түсіргісі келеді — деді олар. Бірақ басқа
мейірбан азаматтар бұл ұйғарыммен
келіспеді. «Қам жемеңдер, Құдай ісі алға
басады, Ол бізбен бірге» — деді Лютер.
Осыдан соң курфюрст өз нөкерлерімен
Аугсбургке аттанды. Жол жөнекей төніп
тұрған қауіп бәріне де белгілі болатын,
бірақ оларды Кобургке дейін шығарып
салған Лютер «Құдай біздің қамалымыз» —
деп аталатын әнді орындау арқылы
барлығының көңілдерін жадыратты.
Ханзадалар сеймге бел буынып тұрып
дайындалды. Олар әуелі өз көзқарастарын
қағаз бетіне мазмұндап, сонан соң
ж а з ғ а н д а р ы н
К и е л і
К і т а п т а ғ ы
дәлелдемелермен бекітті. Бұл құжатты
дайындау Лютерге, Меланхтонға және
олардың көмекшілеріне тапсырылды. Со-
нымен
қатар
барлығы
бірігіп
бұл
құжаттың соңына қол қоймақ болды.
Меланхтон: «Қол қоюды шіркеу басшыла-
ры мен дін уағыздаушыларға берейік, ал
олардан жоғары тұрғандардың абыройла-
рын басқа жолдары пайдаланармыз» —
деген ұсыныс айтты. Олай тыйым салудан
Құдай бізді сақтасын!- деп дауыстап
жіберді Иоганн Саксонскиий. Мен әділдік
жолында еңбектенемін және орнымнан
айрылып қаламын деп қам жемеймін.
Құдайдың есімін бар халықтың алдында
ашық уағыздауға дайынмын. Мен үшін
Мәсіхтың айқыш ағашы курфюрсттың
тәжінен артық. Осылай деп айтып, ол
бірінші болып өз қолын қойды. Сонан соң
басқалары да Құдай үшін не болса соған
дайын екендерін айтып, өз қолдарын
қойды. Бұл азаматтардың Жаратқан
Аллаға деген сенімдері осындай болатын.
Императордың алдына келетін уақыт
тақады. Курфюрсттер мен ханзадалардың
алдында Карл V келіп тағына отырды.
Сөйтіп қарсыласу (протестант) реформа-
торларын қарсы алды. Олардың сенім
рәміздерінің тармақтары оқылып шықты.
Жиын осылай ашылып, онда Ізгі хабардың
ақиқаттары мазмұндалып, сонымен қоса
папаның адасушылықтарына меңзелді.
Бұл күн текке реформация тарихындағы
ұлы күндердің бірі болып аталмаған. Осы-
дан аз жыл ғана бұрын Вормстегі ұлттық
кеңестің алдында виттенбергтік монах
жалғыз тұрған болатын, енді мінекей,
оның орнында империяның ең белгілі хан-
задалары тұрды. Лютерге Аугсбургке
келуге тыйым салынды, бірақ ол өзі сол
арада тұрмағанымен, өзінің тілегімен,
сөзімен айтулы жерде ізбасарларымен
бірге болды.
«Соншалықты көрнекті жиынның алдын-
да Мәсіхтың есімін атақты адамдар
дәріптегенге мен іштей қатты қуанамын»
—
деп
жазды
Лютер.
Осылайша:
«Патшалардың алдында Сенің хатыңды
оқимын» (Забур жыры 118:46) — деп,
Киелі Кітапта жазылған аян орындалды.
Ақиқат үшін зынданда отырған елші
Пауылдың заманында шындық осылай
уағыздалған
болатын.
Тарих
қайра
қайталанды. Император Ізгі хабарды
мінбеден уағыздауға тыйым салған кезде,
ол туралы патша сарайларында айтыла-
тын болды. Атақтылар түгіл жалшыларға
да
тыңдауға
келмейді
деген
Сөзді
империяның
ығай
мен
сығайлары
тыңдады, ал белгілі ханзадалар бұл Сөзді
уағыздаушы
қызметкерлерге
айналды.
Бұрын-соңды елшілердің замандарынан
бері мұндай ұлы іс атқарылып көрген емес
еді.
Л ю т ер анд ард ы ң
айт қ анд ары ны ң
барлығы шындық, біз оны өтірік деп айта
а л м а й м ы з
—
д е д і
п а п а н ы ң
епископтарының бірі. Тағы бірі доктор
Эккенге
былай
деп
сұрақ
қойды:
«Алдыңызға
келіп
ақтарылып
тұрған
ханзадаға негізге сүйене отырып тойтарыс
бере аласыз ба?» «Пайғамбарлар мен
елшілердің жазуларына жүгінетін болсақ
олай істей алмаймын, ал егер шіркеу
ә к е ле р і ні ң
і лі мі
м е н
с о бо р д ы ң
қаулыларына сүйенетін болсақ әрине той-
тарыс бере аламын» — деп жауап берді ол.
Сонда сіздің сөзіңізге қарағанда лютеран-
дар Құдай Сөзін негізге алады да, біз ал-
майтын болып шықтық қой — деп,
тұжырымдады әлгі адам.
93
Германия ханзадаларының тағы да
біразы реформация ілімін қабыл алды.
Тіпті императордың өзі де бұл ілімді
мойындады. Көптеген тілдерге аударылған
айтулы сенім рәміздері барлық Еуропаға
таралып,
миллиондаған
халық
оны
өздерінің
діндерінің
қазығы
ретінде
қабылдады.
Осынау зұлымдықтың күштері қоршап
тұрған аласапыран заманда Құдайдың
адал қызметкерлері жалғыз шайқасқан
жоқ.
Олар
өз
көздерімен
ештеңені
көрмегенімен, Алла Өз күшімен оларды
қолдап тұрды.
Ал-Ясаның қызметкері қаптаған жауды
көріп қатты қорықты. Сонда пайғамбар:
«О Құдайым! Мынаның көзін аша гөр» —
деп тіледі. Сол сәтте қызметкердің көзі
ашылып, ол Құдайдың құлын қорғауға
көктен келген жалындаған атты әскерді
көрді (4 Пат.6:17). Дәл сол ежелгі
кездегідей періштелер реформаторларды
неше түрлі қауіп-қатерлерден қорғап
отырған.
Ханзадалар қауіпсіздік үшін қорғанушы
одақ құрмақшы болды. Реформацияны
қорғау үшін қолға қару алудың қажеті жоқ
— деп Лютер, бұларына қарсы болды.
Біздің атқарып жатқанымыз Құдайдың ісі,
сондықтанда шайқаста жеңімпаз атану
үшін Оның сөзімен қарулануымыз керек,
ал шын ниетпен тілек тілеуді басты
еңбегімізге айналдыруымыз қажет — деді
ол. Құдай сөзін уағыздауды қантөгіске
айналдыруға
болмайды.
Курфюрстке
жолдаған хатында ол: «Қолыңызды қанға
боямаңыз.
Біз
шынайы
тілекпен
жауларымызға құлдырата соққы береміз»
— деген болатын. Шынында да реформа-
ция
қозғалысымен
бар
әлемді
дүр
сілкіндірген дұғаның күші еді.
Лютердің өзі күніне үш сағат уақытын
дұғаға арнаған. Құдаймен шынайы қарым
-қатынастан кейін ғана оның жаны жай
табатын еді.
Меланхтонға
жазған
хатында
ол:
«Жайдан жай абыржып күйзеле берме. Он-
дай жаман әдетті қой. Әйтпесе «Мен сенің
қорғаныңмын, тыныш жатып ұйықта» —
деген Жаратушының сөзіне сенбегеніміз
ғой. Мәсіх Өз ісін соңына дейін жеткізеді.
Құдай бар және Ол жеңімпаз, ендеше бізге
қорқатын ештеңе жоқ» — деп, досын
жұбатқан болатын.
Шынымен де Алла, олардың тілектерін
жауапсыз қалдырған жоқ. Түнекке қарсы
шайқаста ақиқатты қорғауға империяның
ең белгілі ханзадалары шықты. Себебі
Киелі Жазбада: «Міне, Мен, аса құнды Тас-
ты таңдап алып, Оны Сиондағы киелі
үйдің бұрышының Іргетасы ретінде орна-
тып қойдым. Енді Оған сенім артқан
ешкім ұятқа қалмайтын болады!» —
делінген (1 Петір 2:6). Протестант ханзада-
лары өз істерін осы Тастың үстіне қалады,
сондықтанда дозақ оты оларды ала алма-
ды.
94
12
Франциядағы реформация
Шпейердегі өткен қарсыласудан кейін
және
Германиядағы
реформацияны
жеңіске жеткізген Аугсбургтегі оқиғадан
кейін, ақиқат үшін болып жатқан қатыгез
шайқас
әрі
қарай
жалғаса
берді.
Реформацияның санаулы ғана күндері
қалғандай болып көрінді. Қаншама халық
шындық жолында қанын төкті. Азаматтық
с о ғ ы с
б а с т а л д ы .
Р е ф о р м а ц и я
қолбасшыларының бірі сатқындық жасап,
атақты протестант — ханзадалар қамауға
алынып, тұтқын ретінде қаладан қалаға
аттандырылып
отырды.
Жеңістің
ең
жоғарғы шыңына жеттім деген импера-
тор,
керісінше
жеңіліске
ұшырады.
Жемітін қолында ұстап тұра алмайтынын
сезген ол, реформация іліміне қойған
тыйымдарды алып тастауға мәжбүр бол-
ды.
Реформациямен
шайқасам
деп
жүргенде,
империяны
қайыршылыққа
ұшыратып, қазына сарайлары бос қалып,
әскері
талқандалды.
Құдайға
қарсы
шайқасқа түсем деп жүргенде, азып-тозып
империядан бас тартып ақыры қайыршы
монахқа айналып, өмірі монастырда та-
мамдалды.
Ш в е й ц а р и я н ы ң
б а с ы н а
д а
Германиядағы сияқты қайғылы күндер
туды. Реформация ілімін қабыл алғандар
көбейгенімен Римге сенушілер де аз болған
жоқ. Мұндай шайқастың соңы азаматтық
соғысқа әкеліп тіреді. Цвингли және оның
көптеген
достары
Каппель
түбіндегі
шайқаста қаза тапты. Болып жатқан
сұмдықтан қайғыға ұшыраған Эколампа-
диус көп ұзамай қайтыс болды. Рим
жеңісін салтанатты түрде тойлап жатты.
Бірақ Шексіз Алла Өз халқын, Өз ісін
ұмытқан
жоқ.
Осы
уақытқа
дейін
Лютердің атын да естімеген Францияда
реформация шырағы жанды. Париж
университетінің профессоры Лефевр деген
үлкен адам папаның ілімінің шынайы
жақтаушысы болатын. Ежелгі әдебиетті
зерттеумен айналысып жүрген профессор,
күндердің күнінде Киелі Кітапқа көзі
түсіп, оны студенттерге пән ретінде
жүргізе бастады. Әулиелер жайлы көп
білетін Лефевр шіркеудің аңыздарына
сүйене отырып, киелілер мен азаптанушы-
лар жайлы кітап жазып шығармақшы
болған. Бұл еңбегі орталанып қалған кезде,
көмегі тиер деген ниетпен ол Киелі
Кітапты ашып зерттей бастады. Бұл
кітаптан ол шынымен де тақуалар жайлы
о қ ы п
б і л д і ,
б і р а қ
о л а р
Р и м
күнтізбесіндегілер емес, мүлдем басқа
жандар болып шықты. Сөйтіп ол өз
еңбегінен бас тартып, бар уақытын Киелі
Кітапты зерттеуге арнады. Біраз уақыттан
соң профессор Киелі Кітапты студенттер
арасында жалынды түрде уағыздай баста-
ды.
1512 жылы Лютер мен Цвинглидің
еңбектері шықпас бұрын Лефевр былай
деп жазған болатын: «Құдай бізді иман
арқылы ақтайды, Оның мейірімі арқылы
берілген әділеттілік қана бізді мәңгілікке
жеткізеді». Ол ақиқатты зерттей отырып
ақталудың құпиясына таң қалады. Күнәсіз
сотқа тартылады, күнәкар ақталады, бата-
лы қарғысқа ұшырайды, ал керісінше
қарғыс иесі бата алады. Өмір өледі, өлген
тіріледі. Даңқ түнекте қалады, ал ұятсыз
даңққа ие болады. Бұл не қылған ғажап?
Не қылған құпия?
Даңқ Құдайға ғана тән, бірақ Оған
бағыну адамға тән — деп уағыздады про-
фессор. Егер сен Мәсіхтың шіркеуінің
мүшесі болсаң, онда сен Оның денесінің
бір бөлігісің. Ал егер сен Оның денесінің
бір бөлігі болсаң, онда сенің бойыңнан
Оның табиғатының сұлулығы көрінеді.
Осыны адам баласы ұға білсе, өмірі
соғұрлым мәнді болып, көзге көрінбейтін
ішкі дүниенің сұлулығымен салыстырғанда
түкке тұрмайтын дүниенің атағынан бас
тартатын еді — деп жазды Лефевр.
95
Ұстаздарының үні мәңгілікке өшкенше
оны мұқият тыңдап, одан тәлім алған сту-
денттер саны өте көп болды және олар
бірнеше жылдар бойы естігендерін жұртқа
өнеге қылып айтып жүрді. Солардың
ішінде Вильям Фарель атты студент
болған. Ұлағатты ұядан шыққан бұл сту-
дент католиктер ілімін жақтап және елші
Пауылмен бірге «Менің парызшыл ретінде
д і н і м і з д і ң
е ң
қ а т а л
б а ғ ы т ы н
ұстанатындардың қатарына жатқанымды
біледі» — деген болар еді (Елшілердің істері
26:5).
Сондай-ақ
ол
папаға
қарсы
шыққандарды жек көрді. Өмірінің осы
бөлігін еске ала отыра ол: «папаға қарсы
шыққан
біреу
болса,
соларға
аш
қасқырдай тісімді қайрап тұратынмын» —
дейді. Шынайы католик ретінде ол, Ле-
феврмен
бірге
Париждың
күллі
шіркеулеріне барып, меһрап алдында дұға
оқып, барлық «киелі мазарларға» сыйын
әкелетін.
Ол
шіркеудің
барлық
дәстүрлерін мұқият түрде орындап жүрді.
Бірақ
мұнысының
бәрі
оған
жан
тыныштығын бере алмады. Бір күні ол
«Құтқарылу
мейірімділіктің
нәтижесі.
Күнәсіз жауапқа тартылды да, қылмыскер
ақталды. Тек айқыш ағаш қана аспанның
қақпасын ашып, дозақтың қақпасын жа-
бады» — деп, көктен шыққан үндей
болған, реформатордың дауысын естіді.
Фарель бұл хабарды қуанышпен қарсы ал-
ды. Сонан соң ол, кезіндегі Пауыл секілді,
неше түрлі қажетсіз салт-дәстүрлердің
барлығын тастап, Құдайдың балаларының
бостандығына ие болды. Қанға тоймайтын
қасқырдың жүрегінің орнына, оған момын
қозының жүрегі берілді, сонда ол пападан
теріс айналып, Иса Мәсіхтың соңынан
ерді. Егер Лефевр рухани тәлімді студен-
ттер арасына таратса, Фарель, әуелде,
күллі
ынтасымен
папаға
қызмет
еткеніндей, ендігі жерде бар ниетімен,
ашық түрде ақиқатты халық арасына та-
ратты. Оған католик шіркеуіндегі беделі
өте жоғары тұрған иерархтарының бірі,
Мо қаласының епископы қосылды. Оларға
үлкен құрметке ие болып жүрген басқада
мұғалімдер ілесті. Осылайша Ізгі хабар
барлық жерлерге тарай бастады. Сол кезде
мемлекет басында тұрған Франциск I —
апасы да реформация ілімін қабыл алды.
Патша мен патшайым да бұл ілімге жақсы
қарады. Реформаторлар болса, барлық
Франция Ізгі хабарды қабыл алады деп
үміттенді. Ал шын мәнінде жағдай
олардың ойлағандарындай емес, керісінше
болатын. Бұл жалынды қызметкерлерді
қуғын-сүргін күтіп тұрды. Бірақ Исаның
мейірімінің арқасында, болатын оқиға
оларға ашылмады. Алда тосып тұрған
қиындықтарды жеңуге күш жинау үшін,
бұларға осы тыныш мезгіл өте қажет еді.
Реформация ілімін уағыздаушылар табы-
сты еңбектенді. Мо қаласының епископы
өз жерінде халық ағарту ісімен айналы-
сты. Кесірлі және надан дін қызметкерлері
білікті және иманды қызметкерлермен ал-
мастырылды. Епископ әр адамның Киелі
Кітапқа ие болғанын жөн көрді. Оның
тілегіне қарай Лефевр Жаңа Өсиетті ауда-
ра бастады. Виттенбергте Лютердің Киелі
Кітабы неміс тілінде пайда болған кезде
Мо қаласында француз тілінде Жаңа
Өсиет
шықты.
Бұл
үшін
епископ
қаражатын да, уақытын да аяған жоқ.
Көп
ұзамай
оның
маңайындағы
шаруалардың барлығы Жаңа Өсиетті
иемденді. Шөл далада жүріп суды аңсаған
жолаушыдай, ақиқатты аңсаған халық
оны қуана-қуана қабыл алды. Қай жерлер-
де
жүрмесін
Киелі
Кітап
олардың
әңгімесіне айналды. Егінжайда жүрсе де,
шеберханада
болса
да
олар
Киелі
Жазбаның баға жетпес ақиқаттары тура-
лы айтып жүрді. Жұрт арақ шараптарын
тастап, кешкілікте бірігіп Киелі Кітапты
оқып талқылап, дұға айтып, Алланың
есімін мадақтауды әдетке айналдырды.
Біраз уақыттан соң олардың арасында
өзгерістер пайда болды. Бір кездердегі
қараңғы, тоқшар жандар Құдайдың
өсиетінің арқасында енді өзгелер үлгі ала-
тындай өнегелі жандарға айналды. Мо
қаласында жанған шырақ кеңейе түсті,
сөйтіп ақиқат жалғасын тауып әрі қарай
тарай берді және оны қабылдағандардың
да саны көбейді.
Фанатизммен шектеліп қалған монахтар-
ды жек көретін патша иерархияның
қаһарын біраз уақыт тежеп тұрды. Соған
қ а р ам ас т а н
па п а л ы қ т ар
а қ ы р ы
дегендеріне жетті. Алаулар тұтанды. Одан
қорыққан
Мо
қаласының
епископы
ақиқаттан бас тартты, бірақ папалықтар
д і н
ә к е с і н
с ү р і н д і р г е н д е р і н е
қанағаттанбады,
алаулар
жалындап,
құрбандарын
жұтып
әкетіп
жатты.
96
Бақташылары
құлағанымен
үйірі
сескенбеді. Көптеген адамдар ақиқатқа
деген
адалдықтарын
қандарымен
дәлелдеді. Олардың көрсеткен ерліктері
айтылған сөзден мың есе асып түсті. Өз
ерліктерін
қарапайым
адамдар
ғана
көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар әсем
сарайларда да тұрып жатқан, шындықты
өз дүниелері мен өмірлерінен артық
қорғаған ұлағатты адамдар болды. Патша
сарайындағылардың
иманы
дінді
өз
қолдарымызда ұстап тұрмыз деген прелат-
тар мен епископтардың имандарынан
әлдеқайда жоғары, әлдеқайда мықты
болған. Сондай атақты адамдардың бірі
Луи де Беркен болатын. Ол өте таза,
әдепті, білімге құштар өнегелі рыцарь еді.
Киелі Кітаппен танысқанға дейін ол
папаның жалынды шәкірттерінің бірі
болған. Киелі Кітапты зерттей келе,
Құдайдың
арқасында
Беркен,
одан
Римның доктриналарын емес, Лютердің
доктриналарын тапты және соған қайран
қалды. Сөйтіп ол Лютердің ілімімен таны-
сты. Осылайша жалынды рыцарь өз өмірін
ақиқат жолында қызмет етуге жұмсады.
Франциядағы ең білімді жандардың бірі —
ержүрек,
өжет,
сөз
шебері
Беркен
патшаның сүйіктісі болатын. Егер Фран-
циск I оның курфюрст Саксонскиі
болғанда, ол екінші Лютер болған болар
еді. Беркен Лютерден де жаман деп
айғайлады папалықтар. Шынымен де ол
Римге неміс реформаторынан да артық
қауіп
төндіріп
тұрған
болатын.
Папалықтар Беркенді зынданға қамады,
бірақ патша оны қапастан шығарып алды.
Бұл шайқас бірнеше жылға созылды.
Франциск I Рим мен Реформацияның ара-
сында
жүріп,
біраз
уақыт
бойы
монахтардың қаһарын тежеп тұрды. Осы
уақыт аралығында Беркен үш рет қамауға
алынды, ал патша болса оны үш ретінде де
қамаудан босатып алды. Осыдан кейін
Беркенге Францияда қалу өте қауіпті бол-
ды.
Бір күні Құдай жолында қызмет жасауға
білімі жеткілікті, бірақ өнегесі жетпей
жүрген, заманына қарай иліге беретін
Эразм Беркенге «Сен басқа мемлекетке
елші ретінде сұран немесе Германияға
саяхатқа аттан. Қалай болған күнде де
саған бұл жерде қалуға болмайды. Сен
Безаны білесің ғой, ол адам емес, мың бас-
ты құбыжық. Жауларың болса — легион.
Тағдырың Иса Мәсіхтың тағдырынан
жеңіл болған күннің өзінде де, сені олар
жай қалдырмайды. Патшаға сене берме.
Осыны біл. Қалай болған жағдайда да дін
зерттеу факультетінде мен жайлы ешкімге
ешқандай сыбыс шығарушы болма» — деп
хат жолдады.
Қауіп-қатер
ұлғая
түсті.
Соған
қарамастан Эразмның өзімшілдікке толы
кеңесін қабылдаудан өте алыс тұрған Бер-
кен, енді ақиқатты қорғап қана қоймай,
оның
жауларының
адасушылықтарын
әшкерелеуге кірісті. Беркенді кінәламақ
болған папалықтарды керісінше ол өзі
кінәнің астында қалдырды. Беркеннің аса
қаһарлы
жаулары
атақты
Париж
университетінің дін зерттеу факультетінің
ғалымдары мен монахтары болатын. Бер-
кен
олардың
шығармаларының
12
бөлімінің Киелі Кітапқа қарама-қайшы
келетінін жариялап, бұл пікірталасқа
патшаның қатысуын және осы пікірталас
кезінде оның үкімші болуын өтінді.
Монарх күш пен даналықты салыстыру
үшін
және
менменшіл
монахтардың
көкірегін басу үшін, католиктерден өз
шығармаларын
Киелі
Кітап
арқылы
дәлелдеп берулерін талап етті. Католиктер
бұл қарудың оларға жеңіс әкелмейтінін
жақсы білді, өйткені олар осы уақытқа
дейін отқа тастау, қинау, қамауға алу
секілді қаруларды ғана пайдаланып кел-
ген. Енді олар өздерінің жардың шетінде
тұрғандарын
байқады,
сол
себепті
жеңілмеудің басқа жолын қарастыра бас-
тады.
Дәл сол күндері қала көшелерінің бірінде
орнатылған Мариям қыздың ескерткіші
масқараланып тұрды. Оған халықтың
көпшілігі, тіпті патшаның өзі де ашулы
болды. Католиктер осы болған оқиғаны
пайдаланып: «Бұл Беркеннің ілімінің
нәтижесі. Ол әлі дінді де, заңды да, тақты
да төңкеріске ұшыратады» — деп жария-
лады.
Осыдан кейін Беркен тағы да қамауға
алынды. Монахтар корольдің Парижде
жоғын пайдаланып, Беркенді соттап, оған
өлім жазасын кесіп, ал Франциск I бұл іске
араласып үлгермеу үшін, шығарылған жа-
за дереу түрде орындалсын деп бұйырды.
97
Түсте Беркенді өлім жазасы орындалатын
алаңға алып келді. Францияның атақты
жанұяларының бірінен шыққан ержүрек
а з а м а т т ы ң
п а п а н ы ң
ж е м і т і н е
ұшырағанына қынжылған халық көп бол-
ды. Жұрттың ойы мың саққа жүгірді.
Біреулері таң қалысты, біреулері оны
балағаттап ұрсып жатты, біреулері келеме-
ждей
бастады,
енді
біреулері
жек
көрінішті
сыңай
танытып,
оған
жиіркенішпен қарады. Тек бір ғана
адамның жүзінен уайымның ширегі де
байқалмады, өйткені ол Алланың өзімен
бірге екенін сезінді.
Сол сәтте ол өзінің екі дөңгелекті арба-
мен келе жатқанын да, қансорғыштардың
түнерген түрін де байқамады, тіпті өлім
туралы ойламады да. Оның бар ойы көкке
бағытталған болатын. Дозақ пен ажалдың
кілті қолында тұрған Шексіз Алла адал
қызметшісімен бірге болды. Аспанның
нұры оның жүзінен көрініп тұрды. Беркен
өзінің шығу тегіне сай күрең түсті атлас
камзол, барқыт жабу және алтын түсті
шалбар киіп шықты. Оның патшалардың
Патшасының, бүкіл ғаламның Иесінің ал-
дында өзінің адалдығын дәлелдейтін
уақыты
жеткен
болатын.
Көңілі
Достарыңызбен бөлісу: |