І-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» «Күріш бүлігі» - 1918жылы тамыз, қыркүйекте Жапонияның 3\2 қамтыған, күріштің бағасының күрт өсуі мен қымбатшылығына наразы халық көтерілісі.
1920-1921 жылдары Жапонияда да АҚШ-тағы сияқты экономикалық дағдарыс болды.
1923 жылы Жапония халқы өте тығыз орналасқан аумағында алапат жер сілкінісі болды. Ел астанасы Токио түгелдей қирап, 150 мың адам қаза тапты.
Дзайбацу - өнеркәсіп пен саудадағы монополистік компаниялары.
І-джс аяғында Жапония Ресейлік Приморье, Шығыс Сібір, солтүстік Сахалинді басып алу үшін кең көлемді басқыншылық соғыстарын бастайды.
Қызыл әскер жапондық басқыншыларды 1922 жылы Сібір мен Қиыр Шығысжерлерінен қуып шығарды.
Сахалиннің солтүстік бөлігін жапондар тек Жапония мен КСРО арасында дипломатиялық байланыс орнатылған соң, 1925 жылы ғана босатты.
1927 жылы Жапонияда билік басына генерал ТАНАКА кабинеті, яғни сыртқы басқыншылық пен ішкі реакциялық саясатты ұстанған өкімет келді.
1931 жылдың қыркүйегінде Жапония Қытайға басқыншылық саясатқа көшеді.
1931 жылы Квантун әскері қысқа мерзімде Маньчжурияны басып алды және сол жерде іс жүзінде Жапонияның отары ретіндегі император Пу И билігіндегі «тәуелсіз»
«МАНЬЧЖОУ-ГО» мемлекетін құрды.
1932 жылы Жэхэ провинциясы басып алынып, Ұлы Қытай қабырғасына жол ашылады.
Бұл жағдай АҚШ-пен және Еуропа елдерімен арадағы байланыстарды нашарлатып, ұлттық наразылықтардың өршуіне әкеледі.
1933 жылы Ұлттар Лигасы тарапынан айыптауларға ұшырап, Жапония бұл ұйымнан шығып кетті.
1936 жылы күзде Германия, Италия, Жапония «АНТИКОМИНТЕРНДІК ПАКТІГЕ» (одақ) бірікті.
1937 жылы наурызда князь КАНОЭ басшылығындағы үкімет құрылды.
Каноэ - Жапонияны тоталитарлық мемлекетке айналдыру мақсатын қолдайтын Сэйюкайпартиясына сүйенді.
Каноэ үкіметі «Шығыс Азиядағы жаңа тәртіп» концепциясын ұсынды: Жапония өзін «жаңа Шығыс мәдениетін» құру мақсатын көздеген «Батыс отаршылдығынан туысқан халықтарды азат етуші» ретінде көрсетті. (оны АҚШ, Англия, Франция, Голландия айыптады)
ІІ-жапон-қытай соғысы (1937-1945 жж.)
1939 жылы Каноэ кабинеті жанынан кұрылған бір топ ғалымдар «шығыс азиялық қауымдастық» теориясын жасады. Оның мәнісі - Шығыс Азияның халықтарының мәдени және туыстық бірлігі негізінде Жапонияның бастамасымен паназиаттық ұлтаралық қауымдастық құру болды.
1938жылы жазда жапон әскерлері Владивосток маңындағы Хасан көлі ауданында кеңестік аумақтарға басып кіру әрекеті. (сәтсіз)
1939 жылы жапон әскерлері МХР аумағына басып кірді.
КСРО-ның МХР-мен 1936 жылдан бері өзара көмек көрсету туралы келісімі бар болатын. Кеңестік және моңғол әскерлері Халхин-Гол өзені маңында жапон әскерлеріне ауыр соққы беріп, КСРО-ға қарсы Жапонияның соғысқа әзір еместігін дәлелдеді.
1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония Германия және Италиямен «ҮШТІК ПАКТ» деп аталатын әскери одак туралы келісімге қол қойды.
Мақсаты:КСРО, АҚШ, Ұлыбританияға қарсы күресу.
Жапония (1941 ж. сәуірде) көктемде КСРО-мен бейтараптық туралы келісімге қол қояды, бірақ кеңестік Қиыр Шығысқа басып кіруге дайындығын жалғастыра береді.
1941 жылы күзде жапон үкіметінің басшылығына генерал ТОДЗЕ келеді.
АҚШ-қа қарсы шабуыл жасауға дайындық басталады.
1941 ж. 7 желтоқсанда Жапония кенет Гавай аралдарындағы АҚШ-тың Перл-Харбордағы әскери-теңіз базасына шабуыл жасайды.
Жаңа Гвинеяның бір бөлігін, Филиппин, Тынық мұхит аралдарын басып алып, Жапония 1942 жылға қарай жалпы 3,8 млн шаршы км аумақты бағындырды (бұрын басып алған Қытай мен Корея жерін есептемегенде).
1944 жылы жапондықтар Филиппиннен айырылған соң, АҚШ авиациясы Тайваньды, Окинаваны және Жапонияның өзін әуеден шабуылдайды.
АҚШ күштері 1945 жылы 6 және 9 тамызда Хиросима менНагасаки қалаларын атом бомбасымен қиратса да, Жапония соғысудан бас тартпайды.
1945 жылы 2 кыркүйекте америкалық «Миссури» кемесінің бортында капитуляция туралы құжатқа қол қойылады. Осымен ІІ-джс аяқталады.