нақты жағдайда қаншалықты қажеттілігі айқындалатын ақпараттың пайдалылығы;
белгілі бір уақыт аралығында ақпараттың құнсыздануы.
Ақпарат адамзаттың негізгі ресурсына, басты құндылыққа айналып отыр. Қоғамдық салада ақпараттың рөлінің өсуі жəне ақпараттық қатынастардың алдыңғы қатарға шығуы ақпараттық қоғам дəуіріне енудің көрсеткіші болып отыр.
Адамзат өркениеті ақпараттық қоғам құру кезеңінде тұр. Ақпараттық қоғамға өту процесі адамзат қоғамының ерте кезеңінен басталған, бірақ қарқынды даму ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Ақпараттандыру – бұл қоғамның бүкіл мүшелеріне кез келген əлеуметтік маңызы бар ақпаратты алуға мүмкіндік беретін саяси, əлеуметтік-экономикалық, технологиялық факторлардың өзара байланысқан жиынтығы нəтижесінде жүзеге асады.
Ақпараттық ағымда тұлғаның бойында ақпараттық ортаның қызмет ету заңдылықтары туралы білімдердің, қабілеттіліктердің, құндылықтардың қалыптасуы өмірде дұрыс бағыт-бағдар ұстануға, маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Ақпараттандыру үрдісі қоғам жəне адам өмірінде даму ресурсы ретінде ақпаратты жəне ақпараттық коммуникация технологияларын толық пайдалану адамның ақпараттық мəдениетінің дамуы мен қалыптасуының маңыздылығын арттырып отыр.
ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары:
микропроцессорлар мен электрондық есептеу машиналарының өндірісте, транспортта, тұрмыста жəне т.б. қоғамдық өмірде кеңінен қолдану;
интеллектуалдық жұмыстардың сапасының артуы мен орындалу мерзімін қысқарту мақсатта автоматтандырылуы (ақпараттарды автоматты түрде іздеу, аудару жəне техникалық құралдар арқылы автоматты түрде басқару, жобалау, ғылыми зерттеулерде жəне т.б. салаларда жұмыстар жүргізу);
ақпараттың таратылуы мен тасымалдану тиімділігін арттырып, қағаз үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатта көптеген қағаз баспа шығарылымдарын біртіндеп электрондық түрге айналдыру;
əртүрлі ауқымды тасымалдау жұмыстарын тез жəне аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін жоғары дамыған электронды коммуникация жүйелерінің құрылуы (электронды пошта, электробайланыс желісімен сатып алу мен қаржылай есептесу, телеконференциялар жəне т.б.).
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі жетістіктер, біздің өмірімізге «ғаламдық ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени қатынастардың құрылуына алып келді.