«Білім əлеуметтануы мəселелерін түсіндіру, оқу қызметінің өзара
ықпалын, білім алушының өмірлік жоспары, бағыт-бағдары,
ғылымның, студенттің саналы білім алу деңгейіндегін көтеру»
1. Білім беру жүйесі қандай формаларда жүзеге асырылады?
2. Білім дегеніміз не?
3. Білім əлеуметтанудағы мəселелердің үш бағытын анықтау.
4. Білім жүйесіндегі теориялық жəне динамикалық талдау дегеніміз?
1. Барлық қоғамда білім саласы - мəдениетті қалыптастырудың маңызды қуралы.
Оқу жəне жазу сияқты дағдылардан бөлек, балалар негізгі мəдени құндылықтарды
үйренеді. Жапонияда мектеп формалары жеке жетістіктерге қатысты топтық
біркелкілікті айқындайды.
Білім беру жүйесі – əлеуметтік институттың ең маңыздыларының бірі. Жеке
адамның əлеуметтенуі – жеке адамдардың өзері өмір сүретін қоғамда тиімді жұмыс
істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Əлеуметтендіру мəдениеттің
сабақтастығын, оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы
əлеуметтендіруді (баланың əлеуметтендіруі) алып жүруші агенттер болып отбасы
табылады, əлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады (саяси, заңдық, діни,
БАҚ, т.б.). бұл жерде əлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған
сипатта болады. Қазіргі қоғамда саналы əлеуметтенудің шешуші құралы білім
жүйесі болып табылады. Олардың əрекет ету процесінде сонымен қатар
əлеуметтену процесінің екі жақты қызметі туындайды – мəдениетті жеткізу жəне
тұлғаның дамуы.
Білім тұлғаның дамуына, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен бірге білім
тəжірибелік жəне нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын
қамтамасыз етіп, қоғам үшін шешуші маңызды орын алады. Мəдениетті жеткізу
қызметі дəстүрлі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүйесінде сақтау
жəне оларды жоғалтып алуын толағандыратын тарихи бағыт алу сана-сезім ашық
көрінетін қоғамдарда көрініс береді. Білімнің бұл қызметінің жүзеге асуы
гуманитарлық жиынтық пəндерінің – қоғам тарихының, тілдің, əдебиеттің,
географияның, дін жəне философияның қолдауынан көрінеді.
Білім беру жүйесі қоғамның бірігуіне маңызды үлес қосады. Қазіргі көптеген елдер
əр түрлі этникалық, діни, нəсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихы тағдырдың
қауымдастық сезімін, осы біртұтас қоғам қатарына жататынын қалыптастыруға
өзінің үлесін қосады жəне осындай топтардың ұлттық мəдени ерекшеліктерін сақтай
отырып, мəдени ықпалдасу шеңберіндгі ортақ құндылықтарды, қалауларды,
мұраттарды жəне ұмтылыстарды жасап шығаруға көмектеседі.
Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементтер ретінде
əлеуметтік қауымдастық, əлеуметтік ұйым ретіндегі оқу-тəрбиелеу мекемесін
(оқытушылар мен оқушылар) жəне əлеуметтің мəдени іс-əрекетінің түрі ретінде оқу
процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принциптер бойынша құрылады, əрі
бірнеше буындардан тұрады: мектепке дейінгі тəрбие беру жүйесі, жалпы білім беру
мектебі, кəсіби-техникалық білім, жоғары оқу орыннан кейінгі кадрларды қайта
даярлау мен біліктілікті жоғарылату жүйесі, т.б.
Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тəрбиесінің, оның
еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор.
Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің
əлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:
Жас баланың тəн жəне психологиялық денсаулығын қорғау жəне нығайту;
Балалардың білім алуға, жан-жақты дамуға жəне мектепке оқуға жалпы мəдени
психологиялық құқығын жүзеге асыру;
Құрдастары ортасында əлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында,
қарым-қатынаста жəне белсенді өзара əрекеттесуде):
Қоршаған əлеуметтік орта мен отбасының даму мүмкіндігінің шектелген себебі
бойынша дамуды айрылғандардың орнын толтыру;
Əйелдер мен балалардың тұлғалығын жетілдіру жəне қоғамдық еңбек үшін қолайлы
жағдай жасау;
Мектепке дейінгі жəне келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы
мүддесі үшін ата-анамен жəне үлкен адамдармен психологиялық-педагогикалық
жəне əлеуметтік-ағартушылық жұмыс.
2. Білім - ресми оқу жүйесіне жауапты институт. Адамдардың белгілі бір жүйедегі
ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат
мəдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным,
объективті əлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми жəне т.б. күрделі
де терең ұғымдармен тығыз байланыста əрі солар арқылы анықталады. Білім
философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
Адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының,
т.б. жиынтығы. Білім адамзат мəдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып
табылады. Ол сана, таным, объективті əлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат,
парасат, ғылым жəне т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста əрі солар
арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп
бұрын дүниеге келген. Ежелгі мəдениетте Білім адамның əлеммен жəне
қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дəстүрлік жарлықтар
мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар,
ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нəрсе деп түсінген.
Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше
тобы — дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мəдениетте Білім
мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда
қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің əлеум. мəртебесі мен мəні
отырықшы, техникалық-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді.
Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің
жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде
рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. Философиялық
ақиқат пен ақиқат емес ілімдер айырмашылығын енгізіп, дəлелдеудің айрықша
түрлерін, негіздеу мен дəлелдемелік ұғымдарды қалыптастырды. Философия
шеңберінде айрықша пəн — ақиқат ойлау ережелері мен заңдарын
қалыптастыратын логика туындады. Білім логикалық ойлаудың объектісіне,
мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда Білім билікпен тұтасып,
қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты
əлеуметтенуінің жəне билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның
қажеттілігінен Білім беру институттары туындады.