Дәрістің мазмұны: Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар, (үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.
Өзіндік бақылау сұрақтары: Экономикалық әлеуметтанудың әлемдік ғылымда пайда болуы және қалыптасуы. Экономикалық әлеуметтанудың спецификасы және статусы.
Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: "Қазақ университеті", 2012. – 224б.
Грушин Б.А. Мнения о мире и мир мнений. М.: Праксис, ВЦИОМ, 2011.
Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
Қосымша:
Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017.
Дискуссии об образовании. Опыт социологических исследований – Discussions on education. Experience of sociological researches: кол.монография / под науч.ред. Абдирайымовой Г.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 222 с.
Отар Э.С. Особенности городского среднего класса Казахстана. – Астана. ЕНУ им. Л.Н. Гумилев. 2018. – 400 с.