Бұл уақытқа дейін болмаған, коронавирус індетімен бірге пайда болған ұғымдар мен сөзқолданыстар. Бұл топқа жататын сөздердің көбіне мағынасы сол тура мағынасында қолданылады (контактісіз тасымал, контактісіз төлем, онлайн жеткізу индустриясы, онлайн семинар, онлайн жүйе және т.б.) Мысалы, еліміздегі Zomato мейрамханасына жасалған жарнаманың мәтінінде келесідей сөзқолданыстарын кездестірдік: Коронавирустық пандемия жағдайында онлайн жеткізу индустриясы көптеген құлдырауларды көрді. Zomato, Swiggy, BigBasket және басқалары сияқты контактісіз жеткізу платформалары тұтынушыларға қызмет көрсету үшін күні-түні жұмыс істейді. ...Контактісіз асхана үш құрамдас бөлікті қамтиды - контактісіз мәзір, контактісіз тапсырыс беру және контактісіз төлем. Контактісіз мәзір тұтынушыларға тағамдар мен жұптастыру ұсыныстары бар мейрамхана мәзірін зерттеу үшін үстелдегі QR кодын сканерлеуге мүмкіндік береді. Байланыссыз тапсырыс беру арқылы тұтынушылар мейрамханада қолданба арқылы тапсырыс бере алады және тапсырысты беру немесе өзгерту үшін даяшымен сөйлесудің қажеті жоқ. Соңында, контактісіз төлем арқылы тұтынушылар шотты қолданба арқылы төлеп, мейрамханадан шыға алады...Контактісіз түскі ас – мейрамхана индустриясы үшін дұрыс бағытта алға жасалған қадам; (pryanik.co) Тағы бір жарнама мәтінінде де осындай сөзқолданыстарын кездестіреміз: Карантинде ең маңыздысы – керегіңді молынан алу. Оның қамы froot.kz-те ойластырылған: кезексіз және контактісіз жеткізу. Ал Visa болса, тапсырысыңызды одан да жағымды қылады!(eubank.kz) Ал енді ақпараттық мақаланың бірінде «контактісіз тасымалдау сөз тіркесін кездестірдік: Бұл шаралар, соның ішінде жүктерді контактісіз тасымалдау механизмін енгізу, Қытай қабылдаған көліктердің санын көбейтуге мүмкіндік берді («Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері ашылды», nege.kz, 11.12.2021) Жаңа сөздердің әртүрлі түрлерінің пайда болуында ғаламтордың адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде күшеюі маңызды рөл атқарды. 2020 жылдың наурыз айының ортасынан бастап өздігінен оқшаулану режимі енгізілгеннен кейін жеке байланыстардың көпшілігі ғана емес, сонымен қатар іскерлік байланыстардың да айтарлықтай бөлігі ғаламтор деңгейіне көшті. Адамдар жұмыс мәселелерін электронды пошта және бейне қоңыраулар арқылы шешуге, достарымен тек онлайн кездесуге мәжбүр болды.
Сондықтан да болар, соңғы жылы тілімізде кірме сөз «онлайн» актив түрде қолданысқа ие болуда. «Онлайн» термині ағылшын тілінің «to be on line» – желіде болу деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан[3]. Бұл термин ғаламтор жоқ кезде-ақ, яғни компьютер коммутаторлық телефонмен немесе желілік модем қосылатын уақытта пайда болған. Бұндай электронды (BBS) тақтаға осылайша қосылып, өздеріне жіберілген хабарламаны оқып, оған жауап беретін және пікір алмасатын еді. Байланыс үзілген жағдайда (BBS) тақтасын пайдаланушылар оффлайн жағдайына ауысатын. «Онлайн» термині барлық жағдайда екіжақтың тікелей байланысуы, пайдаланушылардың ғаламторда ашық қарым-қатынасқа түсуі болып табылады, ал оффлайнда бұндай мүмкіндік жоқ. «Оффлайн» термині де ағылшындардың «off line» сөзінен шыққан, мағынасы желіден үзілген, автономды деген мағынаны білдіреді.
Оқыту, білім беру жүйесі, түрлі қызмет түрлері «қашықтықтан» орындалатын болғандықтан «онлайн» кірме сөзінің тіресімділік әлеуеті едәуір өсті. Мысалы: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен