Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау



Дата20.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#119868

Әлеуметтанулық теориялардың
даму кезеңдерін талдау
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Әлеуметтану
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.
О.Конт қоғамның дамуын 3 кезеңге бөледі
Теологиялық
Метафизикалық 
Позитивистік 
Теологиялық саты
- адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Метафизикалық саты
- адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.
Позитивистік кезең
- адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек. Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.
Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.
Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903) болды.
Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
  • қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

  • 2) әлеуметтік эволюция идеясы.

Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді.
1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.
Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді.
Қолдаушы
Экономикаға
Байланыс
Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын атап көрсеткен.
туыстық
білім
саяси
кәсіби 
шіркеу
өндірістік
Спенсердің қоғамды организм ретінде түсінуі әлеуметтік дамуда туындаған. Спенсер қоғамдық өмірде мемлекеттің ойын шектеуді тіптен кедейлерге көмек немесе балаларға тәрбие беру туралы қамқорлығынанда бас тартуды ұсынды. Спенсердің пікірінше кез-келген қоғам дамуы органдардың үш жүйесінің негізінде баталып жүреді деді.
1)жүйе: сүйемелдеуші жүйе (материалдық жағынан қамтамасыз ету).
2)жүйе: бөлуші жүйе-еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасқан әлеуметтік органнан, әртүрлі бөлімдерінің байланысын қамтамасыз етеді.
3)жүйе: реттеуші жүйе - бұл қоғамның құрамды бөлімдерін біртұтас орталыққа бағындырып мемлекет тарапынан оның дамуын реттеп отырады.
Спенсер қоғам ерекше бөлімдерден, яғни «органдардан» тұрады дейді. Бұл бөлімдер немесе мекемелер болып табылады. Мекемелердің алты түрі бар:

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет