Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді



Дата08.12.2023
өлшемі18,19 Kb.
#135185
Байланысты:
Абзалбек Қарақат ССФ 23-01



Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді. Қай кезеңде болмасын тілдің қадір-қасиетін жоғалтпай, әрбір сөзді өз мақсатында қолданып сөйлей білу, тіл тазалаған сақтай отырып, жауапкершілікпен қарау – адамзаттың парызы.«Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің қатарынан саналады».Тіл – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазына. Тіл мүмкіндігі Қазақстанның егемендік алуымен бірге дербес ұлттық тіл ретінде қоғамның барлық саласында қанатын жайып, қолданыла бастады. Қазақ тілі – тек қарым-қатынас тілі емес, бүгінде халықаралық деңгейде іскерлік бағытта біршама мүмкіндіктерге ие болды.Тіл мәдениетінің сапалық жүйесін қалыптастыруда ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздық зерттеулер жүргізіп, осы салада ғылыми тұрғыда өз үлестерін қосты. Жалпы тілші ғалымдар әдеби тіл нормасына қайшы келетін сөздерді, сөз тіркестерін қайталап, ретсіз қолдануға қарсы.Тіл мәдениетінің тілді тұтынушылардың деңгейіне де қатысты болатынын А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: «Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы».Сөзді ретімен дұрыс қолдануды А.Байтұрсынов сөйлеуші адамның танымына, білімі мен өмірде жинақтаған тәжірибесімен байланыстырады: «Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіп пен қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады».Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. …Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді» Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:




  • Мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;




  • Ойды теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;



  • Қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;



  • Сөйлеуші ұстанымы

  • Сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;

Пікірталас – қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол – сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты – екі тараптың ортақ шешім табуы.Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.Тіл тазалығы – әр сөздің қолданылу аясын, бояуын, басқа сөздермен тіркесуін, мағыналық қызметін ескеру. Тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтау негізі ретінде қазақ халқының сөйлеу әдебіне байланысты мақал-мәтелдердің де орны ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет