Әлеуметтік орта
– адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және
қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Әлеуметтік прогресс
– қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің,
әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.
Әлеуметтік роль
– белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің,
мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус
— әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік
байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус
бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: