зат есімдердің қосымшалары арқылы: достықта, егесте, нарық заманында.
Лексикалық тәсілдер арқылы: -сын есімдерден: өзара, бірлесіп, ортақтасып;
-етістіктерден: достасу, саудаласу, сізбен әңгімелесу;
-фразеологиялық тіркестерден: бірге -бір, көзбе-көз, ауызба-ауыз.
-лексика-грамматикалық тәсілдер -өздік, ортақ етіс жұрнақтары
Алайда етістің өзіндік ерекшелігіндегі мәнмәтінде айқын көрінеді. Мысалы, біреумен достасу, көршімен достасу т.б.
Ортақ етістің өзіне тән мағынасы өздік етістермен қатар айтылатын түрлері бар. Бұл оның семантикалық ерекшелігіне байланысты оны басқа микроөрістерге бөліп қарастырылады. Мысалы, біз осы кітап туралы пікір алыстық. Достар бүгін ренжісіп қалды, ертеңінде татуласты. Бұл сөйлемдерде ортақ етіс анық көрініп тұр. Мысалы, Біздің мемлекетімізбен достық қарым-қатынас ұзақ уақыттан бері сақталып келеді.
Осыған орай қазақ тіліндегі етіс категориясының түрлерін актив және пассив констуркциялары деп 2-ге бөлінеді. Актив және пассив констуркциялар көбінесе өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір) және -ғыз/гіз, қыз/кіз, ырықсыз етіс -ыл (-іл, л) тұлғалары арқылы жасалынады.
Активтілік( ақиқаттылық) – ісәрекеттің субъект арқылы жасалынғаны, іс –әрекетті орындаушы синтаксистік тұрғыдан алғанды баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, ол жуынды, таранды, олар бір – бірімен ұзақ көрісті, кеш бойы сырласты т.б.
Пассивтілік ( ырықсыз етіс) – сөз сөйлеу қызметінде субъект басты қызметінінен ығыстырылып, объект оның орынына қойылып айтылады. Мысалы, ақша келесі жылдың есебінен аударылады, компьютерлік бағдарламалар тапсырыс берушінің тапсырмасымен қойылады, метрода есіктер автоматты түрде ашылады, баяндама оқылды, хабар таратылды, сөгіс жарияланды т. б.
Айтушының көзқарасына байланысты етіс категорияларының әр түрлі констуркциялары бір-бірінен өзгешелігі бар; активті констуркциялар айтушының шындыққа нақты қатынасы бар екенімен, сондай-ақ болып жатқан оқиға мен ісәрекеттің динамикасы арқылы талдауларға қатысты болады.
Актив констуркцияларға қарағанда, пас сив констуркциялардың өзіне тән ерекшелігі бар, пассивті констуркциялар айтушының интерпретациясымен оқиғаға қатысты статикалық қал-жағдайын баяндау тұрғысынан айтылады. Мысалы, Осы жылы ғалым Тим Динсдэйл ВВС тобымен бірге көл астында алты айлық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ол өкінішке қарай, қолға ілігерлік ештеңе таппады. Тек су астында алып құбыжықтың өмір сүргенін дәлелдеп берді. Мұның өзі үлкен оқиға еді. Осы туындылары үшін әлемнің әртүрлі ұйымдарынан үлкен марапат алды.
Өздік етіс өрістері. Бұл өрістерге іс-әрекеттердің семантикасының түрлілігінен көрінеді. Субъектінің іс-әрекеттері субъектінің өзінің орындағаны баяндалады. Субъекті қандай жағдайда болмасын іс-әрекеттерін орындауға қатысып отырады. Бала жуынып отыр, бала жуынуда. Өздік етістің өрістерінің өзіне тән семантикасы бар. Субъект обьектімен жақындасып тұрады. Олардың бастыларын атап кетейік. Өздік етіс өрістерде жеке мағыналардың қатарынан айқындалады. Олардың негізгілеріне мыналар жатқызылады.
Жеке өздік етістер – іс-әрекеттің субъектісі өзінің қайтып оралып отырады. Субъект объекті ретінде алынады. Бала киініп жатыр, киініп жатыр
Объектісі белгісіз мағыналары бар етістер іс-әрекет тек субъектінің жеке жалпы хал-жағдайына, жай-күйіне ғана тән болып келеді. Барлығы көктем шыққанына қуанып жүр. Ол үйге асығуда.
Іс-әрекет пен қалыпты жағдай субъектіге тән болып келеді. Субъектінің өзіне тән қасиеті аталынып отырылады. Мысалы, ит тістейді, бал жабысады, ит үреді, бала жылайды, қой маңырайды.
Жалпы ортақ іс-әрекеттердің жасалынуы. Бұл жерде іс-әрекет бірнеше субъект арқылы жасалынады. Олар кездесті, құшақтасты, бірлесті.
Жанама – өздік мағынасы бар шыдамдылыққа үйрен, үйді жина,
Ортақ – өздік мағыналары бар іс-әрекет екі субъектіге ортақ болып келеді және бір – біріне бағытталған мысалы, олар ақылдасуда, олар достасты.
Қорыта келгенде, етіс категориясы функционалды тұрғыдан әлі толық зерттелінген жоқ. Демек, етісті функционалды-семантикалық тұрғыдан қарастырғанда, субъектінің бары мен жоғы маңызды роль атқарады. Субъектіден іс -рекет нақты айқындалса, объектінің қатысуы арқы лы оның басқа да семнтикалық өрістері жасалынады. Етістің барлық категориялары функционалды грамматиканың кез келген ұғымдары мен категорияларын анықтауда функционалды-семантикалық өрісте белсенді қызмет атқарады. Етіс категориясы кешенді функционалды грамматиканың ұғымдары мен категорияларының қызметін атқаратындықтан өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Алайда етіс категориясын функционалды-семантикалық тұрғыдан зерттеу әлі де жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Әдебиеттер: Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 448 б. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б. Аманжолов.С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б. Бондарко А.В. Проблемы функциональной грамматики. Полевые структуры. – СПб., Наука, 2005. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы, ЖШС «Ануар-KZ», 2010. – 720 б. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 178 б.