Әлеуметтану.БӨЖ 1
Әлеуметтанудың қиялдық бағыт ретінде қолдана отырып,қазақстандық және өзге қоғамдардардағы баспанасыз адамдардың жағдайын сипаттаңыз.Эссе
Жер бетіндегі адам саны еселеп өсіп келеді. Қазақстан халқы да 19 миллионға жетті. Табиғаттың заңы кризисімізге қарамайды. Жыл сайын жастар үйленіп, жас отаулар құрыла береді. Осы әр жанұяға баспана керек деген сөз. Бірақ бұл заманда үй алу мен үй салудың қиындықтары олардың бас ауруына айналды. Жалпы айта кететін үлкен мәселе бар, жағдайы бар адамдар пәтерді жағдайы жоқ адамдарға жалға беруі – капитализм дәуіріндегі адамды қинаудың бір түрі. Бұл әлеуметтік теңсіздікке әкелетін өркениетті қоғамға қайшы құбылыс. Өйткені, өркениетті қоғамда адамды қанау факторлары түбегейлі болмау керек. Әйгілі ағылшын премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Мемлекеттің бірінші байлығы халық деген екен. Үкімет тек оның потенциалын ашуға көмек беруі керек» деген парасатты сөзі Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың жоғарыда келтірілген сөзімен ұштасады. Ұрпақ өнбесе, өспесе ұлан-ғайыр жерге ие болатын, мемлекеттің қазынасын салықпен толтыратын, әскер боп қорғайтын ұлттың саны қайдан өседі?Орынды емес пе? Демографиялық өсім кең байтақ Қазақстанның дамуы үшін басты стратегиялық мәселе екені айдан анық. Үйсіздіктің салдары ұлт дамуына өте қымбатқа түседі. Үйсіздіктің салдары күйсіздік, күйсіздік салдары надандық. Күнін көре алмай жүрген жастарды қалай рухани жаңғыртып, өркениетті елдерге жетеміз? Ендеше, жастары үйсіз-күйсіз халық оба тигендей саны да, сапасы да өнбейді. Қазірде халықтың үйлі болуының 2-3 қана жолы бар екен. Бірі – тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, екіншісі – әкімдікте пәтердің немесе жердің кезегінде тұру, үшіншісі – бастапқы жарна жинап, содан кейін ғана екінші деңгейдегі банктерден несие рәсімдеу екен.Ал бұл халыққа өте қиын,әрі ұзақ болатын нәрсе.Біздің халықта үкіметтен жеу деген нәрсе бар немесе пара алу деген сияқты. Халықтың тағдырын осылайша асықша иіріп, Елордамызда ойран сап жүрген осындай жоғарыдағы ағаларымыздан қалай шошымаймыз? Мұндай басшылар жүрген жерде, қандай даму болмақ? Егер, ұйымдастырғыш азаматтарымызды үкімет қорғай білмесе, онда ел мен жер көгермейді,дамымайды
Саясаттану.Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы.Эссе
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды. Соның бiрi – саясаттану ғылымының көтеретiн мәселелерi тiкелей қоғамымыздың саяси қауiпсiздiгiн, саяси дамуын теориялық тұрғыдан қамтамасыз етiп отыр.Жалпы мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси,әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға көшуiнiң көрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмұнын да құрайтын құбылыс. Демократиялық саяси мәдениет – бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саясаттану пәнiнiң мақсаты – жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамыту. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану жас мамандарға саяси қажеттiлiктерiн мемлекет тарпынан iске асырудың жолдары мен әдiстерiн дұрыс таңдауға, демократиялық тәртiптердi және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседi. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |