Әлеуметтану дифф зачет


 Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтар



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
18. Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.
Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара
қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мəселесі қоғам өміріндегі аса қиын да
күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен
ұлыстар өмір сүреді. Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтың əртүрлі
сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол
жеткізгендері де, оған жете алмай тəуелді болып отырғандары да бар.
Əлеуметтік-этникалық қауымдастықтың «түрі» жөнінде түсінік берер болсақ,
қауымдастықтың нəсілдік түрі тиісінше адамдарды бет-əлпеті, өңіне қарай
біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттері
орайластырылады. Сөйтіп, адамдар нəсілдік жəне жағрапиялық орта
ерекшелігіне сəйкес алдымен тайпалық, ұлыстық, ұттық қауымдастыққа
топтасады. Міне, осыған орай, адамдардың əрбір тобы олардың
қауымдастығының əлеуметтік-этникалық түрі деп аталады.


Адамдар қауымдастығының түрліше əлеуметтік-этникалық түрінің пайда
болуы мен дамуы қоғамдық өндіріс тəсіліне қарай анықталады. Демек,
материалдық өмірдің өндіріс тəсілі, адамдар өмір-тіршілігінің əлеуметтік,
саяси жəне рухани процесін айқындайды. Адамдар өміріндегі сондай аса
қажетті, өзара араласу мен қауымдастықтың күллі тұтастық белгісі-тілдің
ортақтығы болып саналады. Тіл – халықтың жан-жүрегі, оның этникалық
сана-сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл – адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынас байланысын нығайта түсетін басты құрал. Адамдардың
қауымдастығының əлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілері –
рулық-тапайлық, ұлыстық, ұлттық. Адамдар қауымдастығының,
əлеуметтік-этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық
байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мəдениет ортақтығы –
қауымдастықтың қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
19. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас.
Этникалар аралық қарым-қатынас - түрлі халықтар өкілдерінің, этникалық
одақтастықтардың арасындағы субьективтік түрде болатын
қарым-қатынас. 
Əлеуметтік психологияда
 жəне 
этнопсихологияда
Этникалар
аралық қарым-қатынас - екі деңгейі бар. Олар - жеке жəне топтық
қарым-қатынастар. Бұндай қарым-қатынас
өмірдің, 
саясат

еңбек

тұрмыс

отбасы

достастық
, қарапайым қатынас
сияқты салаларында қалыптасады. Оның сипаты (достастық, бейтарап не
дау-жанжалдық) откен тарихи жағдайларға, елдің саяси-əлеуметтік
жағдайына, экономикалық жəне мəдени-тұрмыстық жағдайларына, нақты бір
оқиғаға не қарым-қатынасты қажет ету жағдайына байланысты қалыптасады.
Жеке деңгейде адамдардың жеке-психологиялық жағдайларына байланысты
болады. 
Этникалар
 аралық қарым-қатынас байланыстың түрлі саласында,
ұлттық 
стереотиптарында
, адамдар мен нақты этникалық одақтастықтардың
көңіл-күйлері мен өздерін ұстауларындағы этникалық байланыста байқалады.
Этникалар аралық ұстанымдар мен бағыттар тұлғаның əлеуметтенуінде,
отбасында, оқу орнында, ұжымда, көршілік жəне достық қатынаста
қалыптасады. Бұл мəселе көп ұлтты ел жағдайында келелі мəселе болып
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет