2
3
Елена Уайт
Ұлы шайқас
4
Елена Уайт «Ұлы шайқас»
Алматы 2013
УДК 287/289
ББК 86.376
У13
5
Мазмұны
1. Иерусалимнің қирауы…………………………..…..
9
2. Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін…………..
18
3. Жолдан жаңылысу………………………………..….
22
4. Вальдендіктер………………………………………….
28
5. Джон Уиклиф………………………………………….
36
6. Гус және Иероним………………………………..….
43
7. Лютердің Римнен бөлініп шығуы…………….…..
53
8. Лютер cейм алдында……………………………..….
64
9. Цвингли және Швейцариядағы Реформация...
75
10. Германиядағы Реформация жетістіктері……..
82
11. Ханзадалардың қарсы шығуы………………...…
88
12. Франциядағы Реформация………………………..
94
13. Нидерландтағы және Скандинавиядағы
Реформация………………………………………………..
106
14. Кейінгі кезеңдердегі ағылшын реформатор-
лары…………………………..……………………………...
111
15. Киелі Кітап және француздық революция…...
120
16. Америкадағы алғашқы протестанттар………..
131
17. Таң шуағының хабаршылары……………………
136
18. Американдық реформатор……………………….
144
19. Түнекті жарып шыққан жарық………………...
155
20. Діни ұйқыдан ояну………………………………….
161
21. Қабылданбаған ескерту…………………………...
171
22. Орындалған Аяндар………………………………..
178
23. Қасиетхана дегеніміз не?................................
184
24. Қасиеттінің Қасиеттісінің ішінде……………....
190
25. Өшпейтін, өзгермейтін, мәңгілік Құдай заңы.
194
26. Қайта бейнелену немесе жаңару…………..…..
201
27. Біздің заманымыздың оянуы……………..……..
205
28. Сот тергеуі……………………………………...……..
213
29. Зұлымдықтың пайда болуы…………….…………
218
30. Адам мен шайтанның арасындағы
жауласушылық…………………………………..……
223
31. Зұлымдық рухтарының арам істері……..……..
226
32. Албастының құратын торлары…………………..
229
33. Алғашқы алып алдану………………………..…….
234
34. Спиритизм……………………………………….……
242
35. Ар бостандығына төніп тұрған қауіп……….....
246
36. Болашақтағы шайқас………………………..……..
254
37. Біздің жалғыз ғана қорғанымыз……...…………
259
38. Соңғы ескерту…………………………...……………
264
39. Қасірет мезгілі……………………...…………………
268
40. Құдай халқының азат етілуі………………………
278
41. Жердің босап қалуы………………..……………….
286
42. Шайқастың соңы…………………..………………..
290
6
7
Алғы сөз
Адам-ата күнәнің не екенін білмес бұрын
Жаратушы һақ Тағаламен еркін қарым-
қатынас жасаған, тек күнә адамзатты
мұндай мүмкіншіліктен айырды. Бірақ
Құдайдың
жоспарында
бұл
қарым-
қатынасты қайта орнына келтіру алдын
ала қарастырылған болатын.
Алла Өз жоспарының жарық шұғыласын
Киелі Рухтың әсер етуімен қалаулы
құлдары
арқылы
адамзат
баласына
жеткізді. Ол туралы Киелі Жазбада былай
делінген: «Киелі Рухпен шабыттанған
Құдайдың адал құлдары айтқан» (2 Петір
1:21). Адамзат баласының тарихында,
алғашқы 2500 жыл бойы Құдай сөзі
жазылмаған. Ол атадан балаға, ұрпақтан
ұрпаққа ауызша жеткен. Жазу Мұса
пайғамбардың
заманында
басталған.
Онан соң бір кітап болып жинақталып
шыққан. Жаратылыс пен Жаратушының
заңы туралы тарихшы ретінде Мұса
пайғамбар жазып бастаған бұл кітап, он
алты ғасыр бойы әр түрлі елшілер арқылы
жазылып отырып, Жоһан жазған Ізгі ха-
бармен аяқталады.
Киелі Жазбаның авторы — Құдай, деген-
мен ол адамдардың қолымен жазылған, әр
кезеңдерде оның өз жазушысы болған. Әр
кітаптан
біз
жазушылардың
өзіндік
е рек ше лік теріме н
қос а,
олард ы ң
мінездерін
де
байқаймыз.
Соған
қарамастан бірнеше кітаптан құралған бұл
жазудың
ішінен
ешқандай
қарама-
қайшылық кездестіре алмаймыз. Ендеше
оның авторы да біреу, көздеген мақсаты
да біреу. Бұл киелі мақсат. Шексіз Құдай
Киелі Рухы арқылы адам баласының сана-
сына әсер етіп, оларды жазуға шабыттан-
дырып отырған. Құдай оларға түстерінде
аян беріп, осылайша шындықтың көзі
ашылып, олар ойларын белгілі жүйеге
келтіріп жазған.
Киелі
заң
Құдайдың
Өз
қолымен
жазылған. Бұл адамның емес, Алланың ісі.
Киелі Жазбадағы шындық Құдай мен
адамның
арасындағы
қатынасты
айқындайды. Мұндай одақ әрі Құдайдың,
әрі адамның баласы болған Мәсіхтың да
бойынан көрінеді. Сонымен Мәсіх туралы
айтылған «Сөз тәнге айналып бізбен бірге
болған» деген аят Киелі Кітапта өз мәнін
сақтайды.
Киелі Жазба болып жинақталған әр кітап
әр қилы замандарда әр түрлі адамдар
арқылы жазылған. Олардың ой-өрісі, іс-
әрекеті, қоғамдағы орындары да әр түрлі
болған. Айта кететін болсақ кейбір
аяттардың мәнін
біреуіне
қарағанда
екіншісі тереңірек түсіндіреді. Өйткені
осы адамдардың барлығы белгілі бір
сұрақты бір жағынан ғана емес, жан-
жақты қарастырып отырған. Осыған бай-
ланысты кейбір оқырман Киелі Кітап
қарама-қайшылыққа толы деуі мүмкін.
Әрине аяттарды бұзып жарып қарап одан
шындық іздеген адам шатасуы әбден
мүмкін.
Оны
бөліп
жармай,
бүтін
қарастырып, әрбір аяттың, әрбір сөздің
мағынасына терең үңіле білген адам ғана
кітапта ешқандай қарама-қайшылық жоқ
екенін, керісінше бір жазушыны екіншісі
толықтырып тұрғанын, олардың көздеген
ойларының да, мақсаттарының да бір
екенін ұға алады. Біреуі шындықты өз ба-
сынан өткен оқиғамен байланыстырып, өз
көз қарасын айтса, екіншісі өзіне түскен
сәуленің оған қалай әсер еткенін айтып, өз
көз қарасын сипаттауға тырысқан. Соны-
мен біз Киелі Жазбаны зерттей отырып
бірнеше қырлы, сонымен қатар бір тұтас
сұлу шындықтың куәсі боламыз. Сұрапыл
өмірдің қай соқпағында болсаңызда Киелі
Жазбадан барлық сұрақтарыңызға да жау-
ап
таба
аласыздар.
Құдай
әлемге
шындықты адам арқылы жеткізгісі келген,
сол себепті Ол адамдардың ойын бір
жүйеге бағыттай отырып, осы еңбекке
талаптандырған. Бұл қазына жер ұйықта
сақталғанымен көктен келген ақиқат өз
мәнін жойған емес. Алланың сөзі әлемге
адамның тілі арқылы жеткенімен, біз одан
Шексіз Құдайдың күшін сеземіз. Алла
адамға құтқарылудың жалғыз ғана жолы
барын көрсетеді. Құдай сөзі біздің
өміріміздің эталоны, шындыққа бастай-
тын жолбасшымыз болуы керек. Киелі
Жазба
біздің
ақиқатты
игеруімізге,
қателерімізді көруімізге, түзелуімізге пай-
далы. «Адам кез келген игі іске дайын бо-
луы үшін қажет» (Тімотеге арналған екінші
хат 3:16,17). Кез келген ілімді Құдай
8
сөзімен тексеріп отыру қажет. Бұл
жөнінде Жоһан пайғамбар былай дейді:
«Сүйікті
бауырластарым,кез
келген
рухтарға сене бермеңдер, Құдайдың Рухы
ма, жоқ па тексеріп алыңдар, себебі
әлемде жалған пайғамбарлар толып кетті
(Жоһанның бірінші хаты 4:1). Ал Ишая
пайғамбар былай дейді: «Кез келген сөзді
Құдай сөзімен салыстырыңдар, егер ол сөз
Алланың сөзімен салыстырғанда қате бо-
лып
шықса,
ондай
сөздің
жарығы
жоқ» (Ишая 8:20). «Менің бойымда Киелі
Рух бар, мен қателеспеймін» — деп, Құдай
сөзін елемейтіндер Киелі Рухты жоққа
шығарады. Мұндай адасушылық адамды
шатастырып, ақыры өлімге әкеліп тірейді.
Осындай
күйдегі
адам
шайтанның
көңілінен шығып, оның қаруына айнала-
ды. Құдай сөзі бойынша Киелі Рух Ізгі ха-
бар жариялануға тиісті уақыт аралығында
жұмыс істейді. Жүздеген жылдар бойы
Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет жазылып
жатқан кезде, Киелі Рух осы кітаптарды
жазған адамдармен ғана жұмыс істеп
қоймай, басқа адамдарды да тәрбиелеу
мақсатында еңбектенуін тоқтатқан емес.
Киелі Кітаптың өзі солай дейді. Киелі Рух
әрбір жан иесін қауіп-қатерден қорғап,
жасаған қателерін көрсетіп, түзу жолға
түсіру үшін еңбектенген. Сонымен қатар
Киелі Кітапта әр түрлі ғасырларда өмір
сүрген, бірақ айтқан сөздері жазылмай
қалған пайғамбарлар туралы да айтылады.
Киелі Кітап жазылып біткеннен кейін де
Киелі Рух өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Ғайса өз оқушыларына былай деп уәде
берген болатын: «Мен үшін сендерге
көктегі Әкемнің жіберетін жұбатушысы —
Киелі Рух келіп, Менің айтқанымды
сендердің естеріңе салады». «Ол ақиқат
Рухы, сендерді шындыққа бастайды,
болашақты айқындайды» (Жоһан жазған
Ізгі хабар 14:26;16:13). Киелі Жазу бойын-
ша берілген уәде сол кездердегі өмір
сүрген адамдарға ғана арналған емес,
барлық ғасырларда да өмір сүрген және
ақырға дейінгі барлық адамзат үшін
берілген уәде. Құтқарушы Өз сөзін былай
деп тұжырымдайды: «Ақыр заманға дейін
Мен сендермен біргемін» (Матай жазған
Ізгі
хабар
28:20).
Соңғы
уақытта
м е й і р і м д і л і к
п е н
з ұ л ы м д ы қ т ы ң
арасындағы шайқас ең жоғарғы нүктесіне
жетеді. Барлық ғасырларда да шайтан
(Ібіліс) Мәсіхшылардың шіркеуіне шабуыл
жасағанын қойған емес, бірақ Құдай Өз
халқын әрқашанда қорғап, оларға ерекше
күш-жігер беріп отырған. Соңғы уақытта,
яғни
қазіргі
біздің
заманымызда
уақытының аз қалғанын жақсы білетін
Ібіліс еш күшін аямай, зұлымдық жолында
тынымсыз жұмыс жасауда. Бұл жайлы
Киелі Жазбадағы соңғы кітап, біз оны
ашық кітап дейміз, былай дейді: «Ол тым
ашулы, ызаға булыққан, өйткені оның
уақыты аз қалды». «Ол бар күшімен,
жалған кереметтерімен жұмыс жасау-
да» (Салоникалықтарға арналған екінші
хат 2:9).
Алты мың жыл бойы Ібілістің істеп келе
жатқан ісі: адамдарды алғастыру, түзу
жолдан тайдыру,зұлымдықты көбейту.
Осындай қауіпті уақытта Мәсіхшылардың
міндеті Құдайдың жер бетіне екінші рет
келетінін барша халыққа уағыздау. Халық
Оны таза және күнәсіз қарсы алуы керек
(Петірдің екінші хаты 3:14). Осы соңғы
шайқас кезінде Ібіліс Адам-ата мен
Қауананы алдап торға түсіргені секілді,
зұлымдықтың алғашқы тәсілдерін пайда-
ланып, Құдай жолында жұмыс жасап
жүрген «қалаулыларды» да құлатуға тыры-
сады (Марқа жазған Ізгі хабар 13:22).
Өткен
ғасырлардағы
реформация
кезеңімен
байланысты
болған
ұлы
оқиғалар тарихта болған деректер және
бәріне белгілі, оған ешқандай да күмән
жоқ. Бұл кітаптың ең негізгі мақсаты
біздің тарихымыздың Киелі Жазумен
тікелей байланысы
барына
оқырман
қауымның көзін жеткізу. Ендеше ақыр
тақаған кезде, осы ұлы шайқас кезінде
зұлымдықтың құрбаны болып қапыда
қалмас үшін Киелі Жазбаны зерттейік,
Жаратқан Иеміздің заңының ақиқат
екенін мойындайық. Түнектен жарыққа
шығайық, Өз жанын біз үшін құрбан ет-
кен Раббымызды ақ ниетпен қарсы
алайық.
9
1
Иерусалимнің қирауы
«Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің
құтқара алатынын білсең ғой шіркін!
Бірақ
қазір
мұны
біле
алмайсың.
Жауларың саған қарсы бекіністер құрып,
қоршап,
жан-жақтан
қыспақтайтын
күндер басыңа туады. Олар сені қиратып,
тұрғындарыңды
өлтіреді
де,
күл-
талқаныңды шығарып, жермен-жексен
етеді.
Себебі
сен
Құдайдың
өзіңді
қ ұ т қ а р у ғ а
к е л г е н
к е з і н
түсінбедің» (Лұқ.19:42-44).
Иса Зәйтүн тауының үстінен Иерусалим-
ге қарады. Оның алдында сұлу бейне
көрініп жатты. Ашымаған нан мейрамы
басталды.
Осы
мейрамға
ел-елден
Жақыптың
үрін-бұтақтары
жиналды.
Бақшалары мен жүзім ағаштарының ара-
сынан қажылыққа келген адамдардың
ш а т ы р л а р ы
о р н а л а с қ а н
ж а с ы л
жазықтықтан сатыланып тұрған жоталар,
бой көтерген сарайлар және Израиль
астанасының қуатты бекіністері көрінеді.
Сионның қызы менменшілдене «Мен пат-
шайыммын, қасірет те шекпеймін» дейтін
секілді. Ол бір кездері жыршы «Әсем де
биік Сион тауы — күллі әлемнің қуанышы,
таудың
солтүстік
жағындағы
Ұлы
Патшаның астанасы» — деп көтеріңкі
көңіл күймен жырлағандай, осы күні де
өзіне өзі риза болып, көктің көңілінен
шығатынына сенді (Забур жыры 47:3). Ыс-
райыл астанасы сұлу ғимараттарымен,
зәулім сарайларымен, бау-бақшаларымен,
жасыл жоталарымен көздің жауын алады.
Ғибадатхана өзінің сұлу келбетімен көрген
жанды таң қалдырады. Күн сәулесі оның
мәрмәр қабырғаларына, алтын күмбезі
мен қақпасына түсіп, шағылысып жатты.
Бұл «сұлулықтың биік шыңы» яхудейлердің
мақтанышы
болатын.
Бірақ
Исаны
қобалжытқан бұл бейне емес еді. Қалаға
жақындай бере, Ол жылап жіберді
(Лұқ.19:41). Оны патшадай қылып қарсы
алып
жатқан
мыңдаған
халықтың
қуанышы, олардың салған әні таудың
ұшар басына шарықтап жатқан кезінде,
Әлемнің Құтқарушысының бойын қайғы
мұң кернеді. Құдайдың Ұлы, уәделі
Құтқарушы, әмірі ажалды жеңетін Тәңір
Ие,
өлгендерді
жердің
құшағынан
шығаратын Раббымыз бүгін жылап тұрды.
Бұл қайғының көз жасы еді.
Ол Өзі үшін қайғырған жоқ. Оның көз
алдында Гефсимания бағы, онда күтіп
тұрған қасірет бар еді. Ол құрбандыққа
шалынатын
тоқтыларды
өткізетін
қақпаны көрді және Өзі де құрбандықтың
Тоқтысы ретінде сол қақпамен өтуі керек
болды. (Ишая 53:7). Айқышқа керілетін
жер — Голгофа жазығы да алыс емес еді.
Түнекке оранатын осы жолмен Мәсіх өтуге
тиісті болды. Өйткені Ол күнәнің Құрбаны
болатын. Оның көңіліне қаяу түсірген бұл
да емес еді. Оның мұңаюының басты
себебі тәубаға келмеген Иерусалимнің
тұрғындары болды. Көптеген ғасырлар
бойы
Алланың
рақымына
бөленген
яхудейлердің тарихы Исаның көз алдынан
өтті. Міне Мориа тауы. Дәл осы жерде,
болашақта болатын құрбандықтың белгісі
ретінде Құдайдың адал құлы құрбандыққа
мойын ұсынған. Осы жерде барлық
имандылардың әкесімен мейірімділік заңы
бекітілген (Болмыс 22:9,16-18). Сол арада
кінәлі болған адамзат үшін шалынатын
Құрбандықтың
рәмізі
және
Оның
аратүсушілік қызметі саналатын құрбан
шалынатын жерден көкке көтерілген жа-
лын жазалаушы періштенің қолындағы
найзасына тосқауыл жасады (Шежірелер
туралы
бірінші
жазба
21).
Құдай
Иерусалимді жер бетіндегі барлық жерлер-
ден артық санады. «Өйткені Жаратқан Ие
Сионды таңдады, оның жердегі Өз тұрағы
болуын қалады» (Забур жыры 131:13). Осы
ж е рд е
бі р не ше
ғас ы р лар
б о йы
пайғамбарлар
Құдай
ескертулерін
уағыздаған. Осы жерде Құдайдан адал
тілек
тіленіп,
болашақтағы
Ұлы
Құрбандыққа
нұсқайтын
күнделікті
құрбан шалынып отырған. Осы арада
Жаратқан Ие өсиет сандығының үстіне
бұлт болып қонған. Осы жерде жер мен
көкті жалғастырып тұратын сатының
негізі орналасқан. Бұл сатының бір
жағымен періштелер көктен жерге түсіп,
екінші жағымен қайра көкке көтеріліп,
адам баласының мүддесін Жаратушы Иеге
жеткізіп
отырады
(Болмыс
28:12,
Жохан1:51). Егер Ысрайыл халқы Құдайға
адал болып қалғанда, Иерусалим Құдірет
10
Иесінің таңдаулы қаласы болып қалатын
еді (Ереуіл 17:21-25). Бірақ барлығы
олардың
ойлағандарындай
болып
шықпады. Бір кездегі Құдайдың қалаулы
халқының тарихы қайғылы повесть болып
қала
берді.
Ысрайылдықтар
Көктің
игілігіне қарсы тұрды, артықшылықтарын
теріс пайдаланды, яғни асыра сілтеді,
беріліп тұрған мүмкіндікті пайдаланбады.
Олар аспаннан жаңбырдай болып жауған
жақсылықты
түсінбеді,
асқақтап,
көкіректерін көтере түсті. Құдайдың
ж ібе р ге н
е лші лер і н
ұр ы п -с о ғы п,
пайғамбарларын
балағаттаумен
болды
(2Шеж.36:16,15). Десе де Алланың адам
баласына деген рақымы мол ғой. «Ол адам
баласын жақсы көреді, Ол мейірімді, шы-
дамды, жанашыр және шыншыл» (Шығыс
34:6). Яхудейлер қанша Құдайға қарсы
шыққанымен, Құдай олардан бетін бұрған
емес. Оларға Өзінің елшілерін жіберіп,
шындықты үнемі уағыздаған, өйткені
Оның Өзінің тұрағы мен халқына жаны
ашыды (Шежірелер туралы екінші жазба
36:15). Дегенмен тоң мойын болып қалған
халыққа Алланың берген жақсылығын
түсінуі оңай болған жоқ. Сонда Құдай
оларға, көктегі ең «қасиетті Сыйды» тарту
етті.
Тәубасына
келмей
тұрған
халықты
құтқарып қалу үшін Құдай Әке жерге
Өзінің Ұлын жіберді. Бұл — оларды Мысыр
елінен аман-есен алып шығып, жол-
жөнекей қауіп-қатерден қорғап отырып,
уәделі жеріне жеткізген Иса Мәсіх бола-
тын. Мәсіх оларды Мысырдан тамаша
жүзім бұтасындай етіп әкелді (Забур жыры
79:9). Басқа халықтарды олардың алдынан
қуып шықты. Жүзімді құнары асқан
қыраттың
беткейіне
орналастырды,
маңайын шарбақпен қоршады. Оны күтіп
қарау үшін қызметкерлерін жұмсады.
Жүзім ағашына тағы да не істеуіме болады
— дейді Ол, — баққа Мен істемеген не
қалды? Тәңір, ағашым жақсы жемістер
береді деп күткен болса, ол жабайы
жемістер берді. (Ишая 5:1-4). Сонда да
ағашынан жақсы жемістер аламын деп
үміттенген Ол, түп орнымен құрып
кетуінен қорғап қалу үшін баққа Өзі келді.
Ол ағаштың түбін қопсытты, суын құйды,
кепкен бұтақтарын кесіп алып тастады,
күтіп бақты. Сүйікті жасыл желегін
құтқарып қалу үшін барлық жақсылықты
(жағдайды) жасады.
Үш жыл бойы Ол өз халқымен бірге бо-
лып, ауруларды емдеп, қамыққанға пана
болып, ақсақтың аяғын, соқырдың көзін
қайтарып, кереңнің құлағын ашып, өліні
тірілтіп,
Ізгі
хабарды
уағыздаған
(Елшілердің істері 10:38, Лұқа 4:18, Матай
11:5).
«Барлық
қайғырғандар
мен
қамыққандар Маған келіңдер, Мен сен-
дерге тыныштық беремін» деген аяулы үн
— Исаның үні болатын (Матай 11:28). Са-
насыз
халықтың
Оның
мейіріміне
зұлымдықпен жауап беріп, махаббатын
жермен-жексен қылғанына қарамастан,
Иса оларды бәз-баяғысынша бар ниетімен
жақсы көрді (Забур жыры 108:5). Ол өзі
үшін емес, халық үшін өмір сүрді. Алдына
келген жанды кеудесінен итерген жоқ.
Соған қарамастан естігені жала, көргені
тек жоқшылық болды. Игілік толқыны
жүректері тас болып қалған адамдардың
кеудесіне соғылып шексіз махаббат пен
аяушылықтың
қуатты
толқынындай
оларға кейін қайтып жатты. Бірақ Ыс-
райыл өзінің Жалғыз Көмекшісін, ең
жақын Досын қабылдамады, Оның сөзін
құлаққа аспай, әрбірден соң Оны келеке
мазақ қылды. Сөйтіп олар үшін үміт және
мейірім мезгілі өте шықты, өйткені
Құдайдың шыдамының тостағаны толған
болатын.
Бірнеше
ғасырлар
бойы
топталған қасіреттің бұлты енді олардың
төбесіне шүйлікті. Ал олардың көмекке ке-
луге дайын тұрған Жалғыз Досын айқыш
ағаш күтіп тұрды. Бір кезде Құдайдың
қалаулы халқы болған Ысрайыл үшін
Исаның өлімімен, мейірім мезгілі де
аяқталды. Иса үшін бір адамның өлімінің
өзі орны толмас өкініш болса, енді оның
алдында бір тұтас ұлт тұрған болатын. Ыс-
райыл халқының күнә үшін шеккен аза-
бын көріп, пайғамбарлардың көз жастары
көлге айналған. Ереуіл пайғамбар күнәнің
тұтқыны болып, өлімге душар болған
ұлдары
мен
қыздарының
сорақы
жағдайын көргенше, көзінің жастың
бұлағына айналғанын қалаған еді (Ереуіл
9:1,13:17). Неліктен бірнеше жыл емес,
бірнеше ғасырды алдын ала көріп тұрған
Иса, көзінен парлаған жасты тоқтата ал-
мады? Өйткені Ол бұл қаланың үстінен,
Жаратушы Иеміздің мекендеген жерінен,
қолында қылышы бар, қыруға келген
Әзірейіл періштені көріп тұрды. Зәйтүн
тауының үстінен қалаға көз салған Иса,
қаланы сыртынан қоршап алған жауды,
аласапыран соғысты, нан сұрап жылаған
баланың дауысын, ананың зарын, күл-
талқан болып қираған қаланы көріп, көзі
жаспен тұманданды. Ол тек осы бейнені
ғана емес, одан тереңірек, ғасырлар
тұңғиығындағы бейнені де көрген еді.
Теңіздің жағалауындағы құмдай болып
Достарыңызбен бөлісу: |