Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. . Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с.
Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді
46. Басқару формалары мен мемлекеттік құрылымының тарихи және қазіргі заманғы түрлерін атап беріңіздер Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.
Негізгі басқару формалары: Монархия Монархия — жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы. Монархиялардың түрлері: Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия (Ватикан) болып табылады.