Дәрістің мазмұны: «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150 – ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілері бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады
Өзіндік бақылау сұрақтары: Әлеуметтанудағы жүйелік талдау түсінігі. Жүйелік қөзқарас және жүйелік талдау. Әлеуметтанудағы «қоғам» және «жүйе» түсінігі.
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жүйе түсінгі. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.
Қоғамға әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «мәдениет».
Дискуссии об образовании. Опыт социологических исследований – Discussions on education. Experience of sociological researches: кол.монография / под науч.ред. Абдирайымовой Г.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 222 с.
Отар Э.С. Особенности городского среднего класса Казахстана. – Астана. ЕНУ им. Л.Н. Гумилев. 2018. – 400 с.