Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



бет95/138
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#22148
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138
Байланысты:
?леуметтік-Гуманитарлы?- факультеті

3-жаттығу. Мәтінге морфологиялық талдау жасаңыз. Баяндауыш етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңыз (Сделайте морфологический разбор текста. Определите в каком времени выражено сказуемое).
Мемлекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды. Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын белгілейді.
4-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).


Мен

жаз-а-мын

айт-а-мын

қара-й-мын

сүйе-й-мін

Сен













Сіз













Ол
















Біз

жаз-а-мыз

айт-а-мыз

қара-й-мыз

сүйе-й-міз

Сендер













Сіздер













Олар














5-жаттығу. Қатесін тауып, түзетіңіз (Найдите и исправьте ошибки).
“Жұлдыз” АҚ-ның коммерциялық құпиасын қүрайтын мәліметердің тізімі:

Несиелердін молшері

Тауар өндру мен қызымет көрсөтудің көлөмі

Табстың мөлшөрі, онын бөлініуі

Қызыметқерлердін ембек жалақысы

Маркетингтік зертеулердін сыйпатымен бағыты.


6-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).
Арнайы бекітеді басшы “Кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерінің тізімін” бұйрықпен. Коммерциялық қойылады құжаттарға гриф құпия. Құпия бар есепке алу журналдарда құжаттарды жеке тіркеледі мәліметі. Жүргізіледі құпия ол. Коммерциялық құпия ғылыми мүмкін болуы мәліметтер сипатта.
7-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя данные слова и словасочетания).
Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттар, кәсіпорын, басшы, мәлімет, сақтайды, белгілейді, жатқызылуы мүмкін, қызметкерлер, тәртіп.
8-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Конфиденциалды ақпаратқа рұқсаты бар қызметкер коммерциялық құпияны жарияламау туралы жеке жазбаша міндеттемеге қол қояды. Міндетеме бір данада жасалады және қызметкердің арнайы немесе жеке ісінде ол жұмыстан шығарылғаннан кейін 5 жыл сақталады.

Конфиденциалды мәліметтер мен құжаттарға рұқсат берілген кәсіпорынның қызметкерлері рұқсат алардан бұрын нұсқау алады және кәсіпорынның коммерциялық құпиясын сақтау туралы жаднамамен танысады. Жаднаманы қауіпсіздік қызметі әрбір кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып жасайды, оған директордың орынбасары қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.


Тест тапсырмалары
1. “Жаднама” сөзінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

А) заметка

В) памятка

С) примечание

D) замечание

Е) правила
2. Ауыспалы келер шақта тұрған сөзді табыңыз.

А) келемін

В) келер

С) келмек

D) келген

Е) келіпті
3. «Бұйрыққа қол қоймақпын» деген сөйлемнің баяндауышы келер шақтың қай түрінде тұр.

А) ауыспалы

В) болжалды

С) мақсатты

D) сұраулы

Е) болымсыз
4. Жаднаманы кәсіпорынның қандай қызметі жасайды?

А) ішкі қызмет

В) қауіпсіздік қызметі

С) әкімшілік қызмет

D) кадрлар бөлімі

Е) жеке құрам
5. Сөздің дұрыс жазылған нұсқасын табыңыз

А) жауабкершілік

В) жауапкершілік

С) жауапкерішілік

D) жаұапкершілік

Е) жауапкіршілік

20-сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет