Жасуша мембранасындағы беттік заряд Жасуша мембранасының бетіндегі заряд фосфолипидтердің полярлы бастары, гликопротеидтер және гликолипидтер арқылы жасалады. Осы заттардың есебінен биомебрананың ішкі беті теріс зарядталған. Сонымен қатар жасушадан оң зарядталған иондардың ағуы жасуша мембранасының ішкі бетін сыртқы бетімен салыстырғанда теріс зарядтауға әкеледі. Плазмолемманың беттік заряды жасушааралық өзара әрекеттесуде маңызды рөл атқарады. Бұл мембранадағы құрылымдардың тұрақтылығына, жасушааралық ортадағы иондардың байланысына ықпал етеді. Мембранаға жақын жатқан қабаттардың иондық құрамы плазмолемманың бетіндегі зарядқа байланысты. Бұл жасушаның ішіндегі көптеген алмасу процестеріне әсер етеді. Биомембранда зарядталған топтардың болуы диффузиялық электрлік қос қабаттың пайда болуына әкеледі. Осы қабаттағы жасуша бетінің теріс заряды жасушааралық ортада оң иондардың болуы есебінен сол ортадағы оң зарядпен теңеседі.
Электрлік қос қабаттың бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасы (айырмашылығы) электрокинетикалық потенциал немесе дзета потенциал деп аталады. Басқаша айтқанда, электрлік қос қабаттың қозғалмайтын және қозғалмалы бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасы электрокинетикалық потенциал немесе дзета потенциал деп аталады (Дзета потенциал – бұл бөлшектердің бетіндегі иондардың шоғырланған қабаты мен бөлшектерді қоршаған ортадағы иондар қабаты арасындағы бөлшектердің қозғалысы кезінде пайда болатын электрлік потенциал). Қос электрлік қабаты мен дзета потенциалының қалыңдығы электролиттің табиғаты мен иондардың концентрациясына байланысты (жасушааралық ортадағы). Әр түрлі жасушаларда өлшенетін дзета потенциалы -10-тен -30 мВ аралығында өзгереді. Оның шамасы биомембрананың бетінен қашықтықтың ұлғаюымен экспоненциалды (exp) заңына сәйкес төмендейді. Дзета потенциалы жасушааралық кеңістіктің өлшеміне айтарлықтай әсер етеді және олардың тартылыс күштеріне қарсы тұрады.
Биомембрананың (БМ) липидті бөлігі диэлектриктің қасиеттеріне ие. Биологиялық мембранада зарядталған топтардың болуына байланысты ол айқын электрострикциямен сипатталады, яғни трансмембраналық потенциалдар айырмасы жоғарылаған сайын биомембрана кішірейеді (сығылады). Бұл мембрананың гидрофобты аймағының жіңішкеруіне және сәйкесінше мембрана сыйымдылығының артуына әкеледі. Дзета потенциалының артуы жасуша бетінің ұлғаюымен бірге жүреді.