Әлеуметтік желінің бала өміріне қауіп-қатері



Дата07.01.2022
өлшемі354,36 Kb.
#20564
Байланысты:
Слайд

Әлеуметтік желінің

бала өміріне қауіп-қатері


Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері

Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы негізді емес, сондықтан:
  • Балалардың сындарлы ойлауын қалыптастырып, ғаламтордағы ақпараттың барлығы шынайы емес екенін түсіндіру керек;
  • Баланы ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыруға үйретіңіз;
  • Балаларды түрлі жолмен ақпарат іздеуге үйретіңіз.

  • Ғаламторда ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда:
  • Баламен дін туралы сөйлесіңіз, басқалардың сенімін сыйлауға үйретіңіз;
  • Баланы жағымсыз, зиянды ақпараттарды тануға, ондай ақпараттардан бойын аулақ ұстауға үйретіңіз;
  • Қорғаудың бағдарламалық құралдарына бақылаудың қосымша элементі деп қараңыз.

  • Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
  • Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;
  • Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде, әдеп сақтап, сыпайы болуын талап етіңіз;
  • Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;
  • Спам хаттарды кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ.
  • Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым салыңыз;

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (7-10жас):
  • Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.
  • Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.
  • Өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесетін болсын.
  • Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.
  • Бұл жаста хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз.
  • Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.

  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын

Орта буындағы балалардың ата-анарына кеңес (10-13жас)
  • Өзі туралы ақпараттың құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз;
  • Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз;
  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек;
  • Балаңыздың эклекронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін талап етіңіз;
  • Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз.

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (14-17жас)
  • Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін бақылаңыз;
  • Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз;
  • Өзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз.
  • Балаға спамнан қорғануға көмектесіңіз;
  • Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз;
  • Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын болсын;
  • Балаңызбен құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз.

Қауіпсіздікті көтерудің алғашқы қадамдары:
  • Компьютердің бағдарламалық жабдықтарының лицензиялары болатын болсын;
  • Антивирустық бағдарламалар орнатыңыз;
  • Антивирустық бағдарлама базасының үнемі жаңарып отыруын қадағалаңыз;
  • Компьютерді үнемі вирусқа тексеріп тұрыңыз. Спам-сүзгі орнатыңыз;
  • Өзіңіз білмейтін қолданушыдан келген хатты ашпаңыз;
  • Спамды басқа адамдарға жібермеңіз.

  •  

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС!

Бірінші кезекте баламен сенімді қарым-қатынас болу қажет! Ол сіздермен бәрін бөлісуге және барлығын айтуға тиіс!

Күнделікті балаңызбен оны не мазалап жүргені туралы сөйлесіңіз және оны бірге талқылаңыз!

Бөгде адамдардың балаңызға көңіл білдіруіне және аяушылық танытуына жол бермеңіз.

Балаңызды жиі мақтаңыз, жетістіктеріне жиі қуаныңыз, өзіндік бағасын және өзіне деген сенімділігін көтеріңіз!

Жасөспірімдерге қысым көрсетпеңіз, оның өте үлкен нәтижелерге қол жеткізуге шектен тыс талаптар қоймаңыз! Балаңыздын көзінше оның сабақ үлгеріміне теріс баға бермеңіз.

Отбасылық жан-жалдарға балаларды араластырмаңыз!

Балаңызды жаман айқайдан және қорлаудан қорғаңыз!



Қандай жағдай болмасын балаңызға қол жұмсамаңыз!

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет