Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



бет1/6
Дата21.12.2023
өлшемі272,51 Kb.
#142348
  1   2   3   4   5   6



«Астана медицина университеті» АЕҚ



C-8,2




Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

11 беттің беті






СИЛЛАБУС
Fil 2102 «Философия» пәні бойынша

В10119 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Дәріс: 5 сағат

Практикалық сабақтар: 45 сағат


ОБӨЖ: 50 сағат


БӨЖ : 50 сағат


Барлығы: 5 кредит (150 сағат)


Курс: 2

Астана, 2023ж.



  1. Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Қызметі, ғылыми атағы

Телефоны, электрондық адресі.

1

Қолғанатова Света Бөлекқызы

аға оқытушы, магистр

kolganatova.s@ amu.kz
тел.: 87073949473

2

Рахимжанова Бактыбала Хазирқызы

аға оқытушы, магистр

rahimzhanova.b@ amu.kz
87718343449

3

Бектаева Меруерт Баймахановна

аға оқытушы, магистр

Bektayeva.m@amu.kz
87477103266



2. Байланыс ақпараты:
Кафедраның мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 53 корпус, 5 қабат, 501 кабинет. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы . тел. 31-95-31


3.1 Пән саясаты:
Дәріске және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысу;
Қорытынды рейтингте дәрістерден себепсіз қалған жағдайда әрбір жіберілген дәрістерден 1 балл алынып тасталынады;
Оқу процесіне белсенді қатысу;
Өзіндік жұмыс тапсырмаларын уақытында орындау;
Сабаққа кешікпеу;
Сабақ уақытында басқа жаққа көңіл бөлмеу;
Ұялы телефондарды өшіріп қою;
Сабақтан қалмау, егер сырқаттануға байланысты қалып қойса, деканаттан сабаққа қатысуға рұқсат қағазын алып келу;
Қалып қойған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында тапсыруы;
Дәріс залына және оқу аудиторияларына кіргенде міндетті түрде медициналық халат болуға тиіс;
Барлық қалдырған сабақтарға өтеу тегін түрде жүргізіледі.
Себепсіз қалған жағдайда –журналға (педагогикалық, өтеу) 0 балл қойылады;
Себепсіз қалған күндердегі сабақтар 2 күнтізбелік аптада өтелуі тиіс;


3.2. Академиялық адалдық саясаты: Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.
Академиялық адалдық принциптері:
1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;
2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;
3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;
4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері.
1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).
2. Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).
3. Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).
4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптінде жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету).
5. Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.
6. Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).
7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.
8. Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;
9. Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет