Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология»


Дәріс №6. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері



бет11/31
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52085
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Технология 15 дәріс

Дәріс №6. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері


Жоспары

  1. Басқару әдісінің ұғымы

  2. Басқару әдістерінің классификациясы, принциптері

Басқару – бұл жүйелі, қоғамға арнайы ұйымнан ықпал, яғни оның мақсаты әлеуметтік іс- әрекет құрылымын өзгертіп, жаңарту. Қоғамның нақты және күрделі мәселелерін шешудегі түрлер мен әдістер арқылы ықпал етуге болады. Ықпалдың мақсаты – объектілер, субъектілер, құбылыстар мен әлеуметтік процестерді функционалдау. Осыған орай, біз ерікті немесе еріксіз түрде әлеуметтік процесстерді технологизациялауға тап боламыз, бұл дегеніміз:



  • өзара байланысқан процессті этаптарға, фазалар мен операцияларға бөлшектеп, шектеу.

  • Нақты нәтижеге жету үшін іс- әрекеттерді координация мен этаптарға бағыттау.

  • Технологияға қосылған процедуралар мен операцияларды бір мағыналы орындау.

«Әлеуметтік технологиялар» термині біздің отандың қоғамымызда жақында пайда болды, бірақ елде әлеуметтік технологиямен айналысқан жоқ деп те айтуға болмайды.Ол үшін әлеуметтік технология мен әлеуметтік басқарустадиясын салыстырайық:

  • Әлеуметтік технология:

  • Теологиялық негіздеу;

  • Технологиялық процедуралар;

  • Технологиялық құралдар;

  • әдістер мен критерийлер;

  • экономикалық- гуманитарлы қамсыдандыру;

  • ішкі енгізу этаптары.

  • Әлеуметтік басқару:

  • басқару мәселелерін қою;

  • керек ақпараттарды жинау;

  • шешім қабылдау;

  • қабылданған шешімнің орындаған ұйым;

  • бақылау.

  • Әлеуметтік технологияларды классификациялау әр түрлі негізге байланысты жүеге асырылады: деңгейге, түрлерге, қолдану аймағына байланысты және т.б. Ол әдістер мен білімді пайдалану арқылы, объектілерді (құбылыс, топ адамдар т.б.) дифференциациялау арқылы базаланады. Олардың әр біреуіне анық белгіленген ықпал жасауға болады. Оның мақсаты әрі қарай функционалдау мен дамытып жаңарту.

  • Басқару мамандары әр түрлі әлеуметтік технологияларды бөліп қарастырады:

  • Әлуметтік технология көлеміне байланысты қоғам мәселесін шешеді. Ол әлемдік даму тенденциясын олардың білімдері мен әдістерін шешуге бағытталған.

  • Инновационды әлеуметтік технология бұл қоғам өмірінің әлеуметтік сапасын өзгертуде жаңа материалдық және басқа да ресурстарды қолдану.

  • Аймақтың әлеуметтік технологиясы белгілі бір ұйымның әлеуметтік өмірінің территориалды заңдылықтарын зерттеп, оны іске асыруға бағытталған.

  • Ақпаратты әлеуметтік технология ақпараттың процесстердің функционалдау және оптимизациялау әдістері мен түрлерін қамтиды.

  • Интеллектуалды әлеуметтік технология бұл адамның шығармашылық қабілетінің дамуына бағытталған.

  • Тарихи әлеуметтік технология технологияның саяси, рухани, экономикалық, тарихи заңдылықтарын білімдерін әлеуметтік диагностикалау.

  • Демографиялық әлеуметтік технология халық құрамын, санын, оның орналастыру әдістерін зерттеуге бағытталған.

  • Саяси әлеуметтік технология саяси мәселелерді шешіп, оны жүзеге асыру.

  • Психофизиологиялық әлеуметтік технология бұл адамның ішкі факторларын өзгертуге бағытталған, яғни бұл технология халыққа әлеуметтік медициналық қызмет көрсеткенде қолданылады.




  • Қоғам өмірінің әлеуметтік технологиясы әлеуметтік жұмыстың тәжірибесінде базаланады. Ол әлеуметтік ғылымдардың ашылуымен байланысты, мысалы: әлеуметтану, әлеуметтік жұмыстың технологиясы, басқару теориясы, құқық, педагогика, валеология және т.б.

  • Әлеуметтік жұмыстың технологиясын анализдегенде, әлеуметтік жұмыс- бұл әлеуметтік жүйе түрлері, адамдармен,олардың арасындағы қарым- қатынасын жасайтынын ескеру қажет. Әлеуметтік жұмысты оқу процесі ретінде қарастырғанда әлеуметтік технология әлеуметтік жұмыстың толық мағынасын ашады, яғни оның негізіне бағытталған, құралдарын, әдістері мен ұйымдарын.

  • Технологияның оқу процесі стандартқа негізделген, яғни өзнің программасы, жоспары және оқу тәртібі бар. Сонымен қатар, оқу формасын таңдауға болады (күндізгі, сырттай оқу, кешкі оқу).

  • Ресей мен Шет елдегі теория мен практикасыхалықтың түрлі топтарға бағытталған әлеуметтік жұмысты көрсетті. Бұл дегеніміз әлеуметтік бақылау, әлеуметтік профилактика, әлеуметтік терапия, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет ету. Әлеуметтік жұмыстың технологиясын жалпы (барлық объектілер) және жеке (асыраушы) етіп қарастыру қажет. Мысалы: зейнеткерлерді үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Мемлекеттің көрсететін көмегі:

  • Үйге азық- түлік жеткізу;

  • Медициналық жағдайлармен көмек көрсету;

  • Тазалыққа сәйкес үй- жай мен қамтамасыз ету;

  • Құжаттарды рәсімдеу, әлеуметтік көмек көрсету;

  • Дүниеден өткен жалғыз басты қарттарды жерлеуге материалдық көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет