«Әлеуметтану» пәні дәрістері Дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына



бет14/18
Дата22.12.2022
өлшемі123,79 Kb.
#59031
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны 2

Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына:

  • экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсетуге қайта бейімделуі;

  • интеллектуалдық технологияның өндірістік жəне технологиялық салаға теңесуі;

  • материалдық меншіктің құндылықтар жүйесіндегі маңызының кемуі;

  • материалдық өндірістегі ақпараттық жəне ғылыми қызметтің бəсекелестік басымдылығының артуы;

  • қоғамның технологиялық жəне саясиəлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым маңызының артуы;

  • кез келген саланың ғылыми жəне білім берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі;

  • əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.

БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңызды ақпараттың информациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде орны зор.
БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына жəне жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады.
БАҚ-тың маңызды рөлі – қоғамның өміршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңістігінде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзгерістерді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау процестері көрінуде.
Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралық ақпаратқұралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады. Қоғамдық-əлеуметтік құрылымда ақпарат қоғамның маңызды əлеуметтік құралы. Олар азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды институттардың бірі болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет