Әлеуметтанулық зерттеулер Орындаған: Төреәділ М


үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды



бет4/4
Дата07.06.2023
өлшемі14,98 Kb.
#99419
түріБағдарламасы
1   2   3   4

үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект («N» қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол «қайталанған» респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы,

білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі)

бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық

элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда

қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал

олардың жеке сандық мағыналары – квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің

сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:»N» қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша

зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы,

білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді.

Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі

(статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің

құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі

құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

http://emirsaba.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет