1) егер кедейлер тобы мемлекетті басқарудан шеттетілмесе;
2) байлардың мүдделілік өзімшілдігі шектелсе;
3) орта топ көпшілікті құрап қоғамда тұрақтылық қалыптасады.
Қоғамды жетілдіру адамдарды теңестіру емес моральдық жағынан елді көтеру керек деп үйретеді
Аристотель:
Жеке меншікті жақтады.
Адамдар тек өзіне қатысты заттар жөнінде көбірек қамқорлық жасайды, ал меншік ортақ болған жерде оған ерекше ынта білдірмейді, енжарлық танытады» дейді.
Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына әсер етуші әлеуметтік факторлар:
Себептер:
Франциядағы үш революция (1789, 1830, 1848) – яғни қоғам мен ондағы өзгерістерді зерттеуге алғышарттар туындайды.
Жаратылыстану ғылымының дамуы (химия, физика, биология).
Англиядағы, Франциядағы капитализмнің дамуы.
Қалалардың өсуі.
Әлеуметтанудың дамуы төрт негізгі кезеңінен өтті
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында - Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады, алғашқы мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдары. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды, әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдары. Бұл кезенде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуы француз философы Огюст Конттың есімімен байланысты(1798-1857 ).