Әлеуметтік әдіс - саяси шынайылықты зерттеудің анағұрлым іргелі әдістерінің бірі. Ол белгілі бір жалпы-әлеуметтік теорияға негізделуі керек: саяси шынайылықтың (қондырманың) қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан қатаң тәуелділігін анықтайтын қоғамдық дамудың марксистік тұжырымы; саяси дамуды көп факторлы процесс ретінде қарастыратын әртүрлі позитивтікмектептер; әртүрлі елдердегі саяси процестерді тұйықталған жүйе ретінде қарастыратын қоғамдық дамудың тарихи-мәдени түжырымдамасы. Әлеуметтік әдістің құндылығы оның саяси өзгерістердің себебін тереңнен іздеуге негізделген қайнар көзі ретінде адамдардың әлеуметтік жіктемелілігінен шығатын мүдделер алуандығы. Бұл әдіс негізгі әдістердің бірі ретінде саяси ғылымда да және саясаттанудың саласы ретінде өзіндік білім жүйесімен енді қалыптасып келе жатқан саяси әлеуметтануда да кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдістер Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады.
Дәріс №5. Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның классификациясы
Жоспары Әлеуметтік жұмыс әдістері.
Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби әдістері әр түрлі болып келеді. Олар былай топтастырылады:
Әлеуметтік жұмыстың формасы мен бағыты (ұйымдық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экологиялық)
Әлеуметтік жұмыс объектісі бойынша (жеке, топтық, жалпы)
Әлеуметтік жұмыс субьектісіне (жеке мамандықты қолданумен әлеуметтік әлеуметтік қоғам ұжымы, әлеуметтік жұмысты басқару органы.
Әлеуметтік жұмыс басқа объектілер бойынша да топтастырылады. Топтарға жеке әлеуметтік қызмет жатады. Бұл топтастыру әдістері бір жағынан жалпы ғылымдық жоспарда қолданылады, екінші жағынан әлеуметтік жұмыс әдістерін жасайды. Әлеуметтік жұмыста көптеген әлеуметтік әртүрлі әдістер бар: мәлімет жинау, оны өңдеу, эмпирикалық зерттеу, теоретикалық жобалау. Ал екінші жағынан клиенттің әлеуметтік мәселесін шешудегі әдістерді қолданады.
Әлеуметтік жұмыс әдістері: