– Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу)
Байланысты:
ÓлеÑмеÑÑанÑлÑÒ Ð·ÐµÑÑÑеÑлеÑ-emirsaba.org – Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну , ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу); – Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
2кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
– сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу , сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.); – сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу ,, сұхбат алу және т.б.).
3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
– алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу); – сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару ;
4кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
– Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.); – Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну); – Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар , мақалалар және т.б. жазу; Социологиялық зерттеудің бағдарламасы Бағдарлама – эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
1. Зерттеу тақырыбын , проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау ;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: