Әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілі бір арқанның екі тініндей өрілген шығарма – Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы.
«Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (1964), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен – ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек. Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспеншілдігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихи эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.
«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, замандық зәрулігі өзгермейтін туынды.
Ой – толғамдары:
1. О заман да бұ заман, жаман қатынды сабап жақсы еткен жігітті көргем жоқ.
2. Адам күні адаммен деген емес пе…
3. Хан бол, қара бол мейлің, әркім сыйлағанның құлы.
Теңеулер:
1. Сүт пісірімдей уақыт.
2. Су сепкендей
3. Жыландай ысқырып
4. Тау қыранындай
5. Көбең тұғырдай
6. Бәйгі күреңдей жүйрік ат
7. Қара суық желдей
8. Қаншық түлкідей
9. Қауызын жарған гүлдей
10. Жемтік аулаған құзғындай
11. Мұздай қол
Метонимиялар:
1. Ата қонысын тастап көшіп…
2. Шеру тартқан қалың қол.
3. Ақ жаулық
Мақал – мәтелдер:
1. Көп тілегі – көл.
2. Жан бар жерде қаза бар.
3. Қызым үйде – қылығы түзде.
Эпитеттер:
1. қызыл шұнақ жел.
2. Қара жер тоң боп
3. қара қатқақ суық
4. Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін…
5. Бұраң бел
6. Қынама бел
7. Иір мойын
8. Талдырмыш бой
9. Кірбік қар
10. Сіреу қар
11. Шылыңтыр қатты қар
12. Қиыршық қатты қар
13. Шемденеп кеткен қар
14.Темірдей қарыған аяз
Достарыңызбен бөлісу: |