдады.
Төңкеріс Қырғызстанның оңтүстігінде наурыз айында басталған. Наурыздың 19-ында төңкеріс Жалалабат облысында басталып, келесі күн Ошта жалғасты.Наурыз мейрамынан кейін, төңкерісшілер Ош пен Жалалабат облыстарында билігін өзіне қаратты. Наурыздың 24-інде төңкеріс Қырғызстанның астанасы — Бішкек қаласында жалғасты. Нәтижесінде, наразы болған халық Ақ үйді басып алып, үкіметті құлатты. Ақаев мемлекеттен қашып, президенттік биліктен бас тартты. Наурыздың 24-інің кешкі уақыттан келесі күннің таңына дейін қалада тәртіпсіздік тоқтамады. Көптеген дүкендер, мейрамханалар өрттенді, қалада тонау басталды. Келесі күнде де тәртіпсіздік басылмады.
Президенттің міндеттерін уақытша Ишенбай Қыдырбеков атқарды, үкімет басшысы Құрманбек Бәкиев боп тағайындалды. Абақтыдан оппозицияның жетекшісі Феликс Құлов босатылып, қолына барлық қарулы күштерді, тәртіп орнату күштерін, милицияны және қауіпсіздік органдарын алды. Қалада тәртіпті орнатты. Бір күннен кейін, Қыдырбеков орнынан кетіп, мемлекеттің жоғарғы билігі Құрманбек Бәкиевтың қолына түсті. Құлов ішкі істер министрі болып тағайындалды. Жаңа министрлердің кабинеті үкіметін құрды. Сөйтіп, қызғалдақ төңкерісі аяқтады. Төңкерісті жетекшілері Қырғызстанның Халық Қозғалысы, «Ар-Намыс» партиясы, «Атамекен» партиясы, жастардың «Кел-Кел» қозғалысы еді.