Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: "Қазақ университеті", 2012. – 224б.
Грушин Б.А. Мнения о мире и мир мнений. М.: Праксис, ВЦИОМ, 2011.
Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
Қосымша:
Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017.
Дискуссии об образовании. Опыт социологических исследований – Discussions on education. Experience of sociological researches: кол.монография / под науч.ред. Абдирайымовой Г.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 222 с.
Отар Э.С. Особенности городского среднего класса Казахстана. – Астана. ЕНУ им. Л.Н. Гумилев. 2018. – 400 с.
Тақырыбы Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму этаптары Мақсаты: Студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептерін түсіндіру. Студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстыру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру.
Дәрістің мазмұны: Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді