Тақырып 7.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары БӨЖ тапсырмасы Тақырып мәселелерін ауызша талқылауға дайындалу.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыру барысында бағалау
Қазіргі мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың мәселелері
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу жетістіктерін бағалау
Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін жетілдіру бағыттары мен жолдары
Әдістемелік ұсынымдар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді зерттеуден бастау керек. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу жетістігін бағалау қағидаттарын нақты түсіну керек. Қоғамдағы инклюзивті білім беруді дамыту мәселесіне назар аударыңыз.
Тақырып8. Оқушының мотивациясын көтерудің тиімді әдістері БӨЖ тапсырмасы
Тақырып мәселелерін ауызша талқылауға дайындалу.
Төмендегі кез-келген тақырыптарға презентация дайындау
Оқушының мотивациясын көтерудің тиімді әдістері
Оқу мотивациясын дамыту жолдары
Мотивация және белсенді оқыту әдістері
Оқу мотивациясын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Пікір-талас тақырыбы:Оқу мотивациясының төмендеуінің себептері. Арттыру жолдары
Талқыланатын сұрақтар:
Мотивация дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз?
Мотивацияны арттырудың жолдары қандай? Мысал келтіріңіз?
Оқу мотивациясы мен оқыту мотивациясының айырмашылығы бар ма? Неде?
Не себепті оқушылардың оқуға деген ынтасы төмен болады? Оқушыларды ынталандырудың қандай әдістерін білесіз?