Әлеуметтану жауаптары Әлеуметтану теорияларына кіріспе


Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт



бет9/15
Дата14.10.2023
өлшемі54,19 Kb.
#114125
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
?ëåóìåòòàíó æàóàïòàðû ?ëåóìåòòàíó òåîðèÿëàðûíà ê³ð³ñïå

19. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт.
Этникалық жүйелер деп мыналар есептеледі:
Биологиялық жағдайы қалыптасқан адамдар тобы (арыстандарда прайд) Адамдардың ландшафтқа қалыптасу формасы
Біркелкі комплементарлық адамдар тобы, өздерінің бірлігі мойындайтын және басқа этникалық жүйелерге өздерін қарсы қоятын адамдар Өздерін ұстау нормалары бірдей адамдар тобы
Бір тамырдан шыққан және синхромдық тарихы бірдей адамдар тобы
Тұрақты эволюциялық жүйелер
Иерархиярлық құрылымдар
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға
мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы əлі күнге бірыңғай
түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дəрежедегі этникалық
жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт жəне т.б.). Алайда,
кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар,
суперэтностармен қатар жəне т.б.).

Халық (тұрғындар) - қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған


адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде əлем халқы тым баяу өсті, ол əлеуметтік экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тəу- елділігімен түсіндірілді.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар
ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сəйкес
келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді жəне тек ұлттық мемлекеттер
халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір
қалыптасқан.


20. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлт-мемлекет.
Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы зор. Кеңес Өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналады. Қандай да бір қайшылықтар мен қайшылықтар болмасын, Қазақстанды мекендеген халықтар өзара достықта өмір сүрді. Бір бірімен қарым - қатынастары тығыз болды. Сөйтіп қазіргі өзара түсіністік пен азаматтық татулықтың негізі сол кезден бастап қалыптаса бастады.
Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы басты тұлға – адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғары құндылығы да адам. Қазіргі өзгерістің бәрі сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр.
Елімізді мекендейтін 120 ұлт пен ұлыстың достығының кепілдігі барлық ұлт өкілдеріне деген қамқорлық Конституцияның бірқатар баптарында арнайы атап көрсетілген.
Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.
Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық теңдігі мен мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін еркін қолданылуын, ұлттардың бір – біріне деген құрметін қамтамасыз етеді.
Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан – жақты дамыта отырып әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптарын сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалынады. Мұны біздің Республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыста сезіне түсуіде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет