Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті



бет1/6
Дата10.03.2023
өлшемі46,27 Kb.
#73181
  1   2   3   4   5   6

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университеті.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті.
Педагогика және психология кафедрасы.
БӨЖ
Инклюзивті білім берудегі мамандардың мінеттері, даярлығы, сүйемелдеуі және қолдауы

Қабылдаған:Маг.оқ.Умбетова А.


Орындаған: Асылханқызы.М
Тобы:ЖХБ-111
Түркістан -2022ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Инклюзивті білім берудегі мамандардың міндеттері
2.2Инклюзивті білім берудегі мамандардың даярлығы
2.3Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту әдістері.
2.4Инклюзивті білім беруде педагогтарды қолдау және коррекциялық технологиялық әдіс.
2.5Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу білім беру саласында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қалыпты педагогикалық жағдайда білім алуға мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесін арнайы педагогика қарастырады. Арнайы педагогика – ғылымның теориялық әдіснамалық негіздерін; мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жетекші іс-әрекет типтерін; баланың қалыпты психикалық дамуының шарттарын; қалыптан ауытқыған жағдайдағы дамуын; дамудағы «бастапқы» және «екінші сатылық» ауытқуын; оларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелерін қарастырады. «Арнайы педагогика» атты оқулық «Дефектология» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған. Оның мазмұны арнайы білім беру жүйесі дамуының негізгі мәселелерін қамтиды. Оқулықтың - «Арнайы педагогика» курсын игеруде студенттерге арнайы білім беру жүйесінің ғылыми-теориялық, тәжірибелік мәліметтерін беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, педагогикалық технологияларды, коррекциялық-педагогикалық үдерісінің мазмұны туралы мәліметтерді меңгерту. Ұсынылған материалдардың мазмұны ғылыми әдебиеттер басылымдарда жарияланған еңбектер деректерін қамтиды. «Арнайы педагогика» курсын игеру барысында студенттер коррекциялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың жолдарымен танысады. Әрбір тақырыптың толық мазмұны, игерілген білімді тексеру сұрақтары, тапсырмаларды орындауға қойылатын әдістемелік нұсқаулар, білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі. Практикум сабақтарында арнайы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарының тапсырмалары талқыланады. Ұсынған оқулық болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық жоғарлатуға, дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалардың жас ерекшелік дамуының заңдылықтарын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту мен интеграциялаудың негізгі жолдары туралы теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

2.1Инклюзивті білім берудегі мамандардың міндеттері


ХХ ғасырдың басындағы белгілі неміс педагогы- дефектолог П.Шуман былай дейді: «Бала психикасының дамуы неғұрлым төмен болса, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болу тиіс». Осы айтылған сөзге назар аударсақ, Германияда жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін кәсіби тұрғыда дайындау ісі Еуропадағы мұғалімдерге арналған алғашқы семинария ашылған кезде және Берлин патшалығындағы саңырауларға арналған арнаулы мектептер (1812) ашылған кезден бастап калыптасқанын білеміз. Практикалық педагогикада екі жүз жыл уақыт бойы педагогикалық әрекетті құрамында мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, лингвистер, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту курсы бойынша арнаулы кәсіби дайындықтан өткен мұғалімдерден құралған энтузиастардың ұйымдастырып келгендігі белгілі. күні жоғары білім беру мекемелерінің көпшілігі арнайы педагогтар мен арнаулы психологтар даярлайтын бағдарламаларын ұсынуда. Оның дәлелі ретінде мына фактілерге сүйенеміз. АҚШ-та 230-дан бағдарламаны ұсына алатын арнаулы беретін мұғалімдер даярлайтын, қайта даярлықтан өткізетін ұлттық жүйе құрылған. Батыс Еуропалық педагогикалық білім беру жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтар даярлау бағдарламасынан басқа университеттерде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін міндетті арнаулы курстан ( 100-120 сағаттық) өткізу керектігі белгіленген. Совет ғасырдың аяғына қарай негізгі екі мамандық «Логопедия» және «Олигофренопедагогика» мамандығы бойынша оқыту бағдарламасын ұсынушы жуық (факультет, кафедра) педагогикалық университеттер қызмет атқарды. Бірақ «Тифлопедагогика» және «Сурдопедагогика» мамандары сирек даярланып, саны жеткіліксіз болатын. Сол кездегі арнаулы білім беру жүйесінде мамандардың саны артып, олардың 200 мыңға жуығы мұғалім-дефектолог мамандығын игеріп, арнаулы маман қызметін атқарады. Жалпы білімді қажет ететін оқушыларды оқытуда білікті кәсіби мұғалім-дефектолог жүзеге асыра алатын педагогикалық көмек түрлері қажет. Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық әрекетті жүзеге асыру үшін қарапайым педагогикалық дайындықтан өту жеткіліксіз.Арнайы педагогтың кәсіби әрекеті дәстүрлі түрдегі жүзеге асатын мұғалім әрекетінің негізінде құрылып, әлеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық, кеңес беру-диагностикалық, психотерапиялық қызметтің түрлерімен ұштасып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру мүмкіндігі мен әлеуметтік бейімделуін, арнаулы білім берудегі интеграциямен байланысты құрылады. Қазіргі заманғы арнайы білім беру жүйесі педагогикалық мамандықтардың таңдауынан тұрады: тифлопедагогика – соқыр және нашар көретін балалар педагогы (тифлопедагог) біліктілігін игерген педагог; сурдопедагогика саңырау және нашар еститін балалар педагогы (сурдопедагог) біліктілігін игерген педагог; олигофренопедагогика – ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар педагогы (олигофренопедагог) игерген педагог; логопедия- логопед біліктілігін игерген педагог; Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың денсаулығы мен өмір сүру әрекетін қамтамасыз етудегі психологиялық көмек түрлерін ұйымдастыру үшін арнаулы психология мамандығы бойынша психологтар дайындалады. Аталған педагогикалық мамандықтарды игеру көрсетілген типологиядағы мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, ересектермен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы мамандықтар бойынша күрделі кемшілігі бар тұлғаларды мен тәрбиелеу ісіне байланысты жоғары біліктілік бойынша қызмет көрсете алады. Мұғалім-дефектологтар арнаулы білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі, арнаулы мектеп, кәсіптік білім беру), психологиялық-медициналық- әлеуметтік, реабилитациялық, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарында, логопедиялық қызмет көрсету мекемелерінде, жалпы негіздегі білім беру мекемелерінде, балалар үйі мектеп- интернаттарында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категориясына сай коррекциялық-педагогикалық түрлерін және оларды жеке мен тәрбиелеу, үй жағдайында тәрбиелеу ісін ұйымдастырады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі интеграциялы және дифференциалды оқытуды жүзеге асырудағы қызмет түрлерін атқарушы арнайы педагогтардың ерекше қажеттіліктері байқалып отыр. Мұғалім-дефектолог үшін түзете-дамыта оқыту және компенсациялы сыныптарындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу ісін құзіретті түрде ұйымдастыру ешқандай қиындық туғызбайтыны анық. Арнайы педагог осындай кәсіби қасиеттерді бойына дарыту үшін терең де, жан-жақты білімді игереді. Арнайы педагогтың ғылыми және тәжірибелік білімді үйлесімді түрде, біртұтас процесс түрінде қалыптастыруда антропологиялық қағида басшылыққа алынады. Бұл қағида қалыпты адам және оның әлеуметтенуін анықтау мен интеграциялау үшін қажетті білімді, одан кейін мүмкіндіктің шектелуі кезіндегі дамуды нақтылаудағы арнаулы педагогикалық білімді қолдануды қажет етеді.Арнайы педагог өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, мейірімді, бастамашыл, шығармашылық қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның адамның құндылығы мен қажеттілігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру әрекеті маңызды. Арнайы педагогтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың орны мен олардың қоғамдағы ролін белгілеуге бағытталады. Маман иесінің оптимистік көзқарасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдағы белсенділігін айрықшалауда нақты байқалады. Оның кәсіби тәжірибесі түрлі ұжымдағы оқушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, студенттер, жастар конфессионалдық және қоғамдық ұйымдардағы кәсіби біліктілікпен ұйымдастырылған әрекетті қамтамасыз етеді. Арнайы педагогтың кәсіби, іскерлік айқындаушы қызмет түрлері мыналар: дамудағы кемшілікті алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес беру, арнайы педагогикалық ағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғары оқу орнында немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы педагогика ғылымының шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім-дефектолог өзінің міндетті қызмет шектелмейді, себебі оның кәсіби әрекеті әлеуметтік қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуды, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен өмірін қорғауды қажет етеді. Арнайы педагог өмір бойы үйренумен шыңдалады. Тәжірибе барысында кәсіби шыңдалу әрекетін ұйымдастыру кезінде өзінің әріптестерімен, ата-аналармен, ұжым мүшелерімен өзінің кәсіптік тәжірибесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қабілеті мен кәсіби мүмкіндіктерін арттырып отырады. Арнайы педагогтың кәсіби әрекеті адамның денсаулығы мен жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын анықтайды. Байланысты мамандық таңдауда қандай да жағымсыз жағдайлар болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі түрлі аурулар, есту, көру, сөйлеу органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби шыңдауға кедергі болатыны анықталған. Арнаулы мамандар, соның ішінде логопедтер анық, таза, мәнерлі сөйлеулері Арнайы педағог үшін қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік, жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің жұмысына деген қызығушылықтың жоғарылығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүреуге деген қызығушылықтарын білу, оқушылар тәрбиеленушілерге жылы жүрегін ұсына білу, шындықты қалайтын сыйластық қажет. Білім беру ісімен айналысуда жалпы педагог мамандарға тән сапалық қасиеттердің құрамы міндетті түрде коммуникативтік құзіреттілік, қарым- қатынасқа түсудегі тиімділікті сезіну қабілеті екендігін есескерсек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет