Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.
Әлеуметтік статус — әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.
Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Әлеуметтік эксперимент — әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.
Бақылау — әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.
Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.
Билингвизм – қостілділік.
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.
Бихевиоризм және необихевиоризм– сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.