Әлемнің танымдылығы жөнінде: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм



бет4/4
Дата17.10.2022
өлшемі1,33 Mb.
#43561
1   2   3   4
Байланысты:
Әлемнің танымдылығы жөнінде

Скептицизм мен оптимизм

  • Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз

Скептицизм мен оптимизм

  • Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді.

“Агностицизм” дегеніміз не ?

  • Агностицизм- (көне грекше: ἄγνωστος — беймәлім, танылмаған) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім. Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B4%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D0%B5%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96
  • https://melimde.com/filosofiyali-tanimni-trleri-jene-olardi-erekshelikteri-orindaf.html
  • https://stud.kz/referat/show/69190

Назарларыңызға рахмет !!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет