Әлеуметтану бойынша
глоссарий
Кайратова Надира
ДЯ-305
Адам- жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы,
қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік
жүйе болып табылады.
Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен
салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің «axia” «құндылық», «logos” ілім деген сөзінен шыққан)
құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін
социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде
бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық»,
«қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1)
адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын;
3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер
құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы
қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан,
үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың,
таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-
қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың
бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін
түсінік.
Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның
«statum” жік, қабат және «facere”-«жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған.
Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.
Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген,
жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ
болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз
ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар
мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші,
басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар — әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен
қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін,
салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің,
қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс
— әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және
тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне
сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз
орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен
және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік
ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық,
функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын
реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Достарыңызбен бөлісу: |