Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек
Жұмабай Гүлзира Қасым Айнұр Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ү кіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер; 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы; 3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
1) жеке басын куәландыратын құжатты; 2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты; 3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді; 4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді; 5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды: Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту: 1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған; 2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған; 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
1. Жан басына шаққанда орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен қоса төмендегідей құжаттар өткізеді
1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
2.Отбасы құрамы туралы мәлімет (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі)
3.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.
4.Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлімет.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының осы көмекті алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді.
2. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2006 жылдың 1- қантарынан төленеді. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы отбасының орташа табысы жан басына шаққанда белгіленген азық-түлік себетінің құнынан аспаған жағдайда тағайындалып төленеді. Жәрдемақының мөлшері 2082 тенге, яғни 1,5-айлық есептік көрсеткішке тең.
Керекті құжаттар
1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
2.Отбасы құрамы туралы мәлімет (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі)
3.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.
4.Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлімет.
3. Тұрғын үйді күтіп ұстаудың нақты төлемі мен тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегіндегі төлемінің шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асып тұрған жағдайда тұрғын үй көмегі беріледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мынадай құжаттар тапсырылады
1.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
2.Бөлмелер саны, алатын аумағының өлшемі көрсетілген мәліметтері бар тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі
3.Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі
4.Өтініш берушінің кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама
5.Соңғы үш айдың коммуналдық қызметтері үшін төленген түбіртектерінің көшірмесі
Тұрғын үй көмегі құжаттарды тапсырған айдан бастап 1-жыл мерзіміне тағайындалады, кейіннен әр тоқсан сайын табысы туралы анықтама және тұрғын үй коммуналдық қызметтері үшін төленген түбіртек көшірмелерін өткізіп отыру керек.