Дәріс№ 4 Саясат әлеуметтануы
Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің
мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін таньш-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізіңде ашылып қарастырылады, ол ұғымдар атап айтқанда:
саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара көп жақгы байланыстардан тұрады.
Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды.
Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
Саясат жане саяси қызмет
Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үсгіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдын ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның
объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік-саяси қатынастар - саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік
топтар, этностар арасындағы, елдер - мемлекеттер, ұрпақгар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәде ниетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді.
Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады. Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саясат ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бүгінге дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді.Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен,қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — «саяси саясатты», яғни мемлекетгік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік, саяси жөне рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бұл ғылым саясатты әлеуметгік құрылымдарға және формалды емес әлеуметтік жүйелерге, қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл
кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.
Саясат әлеуметтануының пәніне — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің коп түрлілігін ескере отырып, әлеуметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.
Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру зандары. Бұған әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субъектілері мен объек-тілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады.
Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б. Даму заңы - бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметгік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағыттын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс, т.с.с.
Осы зандарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:
Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер, т.с.с;
Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, көппікірлілік, саясаттандырылған тұлға және т.б.
Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді.
Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды
мемлекетгік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің бәрі де жинақгалып «саясат» ұғымынан көрініс табады.
Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық
қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады*. Бұл қатынастар нақгы құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-бірі ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды
(ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъек-тілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы
ең алдымен қоғамның нақгы саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.
Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез келген әлеуметтік субъектілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады.
Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі – саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметгік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға таңу арқылы керінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың теңірегіндегілердің, сондай-ақ жеке партия көсемдерінің өз еріктерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді.
Топтың, т.б. мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.
2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
Субъектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз объективтік сипатта болады. Жоғарыда айтылғандай, белгілі бір субъектілердің саяси қызметі жауап көзқарасты тудырады және бұл әрдайым олардың өзара әрекеттері шеңберінде көрінеді.Бұл өзара әрекеттер тұрақты қайталаньш отырғандықтан тұрақты саяси қатынастар ретінде орнығады. Әлбетте, саяси қатынастар саналы түрде
қалыптасады. Әрбір субъекті өзге субъектілермен саяси өзара әрекетгерге түсіп, өздерінің саяси мүдделерін саналы түрде жүзеге асыруға тырысады
және сол үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдарды қолданады. Бірақ, біріншіден, саяси мүдделер мен талаптар олардың санасы мен еркіне тәуелсіз
тұрған объективтік әлеуметтік жағдайлармен дәйектелген; екіншіден қалыптасқан саяси қатынастар объективтік саяси нақгылық сәттері ретінде көрінеді және өз кезегінде олар адамдардың саяси қызметіне мейлінше ықпал жасайды, оның мазмұны мен бағытын айқындауға себепші болады.
Саяси процестердің субъективтік жақтары дегеніміз - ең алдымен алдарына белгілі бір мақсаттар қоятын және оларды саналы түрде жүзеге
асыратын немесе іске асыруға тырысатын саяси процестерге қатысушылардың саяси санасы және ерік-жігері. Әлбетте, олар қайсыбір саяси процестердің объективті даму жағдайларын анықтай алмайды, бірақ бұл жағдайларды пайымдай, түсіне де алады және оларды өз әрекет-қызметінде ескеретін де болады. Бұл оларға саяси процестердің барысына оңтайлы ықпал етуге, ол процестерді белгілі бір арнаға бағыттауға, тіптен саналы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Саяси процестер әр түрлі сипатта болады. Олардың сипаты оған қатысушылардың объективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақсаттарына тәуелді. Айталық, қоғамды саяси жаңғыртуда, қайсыбір әлеуметтік-саяси шындыққа бейімделуде, белгілі бір саяси күштермен ынтымақтасу немесе олардың арасындағы қарсыластықта саяси күрес сипатына ие бола алады. Сонымен бірге саяси процестер сындарлы, жасампаз немесе олар қоғамның саяси құрылым жүйесін бұзып, қиратуға бағытталған болса, деструктивтік, қиратушы сипат алуы мүмкін. Осының бәрін жүріп жатқан саяси процестерге объективтік баға беру кезінде, олардың шынайы бағыттын түсінуде ескеріп отыру керек. Саяси процестер, әлбетге, белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар көбіне-көп белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді.
Саяси институттар қоғамның саяси жүйесін және саяси сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |