Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар факультеті



бет2/3
Дата17.04.2023
өлшемі65,09 Kb.
#83508
1   2   3
Негізгі бөлім
Философияда сана мәселесінің қалыптасуы
Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм - адамнан тəуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нəтижесі, бірыңғай, өзінің мəнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты туады деп есептелді. Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана – адамнан жоғарғы мəні, мидың, материяның ішкі жағы. Орта ғасыр философиясының өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады-мыс. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hule- материя, zoe- тіршілік) дейді.
Ең алғаш мифологияда қалыптасқан сананың денені басқаратын, құпия бастаудың əрекеті ретінде түсіндіретін көзқарасы кейінірек бүкіл əлемге таралды. Бұл тəнсіз бастаудың ойы мен мақсаты бүкіл табиғат пен қоғамдағы барлық нəрсені басқарады деген көзқарас қалыптасты. Сана туралы осыған жақын ойды Платон да жазды. Адамның денесі өлі, ол мəңгілік өмір сүретін жанның уақытша абақтысы, ал тəнсіз мəңгі жан Ғаламдағының барлығын басқарады, ол заттарды идеяларға еліктеуге, ал идеяларды заттардың ішіне енуге мəжбүрлейді. Ортағасырларда əлемге дейін өмір сүрген жəне ештеңеден (из ничего) əлемді қалыптастырған əлемнен тыс тəнсіз рухани бастаудың еркі мен ойы деген мəселе алдыңғы орынға шықты. Тек сол ғана адам санасында ойлайды, қалайды, сезеді. Адамның санасы, оның ақыл-ойы – құдай ақыл-ойының бөлігі.
Фрейдтің пікірінше психика үш қабаттың қосындысы:
1. «Мен» адамның санасы, психиканың барлық құрамындағы бөліктерінің арасындағы келістіруші.
2. «Ол» – санасыздық əлемі, онда адамның жасырын ойы, арманы, тілегі бар.
3. «Шектен тыс – Мен» – жеке адамдарға қысым жасап, əсер ететін сыртқы орта, «сыртқы цензура»: заңдар, тыйым салу талаптары, мораль, мəдениет дəстүрлері. «Мен» өзіне «Оны» бағындыруға тырысады. Бірақ бұл жерде нəтижеге сирек қол жетеді. Əдетте «Ол» жасырын немесе ашық түрде «Менді» бағындырады. Фрейд мұны былай суреттейді: ат жəне оның үстіндегі адам, Адам «Мен» – атты бақылайды, əмір береді, ал ат (Ол) болса адамнан басым, себебі оны алып бара жатыр. Кейде адам бақылауды жоғалтып алғанда, ат оны ала жөнелді, қайда алып кететіні белгісіз. Алғашында фрейдизм невроздарды түсіндіреті жəне емдейтін ілім ретінде қалыптасып, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап болған саналық пен бейсаналық арасындағы қарым-қатынасты, бейсаналықтың өзіндік заңдылықтары мен əрекетшілдігін түсіндіруге бағытталған теорияа айналды. Фрейд адам психологиясының өсіңкілігін (динамикасын) түсіндіру үшін, оның психологиялық үш түпнегізін (субстанция) қарастырады. Олар “мен”, “жоғарғы мен” жəне “ол”. “Мен” сыртқы жəне ішкі əлемдердің жəне жоғарғы менмен олдың арасында байланыстырушы қызметін жүзеге асырады. “Мен” əрекет-қылықтың реттілігін жəне үздіксіздігін қамтамасыз етеді, осының арқасында өткен оқиғалар қазіргі жəне болашақ оқиғалармен қабысып жатады. “Мен” психикаға да, денеге де жатпайды. Ол өзінің даму процесінде, əсіресе қауіп төнгенде, ауырғанда жəне өмір сүру жағдайларына байланысты, бүкіл өмір бойына өзгеруі мүмкін. “Меннің” іс-əрекеттерінің түріне жəне эффектілігіне қарай адамдар бір-бірінен айрықшаланады. “Меннің” бұл қасиеттерін Фрейд оның күші деп атайды. “Мені” күшті адамдар мынадай мінездемелермен ерекшеленеді: ол қоршаған ортаны жəне өзін бағалауда əділетті болады; ол қабылданған шешімді ешқайда жалтақтамай жүзеге асыра алады; ол өз талаптарының құлы емес, сондықтан оларды қоғамға пайдалы 55 жағына қарай бағыттауға мүмкіндігі бар; күштердің қысымына қарсы тұрып, өз бағытын таңдай алады т.б. Ал “мені” əлсіз адамдардың бала сияқты мінезқұлқы, іс-əрекеті тұрақсыз келеді де, нақты орта мен өзін бұрмалап, қате түсінеді; ол барлық қайрат күшін, өзі туралы қате, бұрмаланған түсінігін қорғау үшін жұмсағандықтан невроз ауруларына шалдығып, жұмыста ешқандай жақсы нəтижеге жете алмайды. Жеке адамның даму процесінде “мен” ұсақ бөлшектерге бөлінеді де, “жоғарғы мен” дамиды. “жоғарғы мен” адам психикасыны” ішкі құрамына айналған ата-аналардың жəне қоғамның берген маңызды қағидаларына сүйене отырып табиғи инстинктерді (“ол”) тиюға жəне бақылауға талпынады. Сөйтіп, “жоғарғы мен” мен “ол”-дың арасында қарамақайшылық пайда болады. Осы екеуінің ортасында жарастырушы қызметін “мен” атқарады. “Менді” қалыптастыруда жəне қоршаған ортаны танып-білуде сананың рөлі өте зор. Ал санамызбен қорытпаған, түсінбегеннің бəрі бейсаналық болып табылады. Саналық бейсаналыққа жəне керісінше болып алмаса беруі мүмкін.
Адам психикасын анықтаушы факторлар
Адам психикасын анықтаушы факторлар: негізгі фактор – қанағаттану, адам психикасын басқарады жəне бағыттайды. Көңіл көтеру – психикадағы компас секілді, қалай болғанда да, көңіл көтеруге жол іздейді. Психикада қабылданбайтын, тыйм салынған тілектер мен идеяларды (қоғамға қарсы істерді, жыныстық қатынастарды) ығыстырады. Санасыздыққа ығыстырылған, сыннан (цензурадан) өтпеген тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды, яғни «рұқсат етілген» əлеуметтік əрекет типіне өтеді жəне мəдени шығармашылық болып өзгереді.
Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл-ой арқылы пайымдайды, жоспарлайды. Ми – материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі спонтандық емес, өзінің санасына бағынған, мəні бар. Жануарлар өз тəжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бірқатар əрекеттері күрделі, əрі саналы болады. Бұл негізінен жоғарғы сатыдағы мысық, ит жəне приматтарда айқын көрінеді. Жануарларда өздеріне тəн «мораль», тəртіп, жетекшілік-бағыныштылық қатынастар, күрес жолдарын саналы таңдау бар. Инстинктің өзі де тек туа біткен емес, өмірде пайда болған, яғни өмірде игерілген тиімді əрекеттердің сана деңгейінде сақталып отыруы.
Ми – дегеніміз – шындықты психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы болып саналатын сана органы. Қазіргі ғылымда адам миы екі үлкен бөлшектен тұратындығын айтады, мидың оң жəне сол жақ жарты шарлары. Сол жақ– 56 адамның көтеріңкі күйіне, қуанышына жауап береді, өнер иелерін – суретшілікті, əншілікті, жазушылықты оятады. Оң жақ: уайым, үрейлену, ренжуді туғызады, ғылыми ойлар, теория мен тұжырымдамалар жасауға жетелейді.
Сананың пайда болуы
Сананың пайда болуының екі жағы бар: биологиялық шарттары, əлеуметтік негізі.
Биологиялық шарттар:
1. Маймыл тəрізді хайуанаттардың, адамға аз да болса ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы. Неандерталдық, денистік, кроманьондық адам.
2. Бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі. Екінші сигналдың – объективті затты алмастырушы субъективтік бейнелердің сырт белгілерінің (дыбыс, қимыл, т.б.) дамуы.
3. Дене құрылымы, тік тұрып жүруі, аяқ-қолдарының жетілуі, қолдың босап, ойда туғандарды істе тексеру мүмкіндігінің артуы.
Əлеуметтік негіз:
1. Инцеске тыйым салу. Еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеу, күштің көбеюі.
2. Сөз, тілдің пайда болуы. Еңбек құралдары табиғатта дайын түрде жоқ, оны жасауда жас ұрпаққа үйрету, тілді жетілдірудің қажеттілігін тудырады. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды (бейнелермен алдын ала мида жұмыс істеу) дамытады.
3. Адамдар арасындағы материалдық, рухани қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік, өзара көмек, келісе шешуі өседі.
4. Адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың – өндіріс, отбасы, ұлт, тіл, т. б. əлеуметтік құрылымдардың күрделенуі, əртүрлі ілімдердің пайда болуына əкеледі.
Тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар, ол барлық материяға тəн – бейнелеу қасиеті. Бейнеулеу (шағылысу – отражение) заттар мен құбылыстардың жан-жақты байланысы (тікелей немесе аралық заттар мен құбылыстар арқылы) мен əсерлеуінің салдары. Дүниедегі көрінген заттың өзгерісі барлық басқа заттардың өзгеруіне əкеледі. Əрбір зат сол өзгерудің ізін өз бойында сақтайды, соған сəйкес өмір сүру тəртібін түзетіп отырады, сөйтіп қоршаған ортаға бейімділігін байқатады. Бейнелеу – əрекеттескен заттардың құрылымдық деңгейіне тəуелді болғандықтан, оны механикалық, физикалық деп ажыратып қарауға болады. Бейнелеудің екі түрі бар:
1) Изоморфизм (гр. ioog – бірдей форма) – объекті мен оның бейнесі арасындағы айнымас ұқсастық.
2) Гомоморфизм (гр. бір, тең) – объекті мен оның бейнесі арасындағы ұқсатық дəлме-дəл емес, мөлшерлі, жоба түрінде болуы. Бейнелеудің жоғарғы түрі, биологиялық түрлерде қалыптасады. Зат алмасу бар жерде, тіршілік өмір бар. Физиологиялық процесс, тірі организмнің өмірі тітіркенуден басталады (бір клеткалы құрылымдар, өсімдіктер дүниесі). Тітіркену ең қарапайым жəне жабайы организмдерден бастап, барлық тірі организмдерге тəн қасиет.
Психикалық (жүйке жүйесі). Жеке сезім мүшелері арқылы бір нəрсенің жеке қасиетінің бейнесі пайда болады. Оны – түйсік (ощущение) дейміз. Объект келбетінің пайда болуын, шындықтың толық бейнеленуін, қабылдау деп атайды. Елестету дегеніміз – еске байланысты түйсік пен қабылдаудың бергенін мида сақтап, жаңғырту. Түйсік –қабылдау, елестету, бейнелеудің идеалдық түрі. Бірақ олардың барлығының шығар көзі материалдық. Сана материяның туындысы болғанымен материалдық емес, идеалдық. Оның себебі: бейне зат емес, ол əркімде əртүрлі жəне тарихи өзгеріп отырады. Бейне мидағы физиологиялық процеске де тең емес (оларды теңестіретіндер бар, оларға тұрпайы материалистер жатады). Сөздің де материалдық жағы (белгісі) жəне идеалдық жағы (мəні-бейнесі) бар. Сөйлеу мен ойланудың да айырмашылығы осындай: ойлау – ұшқыр болады, сөйлеу – материалдық болғандықтан, оған ілесе алмайды.
Адам ойлауды, елестетуге сүйеніп жүргізеді. Елестетуде заттың негізгі жəне негізгі емес қасиеттері ажыратылады, ой негізгілерінің арасындағы тұрақты байланысты анықтап, зат дамуының заңдылықтарын ашады, оны практикада тексеріп бекітеді. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Материалдық-практикалық қызмет адам өмірінің негізі, ол практикалық ісəрекет, еңбек. Сана шындықты тек бейнелеп қана қоймай, оның заңдылықтарын ашып, оны жасайды да. Бұл оның белсенділігі, шығармашылығының негізі.
Адамды қоршаған қазіргі барлық əлем бұрынғы қаз қалпындағы табиғат емес, оның санасы, ақыл-ойы арқылы, мақсат пен мүддесіне сай өзгертілген жасанды орта, екінші табиғат, реттелген əлем. Əрбір адам туа салысымен өткен ұрпақ жасап кеткен дайын заттар дүниесіне, қалыптасқан қатынастар жүйесіне келеді. Яғни, оның объективтік шындыққа қатынасы – денесінің биологиялық құрылысына ғана емес, негізінен қоғамның тарихи даму деңгейіне, басқа адамдармен байланысу тəжірибесіне тəуелді.
Бейсананың санадан ерекшелігі
Бейсана санадан жеке адамдардың өзінің елестету жəне жан күйзелісін əр түрлі саналық сатысында түсінуімен ерекшеленеді. Бейсаналық түстерде, гипноздық жағдайда, адамдардың əр түрлі қаалыптасқан жағдайда, адамдардың əр түрлі қалыптасқан əдет-қылықтарында көрініс табады. Бұл төменгі сатыдағы бейсаналық. Ал, жоғарғы сатыдағы бейсаналық санадан тыс жатқан инстинктерден, физиологиялық құштарлықтардан, əуестіктерден көрінеді. Осы жоғарғы сатыдағы бейсаналық адамдардың агрессиялық бейімділігінің қайнар көзі. Бірақ, қоғамда бұл бейсаналықты” түрі өзін көрсете бермейді, себебі ол “сананы” түкпіріне” жасырынады да, “рұқсат” етілмеген іс-əрекет ретінде ұзақ уақыт сақталады.

Сана түрлері


Тарихи өзгеріп, жетіліп отыратын білім – этникалық, эстетикалық қағидалар мен нормалар, діни, ғылыми, құқықтың, саяси идеялар мен көзқарастар əрқашан адам мен қоршаған ортаның аралығында тұрады. Адамның шындыққа ең бастан-ақ бір түсінік, ұғыммен қарауы - оның саналығы, рухани жан ретінде қалыптасуының кепілі. Сондықтан, руханилықтың алғашқы белгісі дүниені санада пайда болған идеалдықпсихикалық модель арқылы танып, соның негізінде мүддесін анықтап, жоспарлы іс-əрекеттер жасау деуге болады.
Өзіндік сана – сананың жетілген дəрежесі. Оның негізгі көрсеткіші – өз ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-əрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап оған қарсы тұрады да, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп, жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда, рулық сананың орнына жекелік сана, «біз» түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.
Жеке адам өзін-өзі енді көрінген басқа адамға, тіпті туыстарына да қарсы қоя бастайды. Қара күш, соғыс қаруының жетілуі, айлакерлік, алдап-арбау, шағыстыру, т.б. қасиеттер дамып, қоғамның тұрақтылығына қатер төнеді. Осыны тоқтату қажеттілігінен жақсылық пен жамандықты ажырату, оларды табиғаттан тыс күшке (əр елдің табиғаты əр-түрлі, құндылықтары ерекше болғандықтан) табынып бағыну, яғни алғашқы жүйелі идеология əлемдік діндер қалыптасады.
Кең ауқымды, жалпы көзқарастық идеалдық-психикалық модельдер діни ілімдердің жемісі, шынайы толық мəнді руханилық осы кезден пайда болады. Идея, идеал үшін өзіңнің табиғи ұмтылыстарыңды тежеу, өзіңді-өзің тəрбиелеу, өз-өзіңе жауапкершіліктер жүктеу, жаңа сапалыдағы адамның тұруына тың жол ашады. Бірақ діннің мазмұнында мифологиялық білім, о дүниедегі ең ауыр тəндік жазамен қорқыту, қара күш қолдану басым. Мұнда саналы ұстанымдардан гөрі басқаларға еліктеу, елдің сөзінен қорқу көп орын алады. Сондықтан нақты ғылымның, соған сүйенген рационалдық философияның жаңа замандағы айрықша дамуы, діннің рөлін күрт төмендетті. Осы кезден бастап руханилықтың ғылыми негіздемелері жасала бастады.
Руханилықтың негізгі мəні – саналы түрде қоғамның тұрақтылығын, келісімділік өмірін жетілдіріп, адамның еркіндігі мен шығармашылығына жағдай туғызуға ат салысу. Ол өз бастауын «қоғам болмаса – адамның да болмайтыдығын» интуитивтік деңгейде бағдарлаған алғашқы қауым адамынан, «өмірді – күрес» дейтін биология заңына қарсы тұрып, барлық күнəні табиғаттан іздеген, барлық адамдардың теңдігін паш еткен діни ілімдерден алады. Адамның рухани жан ретіндегі бақыты – өз өміріне риза болып өту, табиғаттың берген барлық мүмкіндіктерін өз бойынан ашып, оны елі, жері, халқы үшін жұмсау. Шығыс өзінің ұзақ тарихымен адамның руханилығын ту етіп, соны игеруге ұмтылды (медитация, күрес өнерінің ішкі мəні, т. б.), материалдық байлық, өткінші тəн қызығуларына ұстамдылық көрсету, қанағаттылықты насихаттады. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың «Адам бол!» талабы бұған ақылды, білуді, үйреніп іскер болуды қосады, шығыстың руханилыққа ұмтылуын толықтырып, адамның белсенділігін оятады. Бірақ ол капиталистік жүйеден келген жалаң, арам, қылмысқа толы іскерліктен қашып, руханилық негізді қатаң ұстанғанды жөн санады.
Жетілген сана – өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тəн, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі.
Өзіндік сана – адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық жəне саяси салаларда өзінің іс-əрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын жəне жүріс-тұрысының дəлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана əр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана – білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», – дейді Гегель. Оның мəні кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Ол əр адамның бірегей құндылығын жəне біртума тұлға екенін, өзінің «Менің» табиғаттан жəне адам əлемінен бөлінуін түсіндіруді талап етеді. Кеңірек алғанда, өзіндік сананың əлеуметтік топтарға, этносқа, т.б. қатынасы болады. Теориялық ойлау дəрежесінде ол рефлексия (сананың өз-өзіне назар аударып, өзінің псикикалық күйіне ой жүгіртуі) түрін де қабылдайды. Өзіндік сана – тілдің дамуына да ерекше байланысты. Адам қабілетінің өсуі, ой-өрісінің шамасы ана тіліне көп тəуелді болады. Өзіндік сана бір жағынан танымдық, екінші жағынан əрекеттік рухани құбылыс, ол философия, социология, этика, психология, этнография, педагогика сияқты бірнеше ғылымның басын біріктіретін құбылыс.
Жеке жəне қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Əр адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана – əр адамның жеке басына, біліміне, өмір сүруі жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тəрбиесіне байланысты қалыптасады. Оған болып жатқан жағдайлар, экономикалық, топтық, саяси, əлеуметтік мəселелер де əсер етеді. Бірақ жеке сананың өрісі, қоғамдық санаға қарағанда тар. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған ортақ, мазмұны терең сана жəне қоғамдық болмыстың бейнесі, оның туындысы. Қоғамдық сана - əлуметтiк ортадағы əрқилы сезiм, көңiл-күй, көркемдiк жəне дiни бейнелер, идеялар, көзқарастар мен теориялар жиынтығы. Қоғамдық сана құрамында өткен ұрпақтың білімі, идеологиялық жетістіктері, мəселелерді талдау əдістəсілдері көп орын алады. Соның нəтижесінде қазіргі қоғамдық болмысты да біз тарихи сабақтастық тұрғысынан суреттеп зерттеуге икемдіміз. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі жəне жеке адам санасы тəрізді құрып кетпейтіндігінің куəсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мəңгілікке өтеді, қоғамдықұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.
Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау əдістері арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына əсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы; 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана – өте күрделi құбылыс. Олардың əрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей жəне жанама байланыста болады.
Қазiргi əлеуметтiк философияда қоғамдық сана құрлымы деңгейiнде: қарапайым жəне теориялық сана; қоғамдық психология жəне идеология; қоғамдық сана формалары болып бөлiнедi.
Қарапайым сана – ғылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан сана. Теориялық сана – белгілі бір деректерге сүйенген, ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мəселелер туралы ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол əрқашан деректермен толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.
Қоғамдық психология мен идеология – əлеуметтiк негiзде түрi жəне мазмұны болып бөлiнедi. Түрі – психологиялық, идеологиялық болса, мазмұны – жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кəсіптік, жыныстық, т. б. болып келеді. Қоғамдық психология күнделікті өмірден туатын қоғамдық сананың төменгі түрі, идеология оның жоғарғы сатысы. Қоғамдық психологияның қалыптасуына қоршаған орта, климат, шаруашылық, кəсіп, жер байлығы, əдетғұрып, той-томалақ, əн-күй, т.б. əсер етеді. Қоғамдық идеология – ғылымға жақын. Идеология рухани өмірдің күрделі түрі, теориялық тұжырымы. Бірақ онда объективтік білімнен басқа субъективтік ұмтылыстар – белгілі бір топтың, ұлттың мүддесін қорғау бар. Қоғамдық сананың түрлері:
1. Саяси сана – таптар, ұлттар, əртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады.
2. Құқықтық сана. Тек тəрбиелеу, адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты – демократиялық заңдар арқылы теңдік, əдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау.
3. Моральдық сана (лат mores – əдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік жəне əдептілікті – өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-əрекеттерін реттеу функциясын атқаратын əлеуметтік институт.
4. Эстетикалық сана. – Өнер, əдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тəсілі.
5. Дiни сана. Дiн дегенiмiз – күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам санасында қияли түрде бейнеленуі. Дiн əр уақытта табиғаттан тыс күшке сенуге мəжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер əдет-ғұрып жəне мистикалық көңiл-күй арқылы негiздейдi.
6. Философия – ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім.
7. Ғылым – қоғамдық саналардың бəріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен ұрпақ санасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Жəне ол болмысқа кері əсерін тигізіп, оның өзгеруіне ықпал жасайды. Сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тəуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған қарсы шығушылардың бар екендігімен дəлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың əсерімен ғана дами алатындықтан, ол əркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет