Қорытынды Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірақ, санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады.
Қорытындылай келе, адам санасы нақтылы шындықтан ондаған жылдарға алға озып кете алады, бірақ мұндай деңгейде болмаса да озық бейнелену өзге де ағзаларда кездеседі. Адам психикасының айрықша ерекшеліктері қоғам мен еңбектің арқасында пайда болды. Бірақ адамзат қоғамы мен еңбек бос орында пайда болған жоқ, олар жануарлар тобырында, жануарлар əрекетінен дамыды. Мұның бəрін «адам рухының алдыңғы тарихын түсіну үшін, оның дамуының əр түрлі сатыларын – төменгі ағзалардың протоплазмаларынан адамның ойлана алатын миына дейін ұғыну үшін ескеру қажет. Ал бұл алдыңғы тарихсыз ойлана алатын адам миының өмір сүруі жұмбақ күйінде қалып қояды.»
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.
Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. - Алматы: Зият Пресс,2005. - 180 б.
Алтай Ж. А. Ғылым тарихы мен философиясы . - Алматы : Раритет, 2008. - 368 б.
Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы: Қазақ университі, 1992.
Фрейд З. Мен және ол // Таңдамалы шығармалар. М., 2000.
Бойко А.Н. Философия мен нақты ғылымдардағы бейсаналық проблемасы. М: «В. Мектеп », 2008.