Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті



Дата21.09.2023
өлшемі67,87 Kb.
#109454


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ


ЭССЕ
Тақырыбы : Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып,қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттау.


Орындаған:Зулпыхар Ақниет
Қабылдаған:Жумабаева Куралай Жумабаевна

Күнделікті өмірде біз экономикалық ерекшеліктер мен әлеуметтік құрылымдардың өмірімізге әсер ететінің байқамаймыз.Мысалыға,балалардың мектепте нашар оқуы олардың жалқау болғандығынан емес, отбасыда қажетті қаражаттың болмауы немесе психологиялық күйзеліске ұшырауынан болады. Енді бірінде оқуға мүмкіншілігі болғанымен, оқу орнының талабына көнбейді. Баланың сәтсіздікке ұшырап , ұшырамауы әлеуметтік факторларға тікелей байланысты.
Қазіргі экономикалық ахуалға байланысты әлеуметтік тұрғын үйден айырылған жандар өте көп. Жалғыз Қазақстанда ғана емес, көрші елдер мен шет елдерде баспанасыз жүргендер саны шексіз.Бірі үлкен сомалы ипотекаға алып төлей алмаған болса, енді бірінің мұрадан қалған баспаналарын мемлекет тартып алады.Біз бұл проблемаларда, әлеуметтік қиял арқылы, әлеуметтік құрылымдарды, ішінара көрсететін қабілеттерді көре аламыз.Ч.Райт Миллстің айтуы бойынша « Жеке бастағы қиындықтарды( кедейлік,баспанасыз қалу,ажырасу) аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема».
Әлеуметтік қиял-жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы,адамның жеке бас ерекшеліктерімен салыстырғанда әлеуметтік жағдайларға көбірек байланысты екенің көрсете алады.Осы қиялды дамытқаннан кейін жеке мінез-құлық , адамның жеке тұлғасына байланысты емес екендігің көреміз.Баспанасыз қалу,ажырасу,кедейлік — жеке адам басындағы ауыртпалық болғанымен, бұл проблеманы бірде шеші оңай болмайды. Әлеуметтік қиял- адам өміріндегі қиындықтарға басқа көзқараспен қарап, шешу жолдарын ұсынады. Басымызға туындаған қиындық бізге әрдайым қиын болып көрінуі мүмкін, тек қана осы проблема біздің үстімізге түскендей сезімде жүреміз.Әрине олай емес! Бұл қиындық тек біздің миымызда, ой санамызда ғана . Әртүрлі мәселелерді дұрыс ойлана біліп, позитивты ойлы жүрсек, шешімін міндетті түрде табамыз. Бірақ ең басты мәселенің бірі ол, адам басына қиын күн туғанда тез әуреге салынып , күйзеліске ұшырауы. Егер де біз, кездесетін қиындыққа басқаша көзқараспен қарап оны шеше білсек, әлеуметтік қиялымызды жетілдіре түсеміз.
Баспанасыздық – бұл тұрақты, тұрғылықты жерінің болмауы, немесе жеке баспанасының болмауымен сипатталатын әлеуметтік топ.Қазіргі таңда жер ғаламшарының адам саны уақыт өте еселеніп келеді. Оның ішінде Қазақстан халық саны да артып, 19 миллионнан асты. Адам санының артуы, жаңадан отау құрып, үйлі болу үдерісінің қарқынды жүруі деген сөз. Алайда, қазіргі қоғамда үйлі болу жас отаулардың бас ауруына айналуда. Статистикаға жүгінсек, біздің елімізде статистика бойынша баспанаға мұқтаж 2 млн 300 мың адам ресми түрде тіркелген. Ал, тұрғын үй кезегінде бас қаламызда 40 мың отбасы тұр. Оған тіркелмей жүргендерді қоссақ, одан да көп болады.Үйсіздіктің түбірлеріне тоқталсақ, ең бірінші, жалақының тоқырауы. Мысалға алатын болсақ, АҚШ үшін ең төменгі жалақы 1970 жылдан бері шамамен 350% өсті. Тұтыну бағаларының индексі 480% - дан астамға көтерілді және бұл күнделікті өмір сүру шығындарын жабуды қиындатады. Басқаша айтқанда, Өмір сүру құны өскенімен, жалақы өспейді. Екіншіден, жұмыссыздық немесе жұмысқа жарамсыздық. Зерттеулер көрсеткендей, баспанасы жоқ адамдардың көпшілігі жұмыс істегісі келеді, бірақ тұрақты мекен-жайдың болмауы, денсаулықтың төмендігі, мүгедектік сияқты кедергілерге тап болады. Үшіншіден, қолжетімді баспананың болмауы. Мысалы, Линкольн жер саясаты институты жүргізген жаһандық сауалнамаға қатысқан әлемдегі 200 қаланың 90% - ы баспана бағаларының қолжетімсіз деп танылғанын көрсетті. Бұл тұрғын үйдің орташа бағасы орташа табыстан үш есе көп болғанына негізделген. Төртіншіден, кедейлік. Жалақының тоқырауы, жұмыссыздық және тұрғын үй мен денсаулық сақтау қызметтерінің жоғары шығындары кедейлікке ықпал етеді. Тұрғын үй, тамақ, білім және т.б. сияқты қажетті заттарды ала алмау адамға немесе отбасына қауіп төндіреді. Бесіншіден, тұрмыстағы зорлық-зомбылық. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау үшін адамдар үйлерін жоспарсыз тастап кетеді. Егер олардың тоқтайтын жері болмаса, олар көліктерде, баспаналарда немесе сыртта тұруы мүмкін. Тіпті қалғандар үшін де отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдары оларды болашақта баспанасыздық жағдайына осал еткізеді. Алтыншыдан, соғыс. Басқа мемлекеттен келген қашқындар немесе депортацияға ұшыраған, соғыс кезінде тұрғылықты өмір сүру жерінен айырылған адамдар осы себеп тобына кіреді.«Казжилстрой-Кооперация» кооперативі мектептер мен ауруханаларда өткізген әлеуметтік зерттеу бойынша қызметкерлердің 65-70% пайызы жалдамалы пәтерлерде тұратыны анықталды. Бұл дегеніміз халқымыздың еміне жауап беретін дәрігерлер мен ұрпағымыздың біліміне жауап беретін мұғалімдердің көбісі жеке үйсіз жүр деген сөз. Жалдамалы пәтерде тұратын мұндай отаулар өздерінің айлық табыстарының жартысынан көбін пәтерге жұмсауы керек болады. Ал, жартысын ішіп-жеуіне жұмсаса, өздерінің дамуына, балаларының спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуы қиынға соғады деген сөз. Жағдайы бар, ақшасы көп адамдар пәтерлерін жалға қымбатқа беріп нағыз адамдарды қанаудың үлгісін танытып жатқандығы өкінішті. Мұндай жағдайда өмір сүріп жатқандар үнемі күйзелісте жүреді. Соның кесірінен зиянды әдеттерге жол беріп жатқандығын да байқаймыз. Мұндай отбасылар ұрпақтарына дұрыс тәрбие бермесіне кім кепіл?

Әйгілі ағылшын премьер-министрі Маргарет Тэтчердің «Мемлекеттің бірінші байлығы халық. Үкімет тек оның потенциалын ашуға көмек беруі керек» деген парасатты сөзі осы мәселенің қалай шешілу керек екенін көрсетіп тұрғандай. Біздің елде жағдайы төмен, жалақысы аз адамдарға арналған бағдарламалар жоқ емес, бар! Алайда жеткіліксіз.Финляндия мемлекетінде үйсіз адамдардың саны шамамен қалмады деген тенденция туындап, әлемді дүр сілкіндірді. Он жыл ішінде үйсіз адамдардң саны 3 есеге азайды.2008 жылдан бері Финляндия “Алдымен баспана” бағдарламасын қолға алды. Финляндия 2017 жылғы әлемдік бақыт индексі бойынша 5 ші орынға тұрақтаса, 2022 жылғы статистика бойынша 1 ші орынға тұрақтағанын білеміз. Қазіргі уақытта Финляндия мемлекеті ұлттық дамуымен, білім жүйесінің әлемге үлгі болуымен танымал. Мұның бәрі сол баспаналы болғандықтан артық күйзелістің болмауынан, ұлтқа қызмет етудің қарқынды түрде жетілуіне алып келіп отыр.Қазақстанның бақыт индексінің мөлшері жоғарлауы үшін ең алдымен баспана мәселесін шешуі абзал екенін байқадық. 7-20-25 бағдарламасы іспеттес тағы да басқа бағдарламаларды көбейтіп, халықтың жағдайын жақсарту қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы бойынша бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2026 жылға қарай 102,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
Баспана мәселесі қай елдеде ең өзекті мәселенің бірі екендігі анық.Қазақстанда әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Алайда қазіргідегідей демографиялық үрдіс кезінде баспанасыз адамдар шоғырын азайту мүмкін емес екені тағы анық. Яғни, адам саны мен тұрғын үйге деген мұқтаждық үнемі өсу үстінде болатын үрдіс екен. Бұл жалпы әлемдегі пропорция. Әзірге азаматтарын толыққанды жекеменшік пәтермен қамтыған ел жоқ. Қазақстан да әлем елдері сияқты тұрғындарының жайлы өмір сүріп, жарық та жылы, әрі жеке үйде тұруы үшін жағдай жасап отырған мемлекет.Бірақ баспана зарының ХХI ғасырда қара халықтың етінен өтіп, сүйегіне жеткені сондайлық, қазір жастар ертең дүниеге келер ұрпағының қай жерде қоныс теуіп, қайда тұрақтарын ойлап, қамығады. Қазақ үшін баспана өз үйі,өлең төсегі ғана емес,қазіргі заманда-әлеуметтік дәрежесін көрсетер индикаторы десекте болады. Шынында да, баспана мәселесі ірі қалаларда, әсіресе, Астана мен Алматы қалаларында шарыктап тұр. Одан соң Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау т.б. облыс орталықтарында шаршы метрдің бағасы басым. Үшінші кезекте – Алматы мен Астана маңындағы Талғар, Қалқаман, Арқалық т.б. шағын қалалардағы жекеменшік пәтерлердің де бағасы тура мағынасында аспандап тұр. Статистика жөніндегі агенттік деректеріне жүгінсек, қазір еліміздегі тұрғындар саны 19 миллионға да жетіп калдык. Бірак баспана мәселесі шешілер емес.Шын мәнінде, дамыған мемлекеттердің көпшілігінде эконом-санаттағы пәтер сатып алу үшін отбасылар 3,5-4,5 жыл ақша жинаса жеткілікті. Былтырғы есеп бойынша, АҚШ тұрғындарының өз қаражатына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бұдан да жоғары екен. Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылға жетер-жетпес уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинау мерзімі – 4,5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда – 6 жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей мен Белоруссияда – 8-8,5 жыл деп есептелген
Біз баспанасыздыктын себептерін 2 -ге бөліп қарастырсақ
болады.
Бірінші ,Курылымдык -жеке тулганын негізгі кажеттіліктерді қанағаттандыру кабілетіне әсер ететін экономикалық және әлеуметік жагдайлар деп түсініледі.Жеке жағдайлар . Оларға жағымсыз оқиғалар (өрт,жұмыс орындарының жоғалуы, отбасының бұзылуы),денсаулықтың жекелеген маселелері (сонын ішінде мугедектік , тәуелділік проблемалары , психикалық бұзылыстар), отбасылық проблемалар ( отбасы
мушелерінің біріне тауелділік, ажырасу, балалар мен ата-аналардың арасындағы қақтығыстар, тұрмыстық жағдайлар, куш қолдану)
Екінші,Жүйелік қателіктерге (сәтсіздіктерге )
Үйлестірудің болмауы немесе осал адамдарға қолдау көрсету жуйелеріндегі турғын уй кызметтерінің тиімсіздігі
жатады . Мысалдар - мигранттарга және босқындарға,
жетім балаларға , ауруханалардан , түрмелерден , психиатриялық ұйымдардан , туелділікті емдеуге арналған стационарлык ұйымдардан шыққан адамдарға қолдау көрсету қызметтері. Әлеуметтік қолдау жүйелерін үйлестірудегі ойланушылыктын болмауы кобінесе осал
топтардын баспанысыздыкты тудырады.
Тағы да жалпы айта кететін үлкен мәселе, жағдайы бар адамдар пәтерді жағдайы жоқ адамдарға жалға беруі – капитализм дәуіріндегі адамды қанаудың бір түрі. Бұл әлеуметтік теңсіздікке әкелетін өркениетті қоғамға қайшы негативті құбылыс. Өйткені, өркениетті қоғамда адамды қанау факторлары түбегейлі болмау керек. Әйгілі ағылшын премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Мемлекеттің бірінші байлығы халық. Үкімет тек оның потенциалын ашуға көмек беруі керек» деген парасатты сөзі Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың жоғарыда келтірілген сөзімен ұштасады. Ұрпақ өнбесе, өспесе ұлан-ғайыр жерге ие болатын, мемлекеттің қазынасын салықпен толтыратын, әскер боп қорғайтын ұлттың саны қайдан өседі? Демографиялық өсім кең байтақ Қазақстанның дамуы үшін басты стратегиялық мәселе екені айдан анық. Үйсіздіктің салдары ұлт дамуына өте қымбатқа түседі. Үйсіздіктің салдары күйсіздік, күйсіздік салдары надандық. Күнін көре алмай жүрген жастарды қалай рухани жаңғыртып, өркениетті елдерге жетеміз? Ендеше, жастары үйсіз-күйсіз халық оба тигендей саны да, сапасы да өнбейді.
Бұл тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан үлкен мәселелердің бірі. Кез келген елде тұрмысы төмен немесе баспанасы жоқ жандар бар. Сол үшін қазір баспана алудың тиімді тәсілдерін үйрететін мамандар саны да артуда, әрбір адам бұл мәселеге бей-жай қарамай сауатты бола білсе және де көп жұмыс жасап баспанаға қаражат жинақтаса бұл мәселенің де қарасы азаятыны сөзсіз деп ойлаймын

Мың шыбық шаншып өсірсең, Халқыңа орман салғаның. Халқыңа орман салғаның, Өзіңе қорған салғаның.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет