Тұлғаның əлеуметтенуі
СОӨЖ-1
Бижанова.А
Əлеуметтену — жеке адамның қалыптасуы. Кез келген
адамдүниеге келе салысмен міндетті түрде белгілі бір
қоғамның (мемлекеттің,ұлттың,этностың т.б.) мүшесі
болғандықтан ол сол өз қоғамына сай қалыптасады. Қалыптасу
процесіне отбасындағы қалыптасқан үрдістен бастап қоғамдағы
қалыптасқан ережелер мен заңдылықтар əсер етеді.
Əлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мəртелік емес,
іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын
ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Адам адам
болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам
болып қалыптасуы оның физиологиялық жəне
психикалық дамуына сəйкес табиғи нышандардың
негізінде жүзеге асады: мұнда əлеуметтік-
экономикалық жағдайлар , мəдени
құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда
тəрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты
факторлар шешуші роль атқарады.
Адам анасынан бірден мəдениетті болып жаралмайды, тəрбиелеу, білім алу
жəне қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Əлеуметтік-
мəдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес
əдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы əлеум. жолмен жүзеге
асады; əрбір жеке адам (индивид), əр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп
жатқан əлеуметтік жүйенің мəдени мұрасын игерудің өзіне тəн ерекше жолынан
жүріп өтеді.
Тұлғаның əлеуметтенуі индивидуалды дəрежеде бірнеше
үрдістен тұрады
1
Адамдардың тұлғалықтары өзара əсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың
өзара əсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дəреже, жыныс тағы сол сияқты
факторларға өз əсерін тигізді.
2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді.
3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тəжірибе арқылы қалыптасады.
4 Тұлғаның құрылуына əсер ететін аспект болып мəдениет саналады.
Тұлғаның əлеуметтік – психологиялық
ерекшеліктерінің қалыптасуында əсер ететін қарым-
қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан
əлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі
негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің
сыртқы ортамен əлеуметтік байланысын кеңейту болып
табылады.
Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі.
Біріншіден. бұл əр іс-əрекет түрінде болатын жəне оның түрлері арасындағы
байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол əр тұлға үшін маңызды іс-əрекет
аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі
ретінде іс-əрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады.
Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни – негізгі таңдалған іс-əрекет
төңірегінде орталықтану жəне басқаларды оған бағынышты ету.
Үшіншіден, іс-əрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп,
олардың мəнділігін игереді.
Қорыта айтқанда тұлғаның əлеуметтік – психологиялық
ерекшеліктерінің қалыптасуына əлеуметтенудің ықпалы
зор, тұлға болып дамыған тіршілік иесін əлеуметтенусіз
елестету мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |