90. Ресми институттар бұл:
А) қызметтері заңдық нормаларға негізделген, мыс: мемлекет, әскер, т.б;
Б) қызметтері қоғамдық нормаларға негізделген, мыс: отбасы, дін, т.б;
В) құқық қорғау институты;
Г) денсаулық сақтау институты;
Д) білім беру институты;
91. Институционализация дегеніміз не?
А) әлеуметтік нормалар, ережелер, құқықтар, статустар мен рөлдерді анықтау, нығайту, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру, бір жүйеге келтіру;
Б) қоғам мүшелерінің іс-әрекеттерін реттеу, әлеуметтендіру, өндіріс және бөлініс, басқару және бақылау;
В) қандай да бір әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды алдын ала көру және оның салдарына баға беру;
Г) жеке бас кызметіне басшылық ету және іске асыру;
Д) діни формалардың орындалуы санкцияларын бақылау және іске асыру;
92. Әлеуметтік институттардың басты қызметі:
А) тұлғаны әлеуметтендіру;
Б) қоғам мүшелері арасындағы қатынастарды ретке келтіру;
В) консолидация, әлеуметтік топтарды біріктіру және ұйымдастыру;
Г) әлеуметтік тәжірибе алмасу, жариялау;
Д) институт ішіндегі және институт арасында ақпараттардың таралуы;
|