Нашақорлық – қоғамға сұр жыландай болып енген сұм індет



бет1/41
Дата25.04.2023
өлшемі351,5 Kb.
#86513
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Жаратылыстану-метематикалық бағыттағы эссе
жиынтығы



  1. «Адамзат баласы құндылыққа мүделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз



Құндылықтардың не екенін білгенде
шешім жасау қиын емес.
Рой Дисней
Құндылық деген сөздің өзінің астары қандай терең десеңізші... Бұл ұғымға философиялық тұрғыдан, адами көзқараспен қараған дұрыс деп ойлаймын. Құндылық сөзінің түбірінің өзі бұл ұғымның тереңдігін ашып көрсететіндей. Құндылықтардың өзі материалдық құндылықтар, рухани құндылықтар болып ажырайды, дегенмен, адам өміріндегі ең маңызды әрі ең басты құндылықтар деп мен жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды атар едім. Адамзат баласы құндылықсыз өмір сүре алмайды және кез келген адам құндылыққа мүделі әрі мұқтаж. Мен, жеке тұлға ретінде, құндылыққа неге мүдделі және мұқтаж екенімнің себептерін түсіндіріп көрейін:
Біріншіден, «Біз Тәуелсіздікті ұлтты сақтау мен өркендетудің түп негізі ретінде, аса ұлы құндылық ретінде қарастырамыз» - деген Н.Назарбаев өз сөзінде. Расымен де, тәуелсіздік – халқымыз үшін Тәңірден келген ең тәтті сый, ең маңызды әрі баға жетпес құндылық. 1991 жылға дейін біз осы құндылыққа мұқтаж болдық. Ал қазіргі уақытта оны сақтау, қадіріне жету, тұғырын биіктету – «тәуелсіздік» атты ұлы ұғымның алдындағы ірі міндетіміз.
Екіншіден, әр адамның жеке басына тән құндылықтар – ниет құндылығы, тәрбие, білім секілді құндылықтар «адам» атауынан мүлде бөліп қарауға болмайтын, ең маңызды адами құндылықтар санатына жатады. Ниеті түзу адамның – ойы түзу, тәрбие құндылығы – кез келген адамның сүйкімін келтіріп, «адам» дәрежесінен «тұлға» дәрежесіне өсірсе, білім құндылығы – көкірегі ояу, көзі ашық тұлғаның сипатты белгісін танытады. Осы үш құндылыққа біз расымен де мүдделіміз. Осы үш құндылық бір адамның бойынан табылар болса, нақ сол адамды кемел адам дер едім.
Үшіншіден, иман, мейірім, қайырымдылық, адалдық кемелденген адам бойындағы ең маңызды рухани құндылықтардың өзегі. Себебі, әр адам мейірімге мүдделі, әр адамның иманы – жиғаны, қайырым қылу – адам бойындағы гуманизмнің ең басты көрсеткіші. Дәл осы құндылықтар туралы Жүсіп Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін,мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке аса мән берсе, «мейірімділік, адалдық, махаббат, қайырымдылық ақ жүректен шығады» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы осы құндылықтардың ақ жүректі адамдарға тән қасиеттер еекеніне баса мән береді. Демек, адам атауына лайық болу үшін осы құндылықтарды бойымызға сіңіре білуіміз керек екені даусыз.
Қорытындылай келе, құндылықтар дегеніміз – адамның бүкіл бір саналы ғұмырында ар мен адамгершілік сипаттардың арасында ғұмыр кешетін, адамзат балаасы түгелдей мүдделі саналатын рух кемелдігінің бөлшегі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет