Әлеуметтану дифф зачет


Əлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар



Pdf көрінісі
бет31/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Əлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар:
ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер,
наным-сенімдер, халықтың артуы, мəдени өзара байланыс, соғыс, табиғи
апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Əлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше əлеуметтік мəселелерді
басынан кешіреді. Жаңалықтар əр уақытта онай жолмен қалыптаспайды жəне
оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы əлеуметтік қарсы тұру пайда болып
тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында
қақтығыстар болуыда ықтимал. Əр өзгерістің өзінше шығыны болады.
Болымды нəтижелермен қатар болымсыз нəтижелерде орын алып тұрады.
Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны
белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркəсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды
нəтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның
нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нəтижелер осы əлеуметтік өзгерістің жемісі.
Əлеуметтік өзгерістер жоспарлы жəне жоспарсыз болып екіге бөлінуде.
Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер
деп айтуға болады. Жоспарлы əлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше.
Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында əлеуметтік қорғау: білім
беру, денсаулық сақтау, экономика, мəдениет, жұмыссыздық, ғылыми
зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар
бұдан да керемет қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.
Əлеуметтік өзгерістерді анықтау үшін əлеуметтануда бірнеше теориялар
дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Марсктік қақтығыс
теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.
Əлеуметтік өзгеріс "əлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды.
Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен əлеуметтік қозғалыстардың барлығы
бірдей оның сапалық даму деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар əлеуметтік
даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін.
Сондықтан да əлеуметтану ғылымында Əлеуметтік өзгеріс жəне "Əлеуметтік
қозғалыс" ұғымдары "əлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең
мағынада қарастырылады. Ал əлеуметтік даму дегеніміз – жаңа қоғамдық
карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың
пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Əлеуметтік дамуды
бағалаудың əртүрлі: экономикалық, құқықтық, мəдени, рухани, т.б. өлшемдері
калыптаскан. Оның мəн-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты
əлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, əсіресе, əлеуметтік


философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның
құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Əлеуметтік
өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы əлеуметтанушылар əлі
ортақ бір пікірге келген жоқ.
Əлеуметтанулық ғылымында əлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне
қатысты əр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны əлеуметтік
қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы
шынайы күрес ретінде, ал басқа əлеуметтанушылар оны қоғамдағы
қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде
түсіңдірді. Шын мəніңде, əлеуметгік қарама-қайшылық пен əлеуметтік
жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Əлеуметтік
қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат
иеленіп, əлеуметтік шиеленіс əбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана
əлеуметтік жанжалға ұласады.
Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Əлеуметтік
өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның
əлдебір бөлігіне, не бүгіндей əлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы
тарихыңда Əлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне
революциялық екі пішімі кеңінен мəлім. Жалпы кез келген əлеуметгік
жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір
бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки
прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған
байланысты əлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды.
Оны ғылыми жағынан негіздеп, «əлеуметтік мобильдік» теориясының авторы
П.Сорокин терең зерттеді. «Əлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген
индивидрет мен адамдар тобының бір əлеуметті жағдайдан екінші бір
əлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Əлеуметтік өзгерістерге əсер ететін факторлар: индустрия ( техника,
технология); урбанизация
Унификация-лат. unus — бір жəне facio — жасаймын) - бірыңғай мақсатқа
пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту.
Унификация стандарттаудың тиімді жəне кең тараған əдісі. Оның негізгі
мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге жəне пайдалануға
жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін
алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.


Құқықты гармонизациялау – əртүрлі мемлекеттердің құқықтарын
жақындастыру, олардың арасындағы айырмашылықтарды жою жəне азайту.
Мемлекеттер тəжірибесіне қарайтын болсақ, мемлекеттердің ішкі
құқықтарының дамуы гармонизация элементтері арқылы жүзеге асып
отырған, мемлекеттердің құқықтық жүйелері бірінен біріне ауысып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет