23.Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады.
Жұмысбастылык - еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі Тұрғындар жұмысбастылығы дегенiмiз - азаматтардың ҚР КОНСТИТУЦИЯСына, зандары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге кайшы келмейтiн жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы занында атап көрсетілген. Жұмысбастылык саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалык тұрғыдағы мәнін анықтап аy керек. Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылык - тұрғындардың коғамдык немесе өнімді ұлттық табысты өндiрудегi қызметі, ал когамдык ендiрiсте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жумысбастылыкка алып келеді.