Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті



бет6/6
Дата10.03.2023
өлшемі46,27 Kb.
#73181
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
леуметтік-гуманитарлы ылымдар факультеті

Қорытынды
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар, қазіргі таңда педагогтардың барлығы өздерінің белгілі бір салада «білмейтіндіктерін» мойындап, әріптесінің көмегін қабылдай алмайды. Инклюзивті білім берудің «алтын ережесі» - топта жұмыс жасау, осыған педагогтарды даярлауда ерекше мән беру керек. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында, оның барлық субъектілеріне, яғни әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
- әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
- өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау;
- бір-біріне сыйластықпен қарау;
- көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны тыңдауға дайын болу;
- топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге тырысу.
Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс . Инклюзивті білім беру бойынша координатор жоғарғы дефектологиялық білімі бар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог, мұғалім-логопед, т.б.), инклюзивті білім беру саласында даярлықтан өткен және көру, есту, тірек-қимыл немесе интеллектуалды дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеген кез келген маман бола алады.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Абаева Ғ.А., Мукажанова Э.Т. Арнайы педагогика және психология негіздері. Электронды құрал. 2012.

  2. Абаева Ғ.А., Жангельдина И.Т. «Күрделі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың типтік арнайы бағдарламасы» - Алматы.

  3. Абаева «Церебральды паралич пен қосалқы бұзылыстардың үйлесуі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы бағдарламасы» Алматы., 2012.

  4. Абаева Г.А. Коррекционная работа в школе для детей с нарушениями зрения: оқу құралы.

  5. Андреева Л. В. Сурдопедагогика. – М.: Academia, 2005.

  6. Байтурсынова А.А. К вопросу о развитии научных исследований в специальном образовании РК. КазНПУ имени Абая. Серия “Специальная педагогика”. 2004.

  7. Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика; проблемалары мен даму болашағы. Алматы., 2008.

  8. Байтұрсынова А.А. Қазакстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне проблемары/ материалы междунар. Научно-практической конф. Современные научные исследования молодых ученых: проблемы, решения Астана.

  9. Баймуратова А.Т., Денисова И.А. Исследование обеспеченности коррекционных школ Казахстана учебными програм-мами//Вестник КазНПУ имени Абая. А., 2008.

  10. Басилова Т.А. Воспитание в ребенка раннего возраста сложным сенсорным или множественным нарушением. – М., 2002.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет