«Әлеуметтік экология және тұРАҚты даму»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі297,34 Kb.
#7212
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

№1 Басылым

   042-14.4.05.1.20.18/03-2013

ПОӘК «Әлеуметтік экология 

және тұрақты даму» пәнінің 

материалдары



«ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» 

050608 «Экология» мамандығына арналған 



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

СЕМЕЙ-2013



042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 2 беті

ГЛОССАРИЙ

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР  – тірі  ағзаның  дамуы  мен таралуына  әсер ететін 

бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);



АВТОТРОФТАР  –   Күн   энергиясын   пайдаланып   бейорганикалық   заттардан 

органикалық   заттарды   синтездейтін   ағзалар,   қоректік   тізбекте   продуценттер   болып 

табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік 

бактериялар жатады; 



АМЕНСАЛИЗМ  –   антибиоз   формасы,   мұнда   бір   территорияда   өмір   сүретіндердің 

біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда 

да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың 

жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді; 



АНТИБИОЗ –  биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі 

популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;



АНТРОПОГЕНДІК   ФАКТОРЛАР   –   адам   әрекетінен   туындаған   факторлар,   олар 

қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;



АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, 

аэрозольдерге түтін, тұман жатады;



БИОТА – білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың 

тарихи қалыптасқан кешені;



БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші 

түрлердің кешені;



БИОГЕОЦЕНОЗ  – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара 

байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе; 



БИОТОП – біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік;

ГЕТЕРОТРОФТАР  – қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын 

ағзаларды айтады;



ГОМЕОСТАЗ  –   күрделі   бейімделу   реакцияларының   арқасында   іске   асатын   табиғи 

жүйенің тепе-теңдік күйі;



ЛАСТАНУ  –   табиғи   ортаға   химиялық,   физикалық   ақпараттық   және   биологиялық 

агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;



ҚОРЫҚ – табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік 

әрекетінен   шығарылған,   жануарлар   мен   өсімдіктер   әлемі   қорғауға   алынған,   табиғи   күйі 

өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері; 

БИОСФЕРАЛЫҚ   ҚОРЫҚ  –   адам   әсерімен   өзгермеген   табиғи   территориялы 

кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады; 



042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 3 беті

ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ – топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің 

артуын   айтады,   көбінесе   беттік   және   грунттық   сулар   әсерінен   (біріншілік   сортаңдану) 

болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ;



ҚЫШҚЫЛ   ЖАУЫН-ШАШЫНДАР  –   қышқылдық   деңгейі   әдеттегі   мөлшерден 

жоғары   болатын   барлық   метеорологиялық   жауын-шашын   түрлерін,   яғни   тұман,   қарды 

айтады; 

КОНСУМЕНТ  –   органикалық   заттармен   қоректенетін   ағзалар.   Оларды   біріншілік- 

шөппен   қоректенушілер,   екіншілік-   жыртқыштар   және   үшіншілік-   жыртқыштармен 

қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;

КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;

МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі;

МОНИТОРИНГ  –   өткенді,   қазіргі   уақытты   және   болашақты   болжауға   арналған 

қоршаған орта туралы  ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты 

бақылаулардың ретті жүйесі; 

МУТУАЛИЗМ – симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, 

және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым-қатынас түрі;



ҰЛТТЫҚ   САЯБАҚ  –   табиғатты   қорғау   адамдардың   демалуымен   бірге   іске 

асырылатын   үлкен   территорияларды   айтады,   Ұлттық   саябақтардың   өзінің   әкімшілік 

басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;

НЕЙТРАЛИЗМ  –   бірге   бір   территорияда   өмір   сүретін   түрлердің   бір   біріне   әсері 

болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;



НООСФЕРА  –   сана   сферасы,   сферада   өркениеттің   пайда   болуымен   байланысты, 

мұнда   адамның   саналы   іс-әрекеті   биосфера   дамуының   анықтаушы   факторы   болып 

табылады; 

ОЗОН   ТЕСІКТЕРІ  –   озоносферадағы   озон   мөлшерінің   азайған   (50%)   елеулі 

кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар; 



ОЗОН   ЭКРАНЫ   (ОЗОНОСФЕРА)  –   озонның   жоғары   концентрациясы   бар   және 

күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км 

биіктікте орналасқан;

ШӨЛЕЙТТЕНУ   –  өздігінен   қайта   жаңараалмайтын,   құнарлы   беткі   қабатынан 

айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін.



ПАРАЗИТИЗМ  –   антибиоз   формасы,   бір   түрдің   өкілдері   келесі   бүр   өкілдерінің 

ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды 

айтады; 

ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ – атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс 

тудыратын   газдардың   жиналу   нәтижесінде   планетадағы   климаттың   біртіндеп   жылынуын 

айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы  жабын сияқты  космостан жылуды  жер бетіне 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 4 беті

өткізіп   ал   жер   бетінен   космосқа   инфрақызыл   жылулық   сәулеленуге   кедергі   келтіретін 

қасиеттері бар; 

ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;

ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК) – экологиялық норматив – адам 

денсаулығына   және   оның   ұрпағына   белгілі   бір   уақыт   аралығында   нұқсан   келтірмейтін 

зиянды заттың максималды концентрациясы;

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық 

байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;



ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею 

арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады; 



ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;

ПРОДУЦЕНТТЕР  – автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды 

жасаушылар, өнім өндірушілер; 



ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі 

жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;



РЕДУЦЕНТТЕР   (ДЕСТРУКТОРЛАР)  –   органикалық   заттарды   бейорганикалық 

заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;



СМОГ  –   ауаның   аэрозольді   қабатын,   түтінді,   тұманды   ластануы   кезінде 

пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы 

және басқа да ластаушы заттар түседі;

АҒЫНДЫ СУЛАР – өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын 

және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;



СИМБИОЗ  –   биотикалық   қарым-қатынас   түріне   жатады,   бір   бірімен   байланысқан 

түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;



СУКЦЕССИЯ  – белгілі  бір  территорияда  табиғи  және  антропогенді  факторлардың 

әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады; 



ТОЛЕРАНТТЫҚ  –   ағза   әсер   ететін   қоршаған   орта   факторларының   оптимумнан 

ауытқуына төзімділігін айтады; 



ШЕКТЕУШІ ФАКТОР  – кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық 

көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ   ФАКТОР  –   ағзаға   әсерін   тигізетін   ортаның   кез   келген   қасиеті 

несесе компонентін айтады;



ФОТОСИНТЕЗ  – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің 

көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан  және судан  глюкоза 

пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 5 беті

ФРЕОНДАР  – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті 

болатын,   өнеркәсіпте   суытқышагенттер   ретінде   (тоңазытқыштарда,   рефрижераторларда, 

кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар; 

ЖЫРТҚЫШТЫҚ  –   антибиоз   түрі,   мұнда   бір   түрдің   өкілдері   басқа   бір   түр 

өкілдерімен қоректенеді;



ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;

ЭКОЖҮЙЕ  – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи 

кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен 

байланысқан. 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 6 беті

2. ДӘРІСТЕР 

Дәріс–маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа 

материалдарды баяндауда қолданылатын форма.



Дәріс №1

Кіріспе. Негізгі экологиялық категориялар

Жоспар

1. Экологиялық категориялар

2. Әлеуметтік даму бағыты дегеніміз

Адам мен табиғаттың карым-катынасы — казіргі коғамды  барынша толғандырып 

отырған   проблема.   Бұл   түсінікті   де,   өйткені  табиғат   адамның   мекені.   Табиғатка   жер 

бетіндегі халыктың казір-гі денсаулык жағдайы ғана емес, сондай-ак адамзат болашағы да 

байланысты.   Адамның   табиғатпен   карым-катынасы   оны  парасаттылықпен   пайдалану 

және  табиғи ортаны жақсарту  принциптеріне   сүйеніп   кұрылуы   тиіс.Табиғи   ресурстар 

тиімді   пайда-ланылып,   адам   мен   табиғаттың   өзара   әрекеті   бейберекет   болмай   катаң 

бакыланатын   процесс  болуы   тиіс.Адам  табиғи  ортаның   ойдағыдай  сакталуына,  ондағы 

өзгерістердің максатка сай жүр-гізілуіне жауап береді.

Біздің   елде   табиғатты   корғау   —   заңмен   тұжырымдалған   бүкілхалыктык   іс.  Совет 

мемлекетінің   барлык   одактас   республи-каларында   табиғатты   корғау   туралы   заң 

кабылданды.   Табиғатты   корғау   шаралары   дәлме-дәл   ғылыми   негізде   жасалып,   жүзеге 

асырылуда.   Ауа   тазалығын   сактау,   су   ресурстарын,   тоиыракты,   өсімдіктер   және 

жануарлар   әлемін   корғау   —   адам   ұрпағының   дені   сау   болып,   рухани   өсуінің 

кепілі.Адамның  биологиялық  және   әлеуметтік   жаратылысы.  Адам  биологиялык     және 

әлеуметтік   екі     бағыттағы     бакылаумен     өсіп,   дамиды.Биологиялық   бағыт   адам 

организмінің   кұрылысы   мен   физиологиялык   ерекшеліктерін   аныктайды.   Ол   ұзакка 

созылған   эволю-ция   процесінде   калыптаскан.   Адамға   ата-аналары   аркылы   берілетін 

хромосомалар биологиялык бағыттың материалдык жеткізу-шілері болып табылады.

Әлеуметтік (латынша:  социалис  — коғамдык) даму бағыты дегеніміз айналадағы жағдай 

және адамдар ыкпалынан адамның жеке басының калыптасуы. Адамның әдеуметтік мәні 

адамгерші-лік,   ар-ождан,   борыш,   патриотизм,   білім,   мәдениет   секілді   касиеттерден 

кұралады. Әлеуметтік бағыт адамзат коғамының бүкіл коғамдык-тарихи дамуы барысында 

әзірленген және ол тұкым куаламайды.Әрбір адам біртіндеп өзі секілді адамдар арасында, 

яғни адам коғамында өмір сүре отырып, әлеуметтік бағытты өмір бойы меңгереді.   Әрбір 

аға буын өзінен кейінгі кіші ұрпактың жеке басын калыптастыруға катысады. Бұл процестің 

барысында   адамныц   ішкі   және   оныц   сырткы   жағдай   әсеріне   катысы   да   калыптасады. 

Адамның   жеке   басын   калыптастыруда   коғамдык   пайдалы   еңбекке   қатысу   шешуші   роль 

аткарады.

Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені сау, творчест-волык, рухани жан 

дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру — 

ұзак әрі күрделі процесс.

Адамның көптеген үрпақтары табигатпен  тыгыз карым-катынаста өмір сүріп, еңбек етті. 

Ғылым   мен   техниканың   дамуы   адамныц   шаруашылык   және   өндірістік  іс-әрекеттерінің 

өрісін   кеңейтіп,   олардыц   өміршеңдігін   ұзартты,  космостық   кецістікті,   дүниежүзілік 

мұхитты,   полярлык   аймак-тарды,   сусыз   шөлді   игеру   мәселесі   канатын   кең   жайды. 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 7 беті

Адамның   іс-әрекеті   мен   өміріндегі   осындай   жаңа   өріс   ортасындағы   катац   жагдайлар 

организмнің тұкым куалайтын және өмір бойында ие болған касиеттеріне сәйкес келмей 

калды. Адам табиғаттың жаца жағдайларында өзініц жалпы күйіне, көціл күйіне,жүмыска 

кабілеттілігіне   әсер   ететін   қоршаган   ортаныц   ерекше   факторларын   басынан   кешіреді. 

Осындай   жағдайларда   болу   көбінесе   косымша   энергия   жұмсауды   кажет   етеді.   Осыған 

байланысты   организм-нің   коршаған   ортаның   жаца   жағдайларына   бейімделуін   зерттеу 

кажеттігі пайда болды. Экологиялық физиология осы заманғы адамныц коршаған ортаның 

әртүрлі табиғи факторларына (Қиыр Солтүстік пен оңтүстік, сусыз шөл және биік таулы 

аймак жағдайларына) бейімделуін зерттейді. Экологиялык фи-зиологияның екінші бөлімі 

коршаған   ортаның   шапшаңдык,   сал-максыздык,   шу,   дірілдеу,   шайкалу,   магнит   өрісі, 

иондану   туғызатын   радиациялар   сияқты   ерекше   факторларының   адам   организміне 

тигізетін   әсерін   зерттейді.   Мұндай   мәселелерді   зерттеу   кәсіптік   физиология   мен   осы 

заманғы өндіріс гигиенасы үшін кажет.



Жерсіндіру   жэне   адаптация.  Организмнің   қоршаған   ортаның   табиғи   және   ауа   райы  

жағдайларына   бейімделуі   жерсіндіру   деп   аталады.  Жерсіндіру   кезінде   адам   жаца 

жағдайларда   өзін   жақсы   сезінеді.  Адамның   жаңа   өндіріс   (еңбек)   пен   тұрмыс   жа-



дайларына   бейімделуі   адаптация   деп   аталады.  Мұнда   орындалатын   еңбек 

операцияларының   дәлдігі   мен   мөлшері   артады,   оның   өзі   организмде   өтіп   жаткан 

процестердің жақсырақ реттелуіне байланысты болады.

Адамның әртүрлі жағдайларға бейімделуінің биологиялык мүмкіндіктері өте зор. Бүл кезде 

зат   алмасу,   нерв   процестері   психика   ішінара   кайта   күрылады,   кимыл   реакциялары 

өзгереді,т.с.с.   Организмнің   тіршілік   үшін   ерекше   жағдайларға   өте   жаксы   бейімделу 

мүмкіндіктерінде   организмнің   салмаксыздык,   яғни   жердің   тартылыс   күшінің   болмауына 

бейімделуі   мысал   бола   алады.   Кез   келген   жерде   мекендейтін   организм   мүшелер   жүйесі 

қүрылысының, аткаратын кызметінің, мінез-күлқының, кеңістікте бағдарлануының, қимыл 

белсенділігінің барлык ерек-шеліктері жердің тартылыс күшіне бейімделеді. Салмаксыздық 

жағдайындағы адам әдепкі кезде кеңістікті бағдарлай алмайды, бүл сезім мүшелерінің — 

тепе-теңдік,   көру,   сипап   сезу,   бүлшықет   сезімталдығының   калыптаскан   қызметінің 

бүзылуына байланысты болады. Сонда адам қүлап кеткендей немесе басымен төмен түсіп 

келе жатқандай сезінеді. Бұлар-мен катар космостағы организмнің каны да жердің тартылыс 

күші   әсерін   сезінбейді,   яғни   ол   да   салмақсыздық   күйінде   болады.  Осының   нәтижесінде 

айналып   жүрген   қан   мөлшері   кайта   бөлініп   таралады   —   ол   дененің   төменгі   бөлігінен 

жоғары   карай   шаігішиды;   ал   нерв   жүйесі   айналып   жүрген   канның   көлемі   мен   кысым 

өзгерісі туралы сигналды апатқа үшыраған жағдай ре-тінде қабылдайды. Сөйтіп, айналып 

жүрген   қан   көлемінің   азаюын  реттейтін   механизмдер   іске   қосылады.   Бүйрек   суды   көп 

мөлшерде  бөліп   шығарады.   Мүнымен   шөліркеу   сезімі   кемиді.Сүйек   пен   бүлшықеттер 

салмак   күшінен   айрылғандықтан,   космоста   қимыл   белсенділігі   жаңа   ерекшеліктерге   ие 

болады:   адам   кадамдап   жүрмей,   космос   кораблінде   қалықтап   жүзеді,   бүлшықеттердің 

жиырылуы, сондай-ақ қимылдардың үйле-еімділігі өзгереді.Егер космосқа үшпастан бүрын 

адам арнаулы жаттығудан өтпесе, онда бірнеше аптадан кейін жүрек-тамыр және бұлшыкет 

жүйелері жаттықпаған күйге түседі. Сондыктан космонавтардың бәрі де арнаулы жаттығу 

комплексінен өтеді.

Мұндайда адамның жеке мүшелері мен мүшелер жүйесі  жердің тартылыс күшінің 

әсеріне кайта калыптасуы тиіс. Орбитада болған адамдар  Жерге кайтып оралғаннан кейін 

едәуір киыншылықтарға тап болады. Сондықтан экологиялык физиология космоста ұшу 

жағдайларын күні бұрын біліп,  оларды қамтамасыз ету міндетін, яғни ұшу сапарында адам 

организмі тек салмаксыздыкка ғана бірыңғай бейімделіп коймай, сонымен қатар жердің 

тартылыс   күші   тигізетін   әсерге   дағдылы   бейімділікте   болуын   максат   тұтады.     Осыған 

байланысты   космос-ка   ұшатын   экипажды   таңдап   алып,   оларды   арнаулы   дайындықтан 

өткізуден, олардың денсаулык күйін бакылаудан баска, космонавтардың денсаулығы мен 

жұмысқа кабілеттілігін корғай-тын сақтық шаралары комплексінің: ұшкыш аппараттарды 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 8 беті

жабдыктау, космонавтардың еңбек және тынығу режимін белгілеудің ұйымдастырылуына 

ерекше назар аударылады.

ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Экологиялық физиология осы заманғы адамныц коршаған ортаның әртүрлі табиғи 

факторлары

2. Организмнің қоршаған ортаның табиғи және ауа райы жағдайларына бейімделуі 

3. Кез келген прогресшіл коғамның міндеті

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006 

6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984 

                  



Қосымша әдебиеттер:

1. Степановских А.С., Общая экология. М., 2001

2. Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В., Экология., М., 2001

3. Карташев А.Г., Введение в экологию., Томск., 1998.

4. Розанов С.И. Общая экология. С-Петербург., 2001

5.  Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. С-Петербург., 2000



Дәріс №2

ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ПӘНІ.



Жоспар

1. Әлеуметтік экология пәні

Ғаламдану   жағдайында   кедергiлер   орнату,   тұйық   экономика   жасау   мүмкiн   емес 

және оның қажетi де жоқ. Мұның өзi отандық кәсiпорындардың шетел компанияларымен 

елдің өз iшiнде де, сондай-ақ шетелде де бәсекелесуге тиiс екендiгiн бiлдiредi. Сонымен 

бiрге ғаламдану мен ақпараттық технологияны дамыту бiзге бүкiләлемдiк нарықта жұмыс 

iстеуге


 

мүмкiндiк

 

бередi.


Сырткы   орта-  дегеніміз   қарастырыльш   отырған   объектілер немесе субъектідсн тыс 

жаткан   бірақ   олармен   тікелей   байланысқан   табиғи   күштер   меп   құбылыстар,   олардың 

заттегі мен кеңістігі.

Экологиялык   орта  деген   түсінік   сырткы   ортамен     бірдей,     алайда   мұнда     тірі 

организмдерге   немесе объектілерге   тірі   заттектердің   қатысуы    қосылады.    Кейбір 

өсімдіктер      түрлері    немесе  жануарлардыц тіршілігіне қажетті  жағдайы  бар  ортаны 

сипаттау үшін мекендеу ортасы дегсн терминді қолданады.



Қоршан   орта немесе қоршаған табиғи орта   дегсн түсініктер кеңінен пайдалаиылып 

жүр.   Қоршаған   орта   объектімен   немессе  субьектімен   тікелей байланыста болатын 

сыртқы   ортамен   бірдей   орта.   Қоршаған   табиғи   ортага   табиғат   обьектілері     —   жер 

атмосфералык ауа,  су,  орман және  баска  да   өсімдіктер,   жануарлар   әлемі мен   табиғи 

рееурстар,  табиғи   кешендер,қорықтар,  заказниктер,    ұлттык,   табиғи   саябақтар,  табиғат 

ескерткіштері жатады.

Табиғи   орталар   жүретіп   процестерге   қозғаушы   күш   ретінде ықпалын тигізетін  

кұштерді немесе жағдайларды   фактор  деп атайды.. Табиғи жағдайда организм көптеген 

факторлардың   ықпалына   ұшырап   огырады.     Тіршілік   иелері   бейімделу   реакцияларымен 


042-14.4.05.1.20.18/03-2013

№1  Басылым   

беттің 9 беті

жауап   қайтарады.   Кез   келген     орта   жағдайының   ішкі   және   сыртқы     күшін  экологиялык 



фактор  дейді.   Экологиялық   факторлар   организмдер   және   экожүйедегі       процестердің 

жылдамдығы   мен бағыттарын реттеп  отырады.

Адам,қоғам табиғатпен  айырғысыз байланысты,  өйткені  олар табиғаттан  тыс және оның 

ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат – тірі 

табиғаттың дамуының жалғасы.

                     Адамның қоршаған ортамен байланысы әсіресе материалдық өндіріс саласынан 

айқын көрінеді. Табиғат байлықтары, әсіресе қазба байлықтар материалдық өндірістің және 

жалпы алғанда қоғам өмірінің табиғи негізі болып табылады. Сондықтан адамзат тіпті « 

табиғаттан жоғары » тұрса да, бірақ материалдық өндірістің, өндірістік еңбектің нәтижесі 

болып табылатын өнімсіз өмір сүре алмайды. Табиғат адам мен жалпы қоғамның табиғи 



тіршілік негізі болып табылады.

Экологиялық  мәселенің  мәні -   табиғаттағы қалыптасқан  тепе-теңдікті бұзбай

миллиардтаған  адамдарды  жерде  қоныстандыру  және  олардың  барлық  

қажеттіліктерін   қамтамасыз ету.  Қазіргі  Жердегі  тіршілік адам  қызметінің  сипатына 

тәуелді.  Қазіргі  кезең  адамының  ерекшк  биосфералық  қызметі – биосфераны  қорғау  

мен  сақтап  қалу қызметімен  анықтылып  отыр.  Экологиялық  мәселелердің  алдын алу  

үшін  адам  ретсіз  дамудан  тиімді,реттелген, табиғат  пен  қоғамның  даму  заңдарына  

негізделген  дамуға  өтуі  тиіс.  Тек  осы  кезде  ғана  адамзат  қоғамның  дамуы  үздіксіз  

ұзақ  уақыттық   бірқалыпты  жағдайда, табиғи  және  әлеуметтік  дағдарыссыз  дамиды. 

Мұндай  дамуды -  тұрақты   даму  деп  атайды.  Бірақ  бұл  үшін  адамдардың  сана – 

сезімі, олаодың  мақсаты  мен адамгершілік  бағыттылығы  өзгеруі тиіс.

Әлеуметтiк саладағы реформалардың басты мақсаттары мыналар болып табылады:

ξ

тууды   ынталандыру   және   өлiм-жiтiм   деңгейiн   төмендету   мен 



салауатты өмiр салтын насихаттау есебiнен күтiлетiн өмiр жасын ұзарту жөнiндегi 

шараларды   қамтамасыз   ету,   медициналық   қамтамасыз   етудi   жақсарту   және 

тұрмыста  әрi өндiрiсте  жарақаттануды  азайту,  сондай-ақ  көшi-қон процестерiнiң 

реттелуiне қол жеткiзу жолымен демографиялық жағдайды жақсарту;

ξ

әйелдердiң   қоғамдағы   жағдайын   жақсарту   және   нақты   тендерлiк 



теңдiкке қол жеткiзу;

ξ

халықтың   тұрмысы   төмен   топтары   үшін   экономикалық   өсудi 



ынталандыру жолымен экономикалық мүмкiндiктердi кеңейту - еңбекке қабiлеттi 

халықтың неғұрлым жоғары әлеуметтiк тұтыну деңгейiн қамтамасыз ететiн табыс 

табуына мүмкiндiк беретiн экономикалық жағдай туғызу;

ξ

экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтуды ынталандыру;



ξ

халықтың   экономикалық   және   әлеуметтiк   жағынан   әлсiз   топтарын 

тиiмдi мемлекеттiк әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз ету;

ξ

әлеуметтiк   қамтамасыз   етуге   бағытталған   қаражатты   бөлудiң 



неғұрлым тиiмдi жүйесiн құру;

халықтың тұрмыс деңгейiн, жұмыспен қамтуды  арттыру және кедейлiк деңгейiн 

төмендету;   медициналық қамтамасыз етудiң, жалпы және кәсiптiк бiлiм берудiң 

жалпыға бiрдей қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету

ξ

ұсынылатын   әлеуметтiк   игiлiктер   мен   қызметтердiң   жоғары   сапасы   мен 



оларды халықтың кеңiнен таңдау мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету;

ξ

Қазақстан   Республикасының   азаматтарын   әлеуметтiк   қамтамасыз   ету 



жүйесiн қаржыландырудың жаңа көздерiн айқындау және қазiргiлерiн неғұрлым тиiмдi 

пайдалану.

Дәріс №3-4

 Тақырып: Әлеуметтік экологияны оқытудың негізгі областары: халық, орта 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет