Әлеуметтік дискурстағы тілдік процестер динамикасының КӨрінісі: коронавирус пандемиясы


Семантикалық өзгеріске ұшыраған cсөздер мен сөз тіркестері(жеңіл/ауыр форма, екінші толқын, қызыл аймақ, ашық(ashyq))



бет2/4
Дата04.06.2022
өлшемі23,03 Kb.
#36354
1   2   3   4
Байланысты:
6 Рақымбекова ӘЛЕУМЕТТІК ДИСКУРСТАҒЫ ТІЛДІК ПРОЦЕСТЕР ДИНАМИКАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Семантикалық өзгеріске ұшыраған cсөздер мен сөз тіркестері(жеңіл/ауыр форма, екінші толқын, қызыл аймақ, ашық(ashyq)).
Мысалы, осы уақытқа дейін «екінші толқын» сөз тіркесі басқа мағынада қолданылған. Жоғары оқу орындарына тапсырған абитуриенттерді қалған 20% бюджеттік орындарға екінші рет қабылдауы немесе халықтың көші қонының екінші кезеңін білдіретін болған. 2020 жылы бұл сөздің мағынасы өзгерді: «екінші толқын» сөз тіркесінің негізгі мағынасы ретінде екінші рет коронавирус инфекциясы таралуының өршігуі танылып жүр.
Сонымен қатар қызыл, сары, жасыл сөздері түс реңктерін білдіретіні белгілі еді. Ал соңғы оқиғалардан кейін бұл белгілі аймақтың эпидемиологиялық ахуалын білдіретін шкала өлшемі ретінде қолданылып жүр. Мысалы, "қызыл" аймақта қатаң шектеу шаралары енгізілсе, ал "сары" аймақта қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту көзделген. "Жасыл" аймақта жағдай тұрақты болғандықтан шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.
"Коронавирус бағдаршамы". Қызыл, сары, жасыл аумақтар түрлі елде нені білдіреді?(informburo.kz, 9.12.2020). Дейтұрғанмен елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында тек Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр. Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" белдеуде(astanatv.kz,6.12.2021)
Әлеуметтік арақашықтық(социальная дистанция) сөзқолданысы тұрақты сөз тіркесі ретінде орыстілді мәтіндерде елімізде 1930 жылдарда кездесіп, 1980 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарына ене бастады. Термин теріндегі алғашқы мағынасы 1990 жылдардан бастап философиялық, әлеуметтік, психологиялық және т.б. сөздіктерде көрініс алды(Социальная дистанция — это дистанция, устанавливаемая определенным индивидуумом в отношении представителя другой культуры, нации). Кейіннен бұл тіркес мағынасының тарылғаны байқалады(ауыс.мағ.): (Социальная дистанция между бедностью и богатством в нашем городе постоянно меняется. [Невское время 15.06.96]. Отсутствие сколько-нибудь значительной социальной дистанции между городом и селом).
Сонымен қатар 1990 жылдары «ресми сөйлесу кезіндегі арақашықтық» деген мағынасы да тарады. Жалпы стандарттар мыналар: 15 см - жақын арақашықтық. Мұндай жақын жерде тек ең жақын адамдар болуы мүмкін. Келесі - қолдың ұзындығы. Бұл жеке қашықтық. Өзіңізді осы қашықтықта таба отырып, сіз сөйлесуге әлі кіріспесеңіз де, адаммен байланыс орнаттыңыз. Қоғамдық арақашықтық 120-дан 350 см-ге дейінгі қашықтық деп саналады, ал одан жоғары нәрсе - бұл әлеуметтік арақашықтық. Ресми кездесуде дәстүрлі қашықтық түрі бар. Ол сіздің және сұхбаттасушы екеуіңіздің де қолдарыңызды созғандағы пайда болған ұзындық – бейтарап қашықтық. Қазір вируспен күресу тұрғысынан осы қашықтық қауіпсіз болып саналатыны таңқаларлық. Алайда, жоғарыда аталған ережелерден басқа менталитет пен ұлттық ерекшеліктерге тікелей қатысты басқа да нормалар бар.
2020 жылы орын алған пандемияға байланысты екінші бір мағынасы таралды. Әлеуметтік арақашықтық - бұл эпидемия кезінде вирустың таралу жылдамдығын төмендету үшін адамдар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаудан және физикалық жанасуды уақытша азайтудан тұратын денсаулық сақтау шарасы. Сонымен қатар, әлеуметтік арақашықтық сөз тіркесі арқылы өзге де жаңа сөздер тілімізде жиі қолданылатын болды. Оның ішінде өздігінен оқшаулану(самоизоляция), өзіндік карантин(самокарантин) және т.б. сөздерді атасақ болады.
Коронавирус індетімен бірге келген тағы бір ұғым «Ашық». Әрине, бұл сөз қазақ тілінде бұрыннан сын есім, үстеу сөз таптары ретінде қолданыста бар. Алайда соңғы оқиғалардан кейін «ашық» сөзі номинативтік атауға айналған. Нақтылап айтсақ, пандемиямен күрес ретінде мобильді қосымша осы атаумен пайда болғаннан кейін бұл сөз жаңа семантикалық мағынаға ие болған. «Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасап, келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын жеңілдетуді қамтиды.(Заман жаршысы) Эпидемиологиялық ахуалға қарай бірде істеп, бірде істемей тұрған кинотеатрлар да Ashyq-пен жұмыс істей бастады.(Азаттық радиосы,05.05.2021) Ashyq індетті ауыздықтай ма?(Егемен Қазақстан, 22.06.2021)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет