Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



бет4/5
Дата15.11.2022
өлшемі2,13 Mb.
#50365
1   2   3   4   5
Байланысты:
леуметтік-гуманитарлы ылымдар кафедрасы

Қарахан кесенесі. Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Шах-Махмуд Бұғра Қарахан (Сатұқ Боғра хан) қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына дейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған.

Қарахан кесенесі

Алаша хан кесенесі. Ұлытау өңіріндегі көптеген сәулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік тұлғалы туындысы Алаша хан кесенесі. Алаша хан кесенесі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің жағасында биік жотаның үстінде тұр. Кесенесінің нақты қай кезде салынғаны белгісіз. Ғалымдар кесенені Қарахан әулеті заманында (X-XIII ғғ.) салынған сәулет өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Кесененің биіктігі — 10 метр. Ол күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Кесененің сырты әр түрлі кірпіштерден геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.

Алаша хан туралы көптеген аңыздар бар. Қазақ аңыздарында Алаша хан түркі тайпаларының басын қосқан хан ретінде танымал. Ғалым Шоқан Уәлихановтың жазбаларында мынадай жолдар кездеседі. «Түркістанның Қызыл Арслан деген ханы баласы алапес болып туылғандықтан, оны ұнатпай «Алаша» деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға жер аударып жібереді. Бала өсіп ержеткен соң, оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі артады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, жұрт оны қадірлеп хан көтереді».




Алаша хан кесенесі

Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелері. Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аталған аңыздың түрлі нұсқалары бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XI ғасырдың танымал ғалымы мен ақыны Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған. Ол өмірден озғанынан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене оның құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның тәрбиешісі бұған келісім берген жоқ. Содан кейін қыз бала алдап-арбаумен Тараз қаласына қоныс аудартылды. Өкінішке орай, әмірші онымен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Қыз баланың өмірден озуына байланысты қайғыға салынған Қарахан дәл сол жерде ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі кесененің сақтаушысы болды және қайтыс болғанынан кейін Айша Бибіден 20 қадам жерде Бабаджа-Хатун кесенесінде жерленді.


Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелері

Сәндік қолданбалы өнер Қарахан әулеті заманының өнері көбінесе, ыдысты өрнектеу, зергерлік және сәулетшілікте айқын көрінді. Үйлерді сәулеттендіру, безендіру құрылыс материалдарымен (сары топырақ, кірпіш, ганч, т.б.) және олардың өңделу технологиясының жетілдірілуімен байланысты болды. Шеберлер тегіс қабырғаны кірпішті қырынан, жалпағынан, тігінен, жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы белгілі бір сурет бедерлермен көркем өрілім түзген. Бейнелі қалау осылайша қалыптасты. Қарахан әулеті заманының өнерінде оюлы, жылтыратылған кірпіштер кеңінен қолданылды. Бұл сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Халықтық қолөнерге мейлінше жақын ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты сәулеттік декордың бұл саласы фактурасының ақ түсімен, күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызатындықтан кең қолданылды. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылатындықтан көбіне ғимараттардың ішкі еңсесін әсемдеуге қолданылып, ғимараттың сыртына оюлы терракота пайдаланыла бастады.

Қолданбалы өнерде керамика мен терракотаны, оймыштау мен әшекейлеу әдісімен нақыштау одан әрі жалғастырылды. Бедерлеу, кесу, жапсыру, т.б. әдістер арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары (Тараз моншасы), ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары, т.б. Қарахан әулеті заманының өнері мұралары орта ғасырдағы қазақ сәулет өнері мен сән және қосалқы өнерінің даму кезеңдерін көрсетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет