Артериалды қысымның жоғары көрсеткіші (АҚ), артериалды гипертензия (АГ)
Қосалқы аурулар, ісіну және инфекциялар (диабет, инсулинорезистенттілік, ревматоидты артрит, ағзалардың белгісіз себептерден асқынуы)
Гиперхолестеринемия
Гипергликимия
Өмір сүру салты (Темекі шегу, майлы тамақтану, аз қимылдау)
Статистика
Жүрек аурулары 20 жылдан бері бүкіл әлемде өлімнің жетекші себебі болып келеді.
Алайда, олар ешқашан бүгінгідей көп адамның өмірін қиған емес.
2000 жылдан бастап жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім саны 2 миллионнан асып, 2019 жылы 9 миллионға жетті.
Бүгінгі таңда жүрек аурулары әлемдегі барлық өлімнің 16% құрайды.
Елімізде 2020ж деректер бойынша өлім себептерінің арасында бірінші орында қан айналымы жүйесі ауруларына байланысты өлім-жітім тұр (36,6 мың адам). Ол жалпы өлім-жітімнің 22% үлесін алады. 2019 жылмен салыстырғанда инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиядан болатын өлім-жітім саны 6,3 мыңға (+ 20,6%) артты.